Автобизнес – бұл тек дөңгелек жөндеу мен көлік жуу немесе такси қызметін көрсету, автобөлшектерді сату ғана емес. Төмендегі топтамадан көлік саласына қатысты альтернативті 45 идея және бұл бизнес түріне қатысты нұсқаулықтар мен бизнес-жоспарға сілтемелер таба аласыз.
Машинаны қардан тазалау бойынша қызмет ұсыну
Қысқы мезгілде пайда табудың тамаша әдісі – қар тұтқынында қалған көліктерді қазып шығару. Бұндай қызмет көрші елдегі Мәскеу мен Санкт-Петербург сияқты ірі қалаларда кең таралған. Бір автомобильді қазып шығарудың тарифі – 1000-2000 рубль, шұғыл шақыруды 5000 рубльге бағалауға болады. Қызметке автомобильді қардан тазалау ғана емес, оның айналасын қардан тазарту, күртіктен итеріп шығару, аккумуляторды зарядтау және «автокөлікті тұтатып оталдыру» (автокөліктен автокөлікке от беру) да кіруі мүмкін. Ешқандай салымның қажеті жоқ – үйде тазалау кұрегі – қуыс күрек болса жеткілікті.
Дисктерді жарықтандыру/бояу
Жарқырауық дисктер екі түрлі болады: жарықдиодты және құрамына люминофор кіретін бояумен сырланған. Бизнес құруға мұнда бірнеше нұсқа бар – бояу, жарықдиод, жарықдиод ленталар, қалпақшалар және өзге тауарлар сатумен айналысуға болады (мысалы, автожарықтың кең профильді интернет-дүкенін ашуға болады), тіпті жарықдиод бояу мен орнату бойынша қызмет көрсетуге болады. Дисктер бояу бойынша қызмет құны 5-10 мың теңге, яки автокөлік маркасына, бояу көлеміне, жұмыс күрделігіне және сіздің репутацияңызға байланысты.
Құрылыс техникасына тапсырыс қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет
Құрылыс техникасына көрінген компания ие бола бермейді – оны жалға алу тиімдірек. Құрылыс техникасына тапсырыс қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет – жеңіл көлікті такси қызметінің баламасы, тек арнайы техника сегментіде. Бизнес тапсырыс беруші мен қожайындар арасындағы делдалдықты меңзейді: алғашқылары жалға алу қызметін тез тауып, қолдана алады, екіншілері техника пайдаланудан қосымша табыс табады. Мұндай диспетчерлікті ашу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жазып шығу немесе сатып алуға, әрі мобильді қосымша жасауға ақша салу керек. Кейін телефон мен интернетке шығу жеткілікті болады.
Салонды қайта тарту
Автомобиль сыртқы апгрейді ғана емес, ішкі де болуы мүмкін. Тыстарды тігу мен автомобиль салондарын түлету бойынша қызметтер жоғары сұранысқа ие. Клиент ретінде ескі машина қожайындары да, премиум-класс автокөліктерінің иелері де хабарласуы мүмкін. Бизнес қызметтерді бөлшектеудің (орындық, шынтақ сүйенішін, есік, рөл тігу, қосымша ендірмелер, тігіс, нақыштама салу, т.б.) және түрлі материалдар пайдаланудың арқасында тиімді (велюр, тері, алькантара, флок, винил, карпет). Яки, бір тапсырыс берушіден сіз 1 мың, 50 мың, тіпті 200 мың табуыңыз мүмкін.
Жүк көлігін жуу
Жүк көлігін жуу – автобустар, жүк көліктері мен фураларға арналған мамандандырылған бизнес. Арнайы жуу құрылғысынсыз жүк көлігін кірден тазалау қиын, сондықтан мұндай сервистің клиенттері қашанда болады. Жүк көліктерін жуу қызметтері өнеркәсіп зоналарында, трассалар бойында және автотұрақтар маңында орналасады. Қызметті 5-6 миллион теңге тұратын автомат кешен орнату арқылы, немесе 300 мыңдық қол кешенін орнату арқылы жабдықтауға болады. Бастапқы жоғары шығындар ауқымды табыспен өтеледі – күніне 20 машина 40-50 мың теңге пайда түсіріп тұруы мүмкін.
Жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін сату
Қызық әрі толық игерілмеген тауарша – жүк көліктеріне арнап қосалқы автобөлшектер сату. Жеңіл көлік сияқты жүк көліктерінің саны да өсіп келеді, соған сәйкес бөлшектерге де қажеттік те өсіп жатыр. Түпнұсқа бөлшек болсын, реплика болсын. Мұндай бизнестің ерекшелігі – дүкен ашуға қыруар қаражат керек (10 миллион теңгедей), осы саладағы біраз тәжірибе, сондай-ақ маркетинг пен ілгерілетуге жіті назар аудару талап етіледі.
Автомобильге арналған жапсырмалар дүкені
Автожапсырмалар дайындау бойынша бизнеске көп нәрсе қажет емес: графикалық редакторларда жұмыс істей білу, кең форматты принтер және пленка түріндегі шығындайтын материалдар қажет. Жапсырмалау процесі біршама қарапайым, сондықтан бизнесті стикерлерді жасап, сату арқылы, өз интернет-дүкеніңізді іздеу жүйесінің топ-сайттарының қатарына енгізе отырып құруға болады.
Айрықша автотіркеме өндіру
Егер нарыққа не өте арзан, не эксклюзив балама ұсынуға тырыссаңыз, жеңіл көлік автотіркемелері тиімді бизнес болуы мүмкін. Шығармашылық тұрғыда ойлауды шетелдік өндірушілерден үйренген жөн, о жақта тікелей міндеті бойынша да, жазғы күрке, асхана немесе жатын орын ретінде де қолдануға кемпингке арналған әмбебап тіркемелер үнемі шығып жатады. Қызық идея – мұндай тіркемені трансформерге айналдыру сияқты модульдік жүйе бойынша жабдықтау.
Винил пленка жапсыру
Автовинил стайлинг қызметі бамперді, автомобиль шанағын, әйнек пен оптиканы арнайы қабатпен бүркеуді көздейді. Нәтижесінде – автомобильдің тартымды дизайны және кетік-тыртық, сызат пен атмосфералық құбылыстардың әсерінен қосымша қорғаныс. Daewoo Matiz сияқты шағын көлікке винил жапсыру 35-45 мың теңге, BMW X5 кроссовері тәрізді ірі авто 100 мың теңгеден жоғары болады.
Маршрутты такси
Маршрутты такси форматындағы жолаушыларды тасымалдау бизнесі қатты танымал болғанымен, кейбір қалаларда бұрынғыдай сұранысқа ие. Ол кәсіпті өз меншігіңдегі көлігің болмаса да бастауға болады. Бір маршрут айына 300 мыңнан 400 мың теңгеге дейін таза пайда табуы мүмкін.
Автомобильге арналған кретивті әйнек тазалағыш
Әзіл-оспақты түсіне білу қасиетінен де ақша жасауға болады. Осы тұста ұтымды нұсқа – креативті әйнек тазалағыш сату. Қол бұлғап тұрған президент, құйрығын бұлғаған мысық, таяғымен нұсқайтын МАИ қызметкері, сыпыртқы ұстаған әже және тағы басқа көптеген қызықты образдар болуы мүмкін. Бастапқыда әлеуметтік желі арқылы жүзеге асырып, сата бастауға болады.
Көліктерді бояу
Бизнестің бұл түрі бетін жылтыратып бояу, лак жағу және өңдеу, тегістеу сияқты арнайы мамандандырылған салон ашудан тұрады. Толыққанды қызмет көрсету үшін шамамен 3 млн теңге қажет. Айына миллионға жуық пайда әкеледі.
Автодабыл орнату
Полицияның мәліметінше өткен жылы Қазақстанда шамамен 650 көлік ұрланған. Сондықтан көлігіне дабыл орнатпайтындар аз. Қызмет көрсетудің бұл түрін қолға алу үшін шамамен миллионнан жоғары қаржы және қарамағыңызда 4 адам болғаны жеткілікті.
Әйелдерге арналған такси қызметі
Автобизнестің өзінде әйелдерге де орын бар, ол – әйел таксиші қызметі. Дәстүрлі түрде көлікті күлгін түске бояйды және оның жүргізушілері мен жолаушылары тек нәзік жандылар. Бұл идеяның кемшілігі өте жоғары табыс әкеле алмайтындығында. Әсіресе, әйел такси қызметі әйелдер құқығы жөнінде мәселелері бар аймақтарда сұранысқа ие. Бір жылдары Алматы қаласында осындай қызмет түрі ашылып, нарықта екі жыл ғана өмір сүріп, жабылған болатын.
