Әлеуметтік желілер адам денсаулығына қалай әсер етеді?
Әлеуметтік желілер адам денсаулығына қалай әсер етеді?

Ұлыбританияда #StatusOfMind жобасы шеңберінде мамандар қандай әлеуметтік желінің адам денсаулығына көбірек зиянын тигізетінін анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі politeka.net-ке сілтеме жасап. 

Осы орайда мамандар ең танымал бес әлеуметтік желіге талдау жүргізген.

14 және 24 жастағы 1500-ден астам адам ақпан айынан мамырға дейін әлеуметтанушылардың сұрақтарына жауап беріп, әртүрлі жағдайларға талдау жасаған.

Сарапшылардың алдында әлеуметтік желілер адамның денсаулығына қалай әсер ететінін анықтау тапсырмасы тұрды.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, YouTube видеохостингі адамның денсаулығына зиянын тигізбейтін платформа ретінде бағаланған. Ал екінші орында Twitter, үшінші орында — Facebook, төртіншіде — Snapchat тұрған. Тізімнің ең соңында Instagram қалыпты.

Instagram қолданушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бұл желінің ашушаңдық пен күйзеліске ұшырататынын, әрі бұл желі келеке ету алаңына айналып бара жатқанын көрсеткен.

Сонымен бірге, мамандар әлеуметік желілерде екі сағаттан артық отырмау керектігін айтады.

 

ДәуренДәурен
2 жыл бұрын 1910
0 пікір
Блог туралы
0
473286 30 54 112 10