60 жыл бойы апта сайын қан тапсырып 2,4 миллион нәрестенің өмірін сақтап қалған
Зейнетке шыққан Джеймс Харрисон 60 жыл бойы апта сайын қан тапсырып, 2,4 миллион нәрестенің өмірін сақтап қалған. Сондықтан оны ақ халаттылар «алтын қолды адам» деп атап кетіпті. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 81 жастағы қария – Австралия тұрғыны. Ол осы жасқа келгендіктен, енді қан тапсыра алмайды. Австралия Қызыл Крест қызметінің хабарлауынша, ол 2,4 миллион австралиялық нәрестенің өмірін сақтап қалуға ықпал еткен. Бір қызығы, Харрисонның қанында керемет антиденелер бар. Ол резус ауруларымен күресу қабілетіне ие Анти-Д инъекциясын жасау...