Биологиялық қару
Биологиялық қару
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет 

Jump to navigationJump to search

Биологиялық қарубактериологиялық қару — адамдарды, жан-жануарларды ауыр дертке шалдықтыру арқылы қатардан шығаруға негізделген жаппай зақымдағыш қару. Биологиялық қарудың әскери жағынан жоғары тиімділігі індет тудырғыш дозасының шағындығы, үлкен аумаққа жасырын түрде қолдануға болатындығы, мөлшерін айқындау мен индикациялаудың қиындығы, әрекетінің таңдамалылығы (тек адамға, белгілі бір жан-жануар түрлеріне әсер етуі), психологиялық әсерінің күштілігі, әскер мен тұрғын халықты биологиялық қорғаудың және қолданғаннан кейінгі оның зиянды әсерін жою жөніндегі жұмыстар көлемінің ауқымдылығы әрі күрделілігі арқылы анықталады.

Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі.

1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаны Нюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстандағы Ақмола облысы Степногорск қаласысында биологиялық қару шығаратын “Биокомбинат” жұмыс істеді. Ал Арал теңізіндегі Возрождение аралында биологиялық қарулардың сынақ алаңы орналастырылды. Қазақстанның дербес мемлекетке айналуына байланысты 1992 ж. комбинат пен полигон жұмысы тоқтатылды. Бұрынғы “Биокомбинат” медициналық дәрі-дәрмектер шығаратын орталық (Биотехнологиялық ұлттық орталық) болып қайта құрылды. [1]

Биологиялық қару. Биологиялық қарудың зақымдау әрекетінің сипаттамасы 

Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, малдарды, ауыл шаруашылығы дақылдарын себуді зақымдауға, кей жағдайда қару-жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады.

Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс деп атайды.

БҚ-ның зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен оларды4 улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұза0 уақыт ұрысқа жарамсыз етеді.

БҚ-дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең 2—5 күнге созылады (1 күн не одан аз уақытқа созылуы өте сирек кездеседі). Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды, тіпті кей жағдайда залалданғанын байқамай да қалады. Залалдану нәтижесінде туған, аурулардың көбі контагиозды (оба, шешек және т.б.) деп аталады, ол кейін залалданған адамдардан айналасындағы сау адамдарға ауа, қан сорғыш насекомдар арқылы және басқа жолдармен берілуі мүмкін. Контагиозды емес деп аталатын аурулар (күйдіргі, туляремия және т.б.) сау адамдарға жұқпайды. БҚ-дың адамға тигізетін күшті психологиялық әсерін ерекше атап өту керек.

Қарсыластардың БҚ-ды кенеттен қолдануы қаупінің болуы, әскер мен тұрғындар арасындағы ірі жұқпалы қауіпті аурулар індеті мен оның ошағының пайда болуы барлык жерде үрей туғызып, әскердің ұрыс қабілетін төмендетеді, тыл жұмысына кері әсерін тигізеді.

Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау құралы ретінде қолдану идеясы өте ертеде, яғни одан туындаған жаппай жұқпалы аурулар (індеттер) адамға. өлшеусіз шығыг әкелуі нәтижесінде туған. Әсіресе олар әр түрлі стихиялық апаттар мен соғыс салдарынан туындайды. Кейбір шайқастар мен бүтіндей науқан жағдайын ескердегі сәтсіздіктер емес, індеттің шешкен жағдайлары аз болмаған. Осылайша, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 ж. көтерілісті басу үшін Гаити аралына Наполеон жіберген генерал Деклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Өткен соғыстар тарихында осыған ұқсас мысалдар баршылық. XIX ғасырдың аяғына дейін соғыс барысындағы шығындардан індет салдарынан болған шығындар көп болды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 млн-дай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1,5 млн. адам шейіт болса, 6,5 млн. адам жұқпалы аурулардан өлген. Тіпті біздің уақытта да емдеу мен аурудың алдын алу шараларындағы қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, жұқпалы аурулар ұрыс әрекеттері барысында елеулі із қалдырды. Вьетнамдағы соғыс кезінде американдық әскерлердің жұқпалы аурулардан өлуі шейіт болғандар мен жараланғандардан 3 есе көп болды.

Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотия) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950-1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді-дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ-тың өзінде ғана жылына 20 млн. адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады.

Биологиялық қаруды мақсатқа сай және жүйелі дайындауға мемлекеттер XX ғасырда биология ғылымдары саласындағы жетістіктерді, табиғатпен патогенді микроорганизмдерді тарату жолдары туралы жоғарғы білімді қолдану нәтижесінде ғана қол жеткізе бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германия Оңтүстік Америкадағы Атланта елдері сатып алатып ауыл шаруашылығы малдарына қарсы биологиялық заттарды (күйдіргі, маңқа ауруының қоздырғыштарын), сондай-ақ 1916 ж. Оңтүстік-Батыс (Румын) майданы мен 1917 жылғы француз армиясына қарсы Батыс майданда қарсыластардың атты және артиллериялық армиясына қарсы диверсиялық қолдануда "табысты" қадамдар жасады.

