Антарктика. Айсберг (видео)
Антарктика. Айсберг (видео)

Аустралияның Антарктикалық бөлімшесінің ғалымдары Хобартта Антарктида маңындағы крильмен қоректенетін үш бүкір киттің арқасына видеокамера орнатты. Видео жазбаның көмегімен ғалымдар киттердің көп уақытын демалыспен және бір-бірімен өзара байланыста өткізетінін білді. Видеокамералар теңіз жануарларына арнайы сорғыш арқылы орнатылып, 24-48 сағат бойы жұмыс жасап тұрды. Кейін ғалымдар қуат көзін ауыстырып, көрсетілімдерді алды. 

Канаданың Ньюфаундленд аралына көп қабатты үймен бірдей алып мұзтау жүзіп келді. Оның көлемі 1912 жылы әйгілі «Титаникті» Атлант мұхитына батырған айсбергтен де үлкен екен. 

Канаданың шағын Ферриленд атты балықшы ауылы бір күнде дүниежүзіне танылды. Оның жағалауына жүзіп келген айсбергті тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер мен кәсіби фотографтар ағылып келді. Айсбергтің биіктігі 46 метрге жетеді. Ол таяз жерге келіп тіреліп қалған соң ағыспен ашық мұхитқа жүзіп кете алмай қалған. Лабрадор түбегі мен Ньюфаундленд аралының арасындағы бұғазды «Мұзтаулар аллеясы» деп те атайды. Сондықтан, бұл аймақта табиғаттың қолымен ойылған алып мұздар жиі жүзіп өтеді екен.

 

ДәуренДәурен
8 лет назад 3326
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11