Балды қыздыруға бола ма?
Балды қыздыруға бола ма?

Бал қосылған шай бұрыннан тұмауға қарсы жақсы ем болып келді. Бірақ, соңғы кездері  балды қыздыруға болмайтындығы туралы пікірлер пайда болды. Ендеше, ол туралы аңыз бен шындықты қарастырайық. Қыздырылған бал қатерлі ісікке әкеле ме? Қыздырылған бал туралы айтылатын қорқынышты пікірлерді оксиметилфурфурол (ОМФ) деген затпен байланыстырады. Ол қан ыдырау өнімі болып келеді және шынымен де балда түзіледі. Біріншіден, ара ұясы далада тұрғанда қанттың бір бөлігі күннің астында ериді. Екіншіден, бал сатылымға дайындалғанда оны шамамен 50 градусқа дейін қыздырады, ол да ОМФ түзілуіне ықпал етеді. Алайда мамандар  оны тікелей канцерогенге (қатерлі ісік пайда болуына әкелетін заттек) жатқызбайды: оның адам денсаулығынына зияны дәлелденбеген. Сонымен қатар, құрамында қант бар кез келген өнімді қыздырғанда осы ОМФ түзіледі. Әсіресе, ол ерігіш кофеде көбірек кездеседі. Егер ерігіш кофеде 1 кг-ға 3060 мг ОМФ болса, балда 1 кг-ға 0,34 мг ғана бар. Айырмашылық айқын көрініп тұр. Қыздыру кезінде балдағы барлық пайдалы заттар ыдырап кете ме? Бұл пікір жартылай дұрыс: шынымен де, біз балды қыздырған кезде ферменттер мен дәрумендердің бөлігі бұзылады. Десе де ағзаның қалыпты жұмысына қажетті металл иондары босап шығады. Мамандардың айтуынша, қыздырылған балдан босатылып шыққан калий, натрий, мырыш, магний, темір иондары жасушалардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер балды ыстық шайға салса, оның барлық пайдалы қасиеттері жойыла ма? Балды қайнаған суға салсаңыз, оның пайдалы қасиеттерінің бір бөлігін жоғалтуыңыз мүмкін. Ол кезде шынымен де пайдалы құрауыштар тарап, ОМФ көбірек түзілуі мүмкін. Бірақ, 100 градуста қайнаған шайды бірден ішпейміз. Оның қажет температураға жеткенін күтеміз. Ал балды жылы шайға салғаннан ешқандай зиянды процестер жүрмейді. Сондықтан, егер әлсіздік сезініп тұрсаңыз, тұмауратып қалсаңыз, бал қосылған шай іше беріңіз. Бал – бактерицидті қасиетке ие. Ол ағзаның зиянды заттардан тез тазаруына ықпал етеді және жөтелді жұмсартады.

Ақтоты Жапатова Фото: pixabay.com

Massaget.kz 

ДәуренДәурен
6 лет назад 2514
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11