Автохостел
Автохостелдер – бұл жол жол бойындағы ерекше қонақүйлер. Онда келушілер өз көлігімен тікелей келіп, нөмір-көлікжайда/гараж/ қона алады. Негізінде, автохостелдер – көлік иелерін мүлкімен бірге тұрақтатуға арналған кәдімгі қақпасы бар қонақүй.
Aэрография студиясы
Aэрография – жаңадан бастаған кәсіпкерге керемет пайда әкелетін автомобиль рестайлингінің сәнді бағыты. Бұл бизнесті өзіңнің гаражыңда тіпті жалғыз ашуға болады. Ал 300-400 мың теңге бәріне жетеді. Өзіңнің кішкентай аэрография студияң айына 150 мың теңгеден астам ақша әкелуі мүмкін.
Эвакуация қызметі
Эвакуация – бұл автомобильдер санының артуына байланысты қажеттік артып келе жатқан бизнес. Эвакуатордың шақыруымен Ресейде 1 мыңнан 4 мың рубльге дейін табуға болады. Сондай-ақ автокөлік иелерін эвакуатор қызметінен қорғау үшін қызмет көрсетудің өте қызықты идеясы бар, бірақ ол қызмет ақша табудың жақсы тәсілдерін ойлап таба алмады.
Қосымша арқылы жанармай жеткізіп беру
Жанармайды көлікке дейін жеткізіп беру – жаңа жетіліп келе жатқан сұранысқа ие қызмет түрі. Мұндай бизнес еліміздің ірі қалаларында кездеседі және жанармай таусылғанда, сонымен қатар уақытты үнемдейтін жағымсыз жағдайлардан көмекке шақырылады. Америкада мобильді қосымшалар пайдалана отырып, бензинді жеткізу қызметі танымал. Тапсырыс беруші жанармай құюға ыңғайлы уақыт, тұрған орны туралы мәлімет береді және отын құю ыдысын ашады, ал курьер келіп, бакты толтырады.
Психологиялық такси
Психологиялық көмек көрсететін такси идеясы – Стокгольмнен шыққан. Артқы орындықта сапарда жүрген жолаушыларға кеңес беретін психолог отырады. «Иә, иә, Қазақстанда кез келген такси психологиялық» деуге болады. Біздің елде сіз психологсыз-ақ тек жүргізушімен шектелсеңіз де жетіп жатыр. Олар өміріңізге қатысты қаласаңыз да қаламасаңыз да міндетті түрде айтып береді.
«Баланы мектептен алып келіңіз» қызметі
Ірі қалаларда балаларды мектепке, балабақшаларға және үйірмелерге алып бару болашағы бар бизнес боп саналады. Баланы таситын жүргізуші бір жағынан бала күтушісінің де рөлін атқарады. Дамыған мемлекеттерде бұл қызметке сұраныстың артуының бірден-бір себебі – жұмыс істеп, ақша табу үшін шапқылап жүретін ата-аналардың қайнаған тіршілігі. Мұндай бизнестің такси қызметінен артықшылығы тұрақты клиенттер, бейілді базаның жылдам қалыптасуы, ірі компанияларда жұмыс істейтін ата-аналарға бейбиситорлық қызмет көрсету және корпоративтік тасымалдау қызметтері үшін қосымша пайда табу мүмкіндігі.
Каршеринг
Каршеринг – бұл қаланың әр түрлі бөліктерінде оператор ұйымдастыратын автокөлікті жалға беру қызметі. Ол мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жаңа және перспективалы ниша, бірақ оның инвестициясы өте жоғары: каршеринг қызмет танымал болуы үшін ауқымды ондаған мүмкін жүздеген көліктерді тұрақтандыратын автопарк керек, маркетингке көп қаржы құйылады және әрине бұл қызметке сұраныс болуы маңызды. Ал, үлкен мегаполистерде бұл бизнес нарығы толуға жақын.
Үйлену тойлары мен іс-шараларға автокөлікті жалға беру
Егер сізде көрнекі ақ түсті премиум-санаттағы немесе ретро-көлік болса, бұл үйлену тойларына және басқа да мерекелерге автомобильді жалға беруге тамаша мүмкіндік. Сондай-ақ автомобильдегі зергерлік бұйымдарды жалға беру қосымша пайда. Соңында клиент сізді таба алатындай жақсы және арзан жарнама платформасын табу қажет.
