Австриялық дизайнер смартфонға тәуелділіктен арылтатын құрылғы ойлап тапты
Австриялық дизайнер смартфонға тәуелділіктен арылтатын құрылғы ойлап тапты

Австриялық сәнгер Клеменс Шиллингер смартфонға тәуелділіктен арылуға көмектесетін құрылғы ойлап тапты, – деп хабарлайды Росбалт басылымына сілтей отырып Stan.kz.

Смартофнды алмастыратын құрылғы тастан жасалған моншақтары бар пластиктен дайындалады екен. Смартфон экранында жасауға болатын әрекеттің барлығы аталған құрылғыға енгізілген. Бірақ құрылғыда қоңырау шалу, инертентке қосылу мүмкіндіктері жоқ.
 
Құрылғыны ойлап тапқан маманның сөзінше, мұндай құрылғы адамдарға смартфонды сирек қолданып, тәуелділіктен арылуға көмектесетін көрінеді. Ал құрылғыдағы тас моншақтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы адамның жүйке жүйесі тынышталады екен.
ДәуренДәурен
8 күн бұрын 296
0 пікір
Блог туралы
0
123435 27 50 64 9