5G әлемге таралып жатыр. Испания мен Жапонияның ізімен Финляндия да осы технологияны енгізеді. Финляндиядағы Elisa жергілікті байланыс операторы мамыр айының соңына дейін осы технологияны іске қосатынына уәде етті, деп мәлімдеді hightech.fm.
Турку – Финляндияның көне қаласы, бірақ осы технологияны енгізумен алғашқы нағыз “ақылды” қалалардың қатарына қосылуы мүмкін.
Elisa өкілдерінің айтуынша, 5G технологиясын іске қосу, смарт-қаланы құру және түрлі технологиялық бастамаларды енгізудің негізі болып саналады.
Алайда компания 5G-ға керекті лицензияны әлі алмады. Соған қарамастан оператор қазірден бастап құрал-жабдықтарын орнатып жатыр.
Хабарланғандай, сертификатқа қолдары жеткен мезетте, құрал-жабдықтар 5G технологиясымен жұмыс істей бастайды. Ал, әзірше бұл жабдықтар 4G жылдамдығын ғана қолданады.
Жалпы барлық технологиялық дамыған елдер 5G сынақтан өткізіп жатыр. Атап айтқанда, технология Ванкуверде сынақтан өтті. Онда Канаданың операторы Қытайдың Huawei компаниясымен бірігіп жұмыс істейді. Сондай-ақ, Жапониядағы Nokia компаниясы 2020 жылғы Олимпиадада 5G-ды іске қосуға уәде берді.
Қания Табыс