Идеологияны "Cola"дан үйрену керек
Идеологияны "Cola"дан үйрену керек

Біздің мемлекетте идеологияның заты тұрмақ, аты да жоқ! Мысалы "Кока-коладан" үйренетін дүние көп. Ол әлемдік деңгейдегі №1 сусын бола тұра, жүз жылдан астам тарихына қарамастан, өзін жарнамалауды ешқашан тоқтатқан емес.

Теледидарды қоссаң Кока-кола, әлеуметтік желіде тағы Кока-кола, аялдамада тағы сол Кока-коланың жарнамасы ілініп тұр, күтіп тұрған автобусыңның сыртына да соның плакаты жабыстырылған, тіпті, футболда да сол. Қай жерде адам бар - сол жерде Кола бар! 7 млрд адамның бәрі біледі, 6 құрлықтың бәрінде, тау мен тасында, құм мен суында бөтелкесі шашылып жатыр. Тіпті, Антарктидада да. Бірақ, сондай танымалдығына қарамастан, ол өзін насихаттауды тоқтатқан емес. Тоқтатпайды да. Өйткені ол өзін ұмыттыруға жол бермейді. Халыққа өзін жарнамаламаса - біраздан соң құрдымға кетеді. Сол себепті де ол еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін өзін жарнамалайды. Ал адамдар дүкенге барғанда ойланбастан шөлін қандыру үшін Кола алады. Көбісі. Тіпті ішпеймін деген жанның өзі өмірінде кемі он бөтелке Кола ішкен. Оның барлығы Коланың жарнамадан қаржы аямауының, бейсаналық тұрғыдан бізге туа сала код енгізіп тастауының әсері.

Ал енді бізде қалай? Туа сала балаға: "Бұл сенің жерің, бұл сенің елің, бабаңнан қалған мұра, бұл сенің тілің, оны құрметте, сүй, насихатта" деп күн сайын айтудың орнына, "біз көпұлттымыз, толерантты бол, толерантты бол" деп қақсай береді, қақсай береді.

Бала деген шыбық сынды. Қалай исең, солай иіледі. Біз оны өз бағытымызға бұрудың орнына, одан қашып жүрміз. Не үшін? Өзге этностың ойынан қорқып жүр ма?! Несіне қорқасың! Қазақтың жерінде тұрып жатқан барлық адам (ұлтына қарамастан), бұл елдің заңына бағынуға тиіс. Мемлекеттік тілін білуге, Рәміздерін құрметтеуге міндетті. Олай еткісі келмесе, ешкім ұстап тұрған жоқ. Басы ауған жаққа көшіп кетсін. Кім болса да!

Идеологияны Коладан үйрену керек. Балаларға жүйелі, күнделікті насихат керек. Күні-түні. Жылына бір мәрте, мейрамдарда ғана айтып қойып, міндеттен құтылдық деу ақымақтық.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

ДәуренДәурен
1 жыл бұрын 1146
0 пікір
Блог туралы
0
475258 30 54 112 10