Жол талғамайтын такси
Жолсыз жүретін такси – таулы аймақтардағы курорттық және туристік қалалар үшін керемет бизнес. Шындығында, жол талғамайтын такси – бұл туристерді әкеліп, шығарып салатын, табиғаттың әдемі қуыс-қуыстарына саяхат жасайтын автотур. Экскурсиялардан айырмашылығы, жол талғамайтын таксиге экскурсовод қажет емес.
Ескі автобустағы қонақ үйі
Ескі автобустар бірегей қонақүйлер ретінде қолданыла алады. Бизнес үшін бірнеше қытайлық кәсіпкер сияқты бірнеше ондаған ескі автобустарды арзан сатып алып, олардан атақты мультфильмдер дизайнымен тақырыптық үйлерді жасаған сияқты ауқымды түрде жүзеге асыруға болады. Идея қала сыртындағы аудандар мен демалыс орталықтарының иелеріне қызығушылық тудыруы мүмкін.
Медитация автобусы
Автомобиль бизнесінің бұл түрі, яғни, медитация автобусы Америкада пайда болды. Оның мәні – автобус салоны дыбыс өткізбейтін тыныштық оазисіне айналады. Онда хош иісті кілемшелер мен медитация, йогаға арналған кілемшелер болады. Мұндай автобус кәсібін тұрғындары жиі стреске ұшырайтын үлкен қалаларда іске асыруға болады. Ақшалай қаражатты медитация сеансының нұсқаушысы алады.
Ассенизаторлық қызмет
Кәріздік қызметтер бойынша сіз пайдаланылған цистерналар көлеміне, шұңқырдың орналасуына, мазмұны және тапсырыс берушінің қашықтығына байланысты қаржы аласыз. Сіз 5-10 млн теңге тұратын кәріздік машина сатып алып, жұмысқа кірісе аласыз. Жұмыс әрдайым бар: септиктерді, сорғышты және биодәретханаларды сорып алу, өнеркәсіптік шөгінділерді тұндырып, жер асты суларын, жаңбыр суын және тағы басқаларын сорып алу.
Сауық кештерге арналған автобус («пати бас»)
Пати-бас – дискотекаға және шулы түнгі уақыттағы шараларға арналған автобус. Ішіне би алаңын орналастырып, караоке және кәсіби дыбыстық жабдықты орналастырасыз. Мұндай автобустардың құны 2 мыңнан 5,5 мың теңгеге дейін болады сағатына. Жұмыс аптасына 8 сағат. Дайын және жабдықталған автобусты 3-4 миллион теңгеге сатып алуға болады.
Дөңгелекті дәмхана
Стационар асханалары тапшы мекенде қозғалмалы дәмханалар ашуға болады. Мысалы, ол супермаркеттер, қала парктері, туристік орындар, студенттер қалашығы болуы мүмкін. Өзіңіздің фудтрагыңызды ашуға, біршама млн теңге қажет болады. Қаражаттың басым бөлігі фургон сатып алу мен оны жабдықтауға кетеді. Сондай-ақ мәзір мен дизайн тұжырымдамасының айрықшалығына көңіл бөлген жөн.
Салонға арналған хош иістендіргіштерді сату
Авто парфюмерлерді сатуды қолға алуға болады: аспалы хош иістендіргіш, спрейлер, панельдегі иістер және дефлекторлар. Мұндай бизнес үшін бірнеше шаршы метр жеткілікті болады, әсіресе, кейбір қолайлы жерлерде, жақсырақ сауда орталығында. Авто парфюмерлердің (эконом класстан бастап премиумға дейін) кең ассортиментімен қоса, басқа да кішігірім заттарды сатылымға қосу керек: рөл қаптағыш, шамдар, сүлгі, құжатқап, брелоктар, әшекейлер және т.б.
Мобильді шиномонтаж
Мобильді шиномонтаж қызметінің мәні – көшпелі механиктердің тұтынушыға келіп шина дисктерін жөндеп, маусымдық дөңгелектерді ауыстырып, түрлі қызмет көрсетуі. Бизнестің ерекшелігі мынада – шақырғанда тез арада әрекет етіп, тәулік бойы жұмыс істеуі. Қосымша қызметтерге бензинді жеткізуді, қозғалтқышты ескірген аккумулятордан бастап, дабылдар және басқа да жедел көмек көрсету қамтылуы мүмкін.
