Google позволяет разработчикам читать вашу почту. Как это прекратить
Google позволяет разработчикам читать вашу почту. Как это прекратить

Вполне вероятно, что письма в вашем почтовом ящике Gmail читает кто-то еще. Причем разрешение на это — вероятно, даже не догадываясь об этом — дали вы сами. О том, как такое возможно, написала накануне газета The Wall Street Journal.

Сама Google некоторое время назад объявила, что перестает сканировать пользовательскую переписку. Однако компания не запретила делать это разработчикам приложений для Gmail — программных дополнений, расширяющих функциональность почтового сервиса.

По данным газеты, многие разработчики этой возможностью активно пользуются, причем речь идет не только об автоматическом сканировании — многие позволяют сотрудникам буквально читать чужие письма. Причем формально все законно: разрешение на доступ запрашивается при подключении приложения к аккаунту Gmail, но, как правило, спрятано глубоко в многостраничном пользовательском соглашении.

Больше всего интереса пользовательская переписка представляет для маркетинговых компаний, которые, чтобы получить информацию о предпочтениях людей, создают подключающиеся к Gmail приложения вроде инструментов для сравнения цен или автоматических планировщиков путешествий.

Насколько Google контролирует такое поведение разработчиков, неясно — компании стоило бы как минимум информировать клиентов, многие из которых вряд ли подозревают, что дают кому-то, включая живых людей, а не только компьютерные программы, доступ к своим письмам. Когда такой доступ есть, ничто не мешает повторению ситуации как в случае с Facebook и Cambridge Analytica.

Вот как можно узнать, какие приложения имеют доступ к вашему аккаунту Google (а, значит, и почте в Gmail). Для начала нужно перейти по адресу https://myaccount.google.com. В разделе "Безопасность и вход" в левом столбце выберите "Приложения, у которых есть доступ к аккаунту". Также можно сразу перейти по этой ссылке. На странице приводится список сторонних приложений с разрешениями и то, к данным каких сервисов Google у них есть доступ. Программы с доступом к Gmail могут читать вашу почту. Выглядит это так:

НИКОЛАЙ БЕЛКИН

Сіздің телефоныңыз тыңдалады және бұл паранойя емес

Vice.com сайтында жарияланған мақалада автор бұл құпияны қалай анықтағаны туралы баяндайды. Baq.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға осы мақаланың аудармасын ұсынады. 

Бірнеше жыл бұрын біртүрлі оқиға болды. Біз досымыз екеуміз барда отырғанбыз. iPhone-дарымыз қалтамызда еді. Сол отырыста біз Жапонияға сапарымыз туралы әңгімелеп, ол жаққа қайтадан барғымыз келетіні туралы айттық. Ал келесі күні Facebook әлеуметтік желісінде бізге Токиоға бағасы қолжетімді рейстер туралы жарнамалар келе бастады. Бұл алдымен бізге өте күшті кездейсоқтық болып көрінді. Бірақ кейін смартфондардың тыңдалатыны туралы әңгімелер есімізге түсті. Сонымен, бұл паранойя ма әлде смартфондар расымен тыңдалады ма?

Asterisk фирмасының киберқауіпсіздік мәселесі бойынша аға кеңесшісі және Эдит Коуэн университетінің бұрынғы ұстазы және зерттеушісі Питер Ханнайдың айтуынша, телефондар расымен де тыңдалады.

Смартфон сіздің әңгімелеріңізге құлақ асып, сіздің әңгімелеріңізді жазып алуы үшін оған белгілі бір механизм әсер етуі керек. Мысалы, ол Hey Siri немесе Okay Google болуы мүмкін. Бұл сөздер айтылмаса, ешқандай әңгіме жазылмайды және кейбір көрсеткіштер ғана қызмет көрсетуші компанияға жіберіледі. Әрине, бұл алаңдауға тұрарлық мәселе болып көрінбеуі мүмкін. Бірақ әңгіме Facebook секілді әлеуметтік желілерге жеткенде оның қауіпті екенін сезінуіңіз мүмкін.

