Google әмбебап мессенджер жасайды
Google әмбебап мессенджер жасайды

Google корпорациясы Android операциялық жүйесіндегі смартфондарға арнап әмбебап мессенджер жасамақшы. Бұл үшін осы уақытқа дейін SMS- хабарламаларды жіберу қызметін атқарған Android Messages мобилді қосымшасына  ауқымды жаңартулар енгізеді, деп хабарлады android police.

Android Messages мобильді қосымшасына  Rich Communication Services технологиясын енгізу жоспарланады. Оның қызметімен хабарламалар интернет арқылы жөнелтіледі.

Бағдарлама Apple-дің iPhone-ға арнап жасаған iMessages қосымшасының анологі болады. Солай, Android платформасындағы смартфондардың барлық  қолданушылары бірыңғай байланысу мүмкіндігіне ие болады.

Сондай-ақ, егер хабарламаны Wi-Fi байланысы арқылы жіберу мүмкін болмаса, ол әдеттегі SMS сияқты ұялы деректерді беру арқылы тасымалданады.

Сонымен қатар, мобильді қосымша станционарлы компьютерлерге де қолжетімді: хабарламаны браузер бағдарламасының көмегімен жіберуге болады. Бұл үшін қолданушылар Google сайтындағы QR-кодты сканерлеу керек.

Қания Табыс, 

7kun.kz

ДәуренДәурен
3 месяца назад 344
0 комментариев
О блоге
0
203351 28 51 82 9