Автомобильдерге арналған қалқаларды сату
Көліктер көбейген үстіне көбейіп жатыр. Бірақ, кез келген автомобиль иесі мүлкін гаражда немесе жабық жерде сақтай алмайды. Шаңнан, кірден, жапырақтардан, ағаштардан, құстардан, қардан, жаңбырдан және күннен қорғану үшін – көлікті тұрғындар қорғаныш торларын сатып алу туралы ойлауға мәжбүр болады.
Автобус-дәретхана
Ірі қалалардағы елеулі кемшіліктердің бірі – қоғамдық дәретханалардың жетіспеушілігі. Осыған орай сантехниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған автобус-дәретхана жұмыс істейді. Мұндай әжетханалар ауқымды іс-шаралар мен мерекелерде аса қажет. Бұл бизнестің басты кедергісі әдетте автобустардың құны жоғары болып келеді. Оның орнына лег-легімен биоәжетханаларды әкелген тиімдірек.
Әйнек тазартатын сұйықтық өндірісі
Суықта қатпайтын әйнек тазартатын сұйықтық өндірісі өте тиімді бастама болуы мүмкін, өйткені суық түскен кезде тұрғындар қатпайтын сұйықтықты әдетте көптеп сатып алады. Бұл саладағы пайда жоғарылығы кез келген адамның басын айналдыруы мүмкін. Бірақ бәрі оңай емес: метанолды «суыққа төзгішті» өндіруге тыйым салған, ал құқық қорғау органдары заңсыз цехтарды жабу үшін үнемі тексеріс жүргізеді. Сапасына орай рұқсат етілген «суыққа төзгіш» қымбатқа түседі, дегенмен оның әсері аздау.
Ретро-автоларға қосалқы бөлшектер сату
Біздің елімізде өндірістен шығарылған ретро көліктерге реставрация жасау мәдениеті біртіндеп өсіп келеді, сондықтан ретро-көліктерге арналған қосалқы бөлшектерге сұраныс бар. Дефицитке байланысты оларды өте жоғары бағамен сата аласыз. Бөлшектердің үш түрі болады: түпнұсқа, жаңа және қалпына келтірілген. Бұл бизнес негізі – көліктің бұрынғы иелерінен немесе гаражында сақталған сирек кездесетін бөлшектерді ретке келтіріп, қайта сататындардан қосалқы бөлшектерді сатып алу жақсы ойлап тапқан, оларды «ақылға» жеткізетін және қайта сататын сирек қосалқы бөлшектер сатып алу.
Мобильді кофейня
Жылжымалы кофейня кішкене инвестиция құйып, айналыс беретін бизнес үшін тамаша мүмкіндік болып табылады және басы-қасында тек бір адам жүріп, жұмыс істесе де жеткілікті. Іс жүзінде бұл кәсіптегі басты мәселе – «қандай кофе сатуға болады?» емес, «қайда тұруға болады?» деген сұраққа жауап беруі керек. Мобильді кафедегі бизнес толығымен импульсивті сұранысқа негізделген.
Экстремалды жүргізу мектебі
Ондай қызмет көрсету үшін кем дегенде өзіңіздің жеке көлігіңіз қажет және өз профилін кеңейткісі келетін автокөлік мектептері арқылы қызметіңізді ұсына аласыз. Төтенше жүргізу курстары қарама-қарсы жүргізуді, сондай-ақ атуды немесе шабуыл кезінде маневр жасауды және т.б. сияқты мамандандырылған қызметтерді қамтуы мүмкін. Өте жылдам жүргізудің бір сағаттық сабағы әдеттегіден екі есе қымбатқа бағаланады.
Гараждық жиһаздарды сату
Гараждың стильді және ыңғайлы көрінуін көбірек адамдар қалайды, содан кейін гаражға арналған жиһаздарды сату сияқты бизнес пайда болды. Интернет-дүкен арқылы сіз гараж шкафтарын, аспаптық арбаларды, шкафтарды, контейнерлерді және аксессуарлардың барлық түрлерін сата аласыз, ең бастысы – сұранысты талдау.
