Автомобильге арналған шатыр шығарыла бастады (фото+видео)
Автомобильге арналған шатыр шығарыла бастады (фото+видео)

Құрылғының негізгі қызметі – көлікті жауын-шашыннан, оның үстіне қатты заттардың және күн сәулесінің түсуінен қорғау. 

Америкада Lanmodo стартапы көп функционалды All-in-One Wireless Automatic Car Tent құрылғысын таныстырды. Жоба қазір краудфандинг сатысында. Бір сөзбен айтқанда, бұл автомобильге арналған шатыр болып табылады, сонымен қатар оны проекторға арналған экран ретінде пайдалануға болады, деп хабарлайды «Мотор».

Құрылғы көліктің үстіне үлкен ауа сорғыш құралдардың көмегімен орнатылады, сонымен қатар оны есікке қыстырып қоюға немесе айналардың корпусы мен есік тұтқаларына іле салуға болатын бекіту таспалары да қарастырылған.

Автоматты ашылып-жабылатын (қашықтықтан басқарылатын пульттің көмегімен) шатырдың конструкциясы көліктің шанағына жанаспайтын биіктікте орнатылған.

Шатырдың автомобильден бөлек пайдалану мақсатында оған қосымша жерге орнату элементі енгізіліп отыр. Осылайша, жауынды күндері табиғат аясында демалуға шыққанда ол оп-оңай жағажай шатырына немесе жаппаға айналады.

Сонымен қатар, All-in-One Wireless Automatic Car Tent толық жинағын сатып алған жағдайда клиент қосымша бонус ретінде құрылғыны үлкен шатырға айналдыратын қосымша материалға қол жеткізетді. Шатырды жерге орнатуға арналған бағандарға жарық және басқа да аспаптарға арналған зарядтау құрылғыларын орнату көзделуде.

Шатырдың тағы бір қасиеті – оны проекторға арналған экран ретінде пайдалануға да болады.

Дереккөз: reactor.inform.kz 

ДәуренДәурен
8 лет назад 3254
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11