Владимир Зигерт: Қазақша сөйлесем, бірден руымды сұрайды. «Ұлтым басқа болғанмен, тілім қазақ»
«Ұлтым басқа болғанмен, тілім қазақ». Қарағанды облысының тұрғыны Владимир Зигерт ұлты неміс болса да, бүгінде қазақша сөйлеп, қазақтың салт-дәстүрін ұстанады. Бұл туралы блогер Айсұлтан Жақыпов өзінің YouTube каналында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. «Алланың қалауымен қазақ қызға үйленіп, қазір 3 баламыз бар. Үшеуі де қазақша оқиды. Шаңырақ көтергенімізге 16 жылдай уақыт болды. Жарымның әке-шешесі мені өз баласындай көреді. Қазақ тілін жақсы меңгердіктен, таныс емес жерде қазақша сөйлесем көбісі таңғалып, бірден менің руымды сұрай бастайды», – дейді Владимир Зигерт. Әскери...