Әлемдегі алғашқы ұшатын автокөлік сатылымға шықты
Әлемдегі алғашқы ұшатын автокөлік сатылымға шықты

Жерде ғана қозғалып қоймай, әуеде де ұша алатын автокөлікті голландиялық PAL-V компаниясы әзірледі. Жақында автокөлік Швейцарияның халықаралық автосалонында ұсынылды.

Бұл туралы YouTube каналында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.

Әуе көлігі сыртынан қарағанда тікұшаққа ұқсайды. Бірақ бұл жаңа техника тек ұшуға емес, сондай-ақ жерде қозғалуға да арналған.

Әзірлеушілердің айтуынша, ұшатын автокөлік үш жарым мың метр биіктікке дейін көтеріле алады. Әуеде көлік жылдамдығы сағатына 180 шақырымға дейін жетсе, жердегі қозғалысы 160-қа жетеді екен.  Көлікті әуеде немесе жерде қолдану үшін оны қолмен басқарады.  Ол орта есеппен 10 минуттан да аз уақытты алады.

Айта кетейік, әуеде ұшатын PAL-V Flying Car автокөлігі алдын-ала тапсырыс беру үшін қол жетімді. Дегенмен, бұл техниканы басқару үшін, көлік иесінде ұшқыш лицензиясы болу керек. Әзірлеушілер  құны 300 мың еуродан басталатын әуе көлігінің екі түрін өндіруді жоспарлап отырмыз, дейді.

ДәуренДәурен
7 ай бұрын 819
0 пікір
Блог туралы
0
275869 28 51 83 9