«Кейде аудиомәліметтердің кейбір үзінділері Facebook секілді басқа да қосымшаларға жіберіледі, бірақ бұл туралы ресми дәйек жоқ. Сіз телефоныңыздағы белгілі бір қызметті қолданып жатсаңыз да, қолданбай, телефоныңызды жай ғана қасыңызда ұстасаңыз да смартфондағы микрофон барлығын жазып отырады да, ара-тұра ол жазбаларды пайдаланады. Ішкі қосымшалардың барлығы бұл мәліметтерді құпия шифрмен жіберетіндіктен, оны нақты анықтау қиын», дейді Питер.

Оның айтуынша, Facebook немесе Instagram секілді қосымшаларда аудиожазба жасайтын көптеген триггер бар. Оны белсенді етіп, іске қосу үшін кейде досыңызбен киім-кешек туралы әңгіменің өзі жеткілікті болуы мүмкін. «Мүмкін» деп отырғанымыз, мұндай технологияның бар екенін барлығы білсе де, Facebook секілді ірі компаниялар тұтынушыларды тыңдайтынын жоққа шығаруын қояр емес.

«Google бұл туралы ашық айтты. Басқа компаниялар ашық айтпаса да, тұтынушыларды тыңдайтыны анық. Олардың жазба жасамауға еш себебі жоқ. Бұл маркетингтік тұрғыда да маңызды. Әрі олардың өнімді қолдану туралы келісімінде де барлығы анық жазылған. Менің ойымша, олар телефонды тыңдайды, бірақ бұл туралы сенімді айту үшін қолымызда нақты дәлел жоқ», дейді Питер.

Осыны ескере отырып мен эксперимент жасап көрмек болдым. Мен 5 күннің ішінде күніне екі рет триггер ретінде қолданылуы мүмкін сөздерді қосып сөйлемдер құрастырып жүрдім. Кейде «Маған жұмысқа арзан жейде алу керек» деп айтып алып, Facebook лентасын мұқият қадағалап отырдым.

Бір айта кетерлігі, өзгерістер бірден байқалды. Маған кенеттен семестр ортасында түрлі университеттердегі курстар туралы ақпараттар мен арзан киім сататын брендтердің жарнамасы көріне бастады. Ал досыма интернет қорының бітіп жатқаны туралы жиі айтқан әңгімемнің әсерінен болуы керек, маған тіпті 20 гигабайтты арзан бағаға ұсынатын мәліметтер де келетін болды. Әрине, бұл тартымды жарнамалар болғанымен, мені қорқытқаны да рас.

Питердің айтуынша, аудио жазбалар арқылы алынған мәліметтер өмір бойы сақталып қалмайды. Ал 2018 жылдан бастап ешбір компания ондай мәліметтерді жарнама берушілерге сатпайтын болады. Бірақ жарнама берушілерге олардың ақпаратын көруі үшін біз туралы еш мәлімет керек емес екені анық.

«Бізде осындай мәліметтер бар деп таратудың орнына компаниялар оны құпияда сақтап қалатын болады. Себебі егер олай істесе, олар тұтынушыларынан айырылатынын біледі», дейді Питер.

Оның айтуынша, жоғары технологиялы компаниялар біздің мәліметтерді жоғары бағалайды. Дегенмен, бұл үкіметтік агенттіктерден қорғайды деген сөз емес. Көптеген техникалық компаниялар АҚШ-та екенін ескерсек, олар барлық мәліметтерді сұратуға құқылы.

Бір анығы – біздің телефондар бізді тыңдап жүреді. Тіпті, телефонның қасында отырып айтқан әңгімеміз де бізге қарсы қолданылуы мүмкін. Бірақ, Питердің айтуныша, көпшілікке бұдан қорқатын себеп жоқ.

Егер сіз журналист, заңгер немесе құпия ақпаратқа қатысы бар тұлға болмасаңыз, сіздің әңгімелеріңіз тек жарнама мақсатында қолданылады. Егер сіз достарыңызбен Жапонияға сапар туралы айтатын болсаңыз да, бұл жарнама берушілер үшін ғана керек.

Ағылшын тілінен аударған

Алтынай Қуанышбев

ДәуренДәурен
4 ай бұрын 1225
0 пікір
Блог туралы
0
292354 28 52 86 9