2018 жылы WhatsApp кейбір смартфондарда қолжетімсіз болады
2018 жылы WhatsApp кейбір смартфондарда қолжетімсіз болады

WhatsApp мессенджері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кейбір операциялық жүйелерден бас тартпақ, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі belta.by-ға сілтеме жасап. 

Нақты айтқанда ОС Windows Phone 8.0 (немесе одан да ескі), BlackBerry OS немесе BlackBerry 10 жүйелерімен жұмыс жасайтын смартфондарда жұмыс істеуі тоқтатылады. Сонымен қатар Nokia S40 жүйесінде де өшіріледі. Ал 2020 жылға қарай WhatsApp ОС Android 2.3.7 және одан да ескі жүйелермен жұмыс істейтін смартфондарда да өшіріледі. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Қолданушыларға Android, iPhone немесе Windows Phone-ның жаңа нұсқасына көшуге кеңес береді.

ДәуренДәурен
24 күн бұрын 315
0 пікір