Ғалымдар таза ауа планета үшін қауіпті екенін айтты
Ғалымдар таза ауа планета үшін қауіпті екенін айтты

АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия мен Германияның бір топ ғалымы ауаны зиянды заттардан тазарту жаһандық жылынуға әкеліп соқтыратынын айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап. 

Зерттеу нәтижесі Geophysical Research Letters журналында жарияланған.

Ғалымдар климаттың өзгеруі кезінде аэрозольдардың (күкірт қышқылы мен күйенің) жоғалуын қарастыратын бірнеше үлгіні жасаған.

Нәтижесінде, атмосфераны зиянды қалдықтардан - көміртегі диоксидінен тазарту парниктік эффектіні күшейтіп, орташа температураны 0,5-1,1 градус Цельсийге жоғарылататыны белгілі болған.

Айта кетейік, аэрозольдар күн радиациясының біраз бөлігін жұтатын, қорғаныш барьерін атқарады. Сондықтан да осындай тосқауыл болатын қабатынан айырылған атмосфера тезірек жылынып, қуаңшылық пен су тасқындарына себепші болмақ.

ДәуренДәурен
2 жыл бұрын 1675
0 пікір
Блог туралы
0
473781 30 54 112 10