Такси-караоке
Өзінің бизнесі құрдымға кеткенде қытайлық кәсіпкер Фен Ксиаоминг таксиге караоке орнатуды ойлап тапты. Содан кейін оның бизнесі шарықтап кетті. Бір сапардан кәдімгі таксиге қарағанда көбірек пайда табасыз. Қазақстанда мұндай бизнесті екі жыл бұрын алғаш рет талдықорғандық Талғат Бартаев қолға алды.
Мектеп автобусы
Батыста мектепке жеткізіп салатын автобустардың жұмысы дамыған, бірақ Қазақстанда сирек кездеседі. Мұндай бизнесті ашу үшін 3 шарт орындалуы керек: білім беру мекемесінің балалардың тұрғылықты жерінен алыс орналасуы, баласының қауіпсіздігіне қаржы шығара алатын қалталы ата-ана, сондай-ақ жергілікті билік пен мектептердің кәсіпкермен жұмыс істеуге дайындығы. Микроавтобустар бизнес үшін тартымды екендігі таңқаларлық жағдай емес. Балаларды тасымалдау үшін «Газель некст» микроавтобусын сатып алып, кірісуіңізге болады.
Автокреслоларды сату
Автосферада өзіңіздің бизнесіңізді балалар орындығын сату арқылы ашып көруге де болады. Оларды Интернет-дүкен форматында немесе сауда нүктесі арқылы сатып, жүзеге асыруға болады. Екінші нұсқасы ыңғайлы, себебі сатып алушылар балаға арналған креслоларды орналастырып, өлшеп көру мүмкіндігі болады. Дүкеннің қайда орналасқаны үлкен рөл атқармайды: әлеуметтік желі арқылы жақсы жарнама жүргізсеңіз жетіп жатыр. Ең бастысы, клиентке әр түрлі тауарларды ұсына алу және сатып алардан бұрын кәсіби кеңес беру.
Автомобиль төбесіне арналған шатыр сату
Автошатырлар – кең ауқымды ұсыныспен және өндірушілерді таңдаумен айналысатын бизнестің тұтас сегменті. Шатырлар автомобильдің шатырларына және жанына орнатылуы мүмкін, Ашық аспанға қарауға әуесқойлар үшін шатырда тіпті арнайы гамак бар. Тәуелсіз туристер саны үнемі өсіп келе жатқанын ескерсек, осындай шатырларды сату бизнесі жақсы келешекке ие.
Ойын-сауық алаңы: бульдозермен қыдыру
Шынжыр табанды транспорт пен бульдозерлерді ерекше тәсілмен қолдануға болады: өздерін тексеруге және үлкендер секілді көңіл көтеруді қалайтындарға жалға беру. Бұл экстремалды парктерді пайдаланудың өрісін кеңейткісі келетіндерге, техника иелерінің оны бірнеше мақсатта пайдаланып, кірісін арттыруды қалайтындарға тамаша идея. Сондай-ақ, экскаватордың қалақтарына адамдарды отырғызып, атракцион ұйымдастыруға болады.
Көлікпен балмұздақ сату
Балмұздақты фургон – америкалықтар үшін ностальгия, бірақ Қазақстан үшін жаңа және бос ниша. Балаларды дәмді және ерекше балмұздақпен қуанту үшін, машина тоңазытқыштар мен мұздатқыштармен жабдықталады. Бұл бизнес ақшаға қызығушылық танытқан адамдардан гөрі, өз фургоны бар романтиктерге жарамды. Кемшіліктер қарапайым – вагондарды сатып алуға және жабдықтауға ақша жұмсаудан гөрі, қаланың айналасында балмұздақ салатын бірнеше арбаны орнату әлдеқайда арзан.
Көшпелі көлік жуу
Көшпелі көлік жуу үлкен қалаларда сұранысқа ие болуы мүмкін. Мұндай көшпелі қызметте дымқыл және құрғақ жуу түрін қолдануға болады. Тұжырымдама автокөлік иелері үшін де тартымды, себебі уақытты үнемдейді, ал кәсіпкерлер үшін көшпелі жуу ең аз шығындарды талап етіледі. Егер Сізде 40-50 мың теңге бар болса, осындай бизнес түрін аша аласыз. Ол ақшаның көпшілігі жабдықтар мен жуғыш заттарға жұмсалады.
Дереккөз: ©www.1000ideas.ru – портал бизнес идей
7kun.kz