АЛЛЕРГИЯДАН БІРЖОЛА ҚҰТЫЛУ МҮМКІН БЕ?
АЛЛЕРГИЯДАН БІРЖОЛА ҚҰТЫЛУ МҮМКІН БЕ?

Айгүл Амангелдіқызы, ҚР Президент ісі басқармасының медицина орталығының дәрігері, жоғары санаттағы аллерголог дәрігер:

– Егер, аллергияны тудыру себебін анықтай алсақ, әрине, құтылу мүмкін. Яғни, аллергия туындау себебін анықтау деген бұл емдеуге бет бұру деген сөз. Бұл иллюминациялық терапия деп аталады. Егер, аллергенге әсер етуші себеп болмаса, онда аллергияның өршуі де болмайды. Ал, егер, аллергия тудырушы зат ауада болса, тұрмыста жиі қолданылатын дүниеде болса, онда вакцинация жасалады. Сондықтан, бұл кеселге қарсы тұруға әбден-ақ болады.

Егер, бұл аллерголог мамандармен жасалатын вакцина болса, онда бұл еш жағдайда да бір ғана укол бола алмайды. Себебі, аллергияға қарсы емдеу шаралары бүтіндей бір курсты қамтиды, яғни, бірнеше жыл бойы қыс мезгілінде сатылы түрде сызбаға сәйкес вакцина жасалады. Әрі десе, бұл тек маусымдық және тұрмыстық аллергияға ғана қатысты. Ал, егер, сіз иммунитетті төмендетіп, керісінше, адам денсаулығына зиян келтіретін қандай да бір дәрілік зат жайында айтып отырсаңыз, онда бұл дәріханаларда рецептісіз берілетін «Дипроспан» болуы керек. Оны адамдар дәрігердің белгілеуінсіз сатып алады да, өздері сала береді. Соның салдарынан иммунитет төмендеп, онкологиялық ауруларға алып келуі және асқынулар тудыруы мүмкін. 

Baq.kz 

ДәуренДәурен
4 ай бұрын 555
0 пікір
Блог туралы
0
240379 28 51 83 9