Биологиялық заттарды тарату тәсітідерінің сол кезде қолданылуының қарапайымдылығынан болатын шығын химиялық қаруды қолданғаннан көп болмады. Бірақ биологиялық қаруды қолдану фактісі бүкіл әлемде кең көлемде наразылық толқыньш туғызды, соның нәтижесінде, жоғарыда көрсетілгендей, 1925 ж. 17маусымда Женевада "Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактерологиялық заттарды қолдауға тыйым салу хаттамасына" қол қойылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың алдындағы жылдарда жапондықтар биологиялық қаруды жасау мен қолдануға қатысты қарқынды жұмыстар жүргізеді. 30 жылдардын басында басып алынған Маньчжурия аумағында олар арнайы Квантун армиясын - "731- отрядын" құрды, онда зерттеу және өндірістік бөлімдермен бірге лабораториялық жануарларға ғана емес, тірі адамдарға, соның ішінде түтқынға түскен Қытай, АҚШ, КСРО және басқа елдер адамзаттарына да биологиялық заттарды сынауға арналған тәжірибе полигоны болды, онда 3000-ға жуық адам өлген.

1940 жылдан 1944 жылға дейін жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы биологиялық заттардың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700-ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан құрбан болды.

1941 жылдан бастап АҚШ биологиялық заттарды әскери мақсатта қолдану мен жасауға қатысты зерттеу жұмыстарына кірісті. Бұл жұмыстар Мэриленд штатында бас әскери ғылыми-зерттеу орталығын, Арканзас штатында биологиялық заттарды өндіру зауыты мен арсеналын, Юта штатында сынақ полигонын және басқа объектілерді салғаннан кейін айрықша дамыды. Онда жүргізілген жұмыстардың бәрі ерекше кұпиялық жағдайында жасырын жүргізіледі. Бірақ БҚ заттары мен оны қолдану тәсілдерін жетітідіруге арналған ең ірі көлемдегі зерттеу жұмыстарын 50-60 жылдары АҚШ пен оның одақтастары жүргізді, олардың қаруды агрессиялық мақсатта қолдануы адамзатқа орны толмас шығын әкелу қаупін тудырды. Бүкіл әлемдегі бейбіт сүйгіш халықтың ең үлкен жеңісі 1972 жылы қабылданған бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулар қорын жасауға, өндіруге және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі Конвенциясы болды. Бірақ ЖЖҚ-ның барлық түріне жаппай және толық тыйым салуға ұмтылған іргелі күштер агрессиялық күіптер қарсылығына соқтығысып қалды. Олар әр түрлі сылтаулар айтып, өздерінің көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарында өздерінде бар биологиялық заттар түрін жетілдіру, сондай-ақ оның жаңа түрлерін, оны қолдану тәсілдері мен құралдарын жасап, сынау жұмыстарын жалғастыруда.

Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері 

Биологиялық қарудың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық кұралдар (БҚ) құрайды—ұрыста қолдану үшін арнайы реттелген биологиялык агенттер, олар адамдар немесе жануарлар (өсімдіктер) организміне еніп кеткен жағдайда ауыр жұқпалы ауруларды (улануды) шақыруға қабілетті. Оларға жататындар: ауру қылатын микробтар мен вирустардың жеке түрлері—мейлінше қауіпті жұқпалы ауруларды қоздырушылар, сондай-ақ олардың тіршілік әрекетінің уытты өнімдері; генетикалық материал—микробтардан (вирустардан) шығарылып алынған жұқпалы нуклеидті қышқылдар молекуласы. Дәнді, техникалык жөне басқа ауыл шаруашылық дақылдар егісін кұрту үшін мәдени өсімдіктер ауруларын қоздырушы-микробтарды ғана пайдаланбай, басқа да мейлінше ауылшаруашылық дақылдарға зиянды құрт-құмырсқаларды жоюға қолданылуы мүмкін.

Патогендік микроорганизмдер — жұқпалы ауруларды қоздырушы—көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, иісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі аркылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңыраукұлактар класьша бөлінеді

Бактериялар — формалары мен мөлшерлері әр тұрлі дара шаршылы микроорганизмдер (118-сурет). Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, әр 28-30 мин. сайын екі дербес клетка шырарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекщіялау заттары және жоғары температура і+бО^С биік) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді және -25°С дейін мұздауды еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері колайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сырткы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабіпетті. Патогендік бактериялар адамдардың (жануарлар) көптеген ауыр жұқпалы ауруларының себебі болып табылады, оның ішінде оба, түйнеме, маңқа және легионеллез және басқалар. Кейбір бактериялар, сыртқы ортада өз дамуына қолайлы жағдайда болса, адамдар (жануарлар) организміне қарсы аса жоғары улылыққа ие болатын және ауыр, жиі өлімге әкеп соқтыратын, зақымдарды шақыратын белсенді тіршілік әрекеті өнімдерін жасайды. Бұл улағыш өнімдердің өміршеңдігі микробты токсиндер атауына ие болды. Шетел мамандардың назары ботулиникалық токсин мен стафилококк энтертоксинге аударылады.

Бактерия түрдегі микроорганизмдердің өзгеше тобы риккетсиялар болып табылады. Бұл көлемі үлкен емес 0,4-тен 1 мкм-ға дейінгі таяқшы клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларыньщ ипінде ғана көлденең бинарды бөліктермен тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура (+56оС-дейін) әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және басқа ауруларының себебі болып табылады.

Саңырауқұлақтар — дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді. Саңырауқұлақтардың ұрығы кебуге, күн сәулесі мен дезинфекциялау заттар әсеріне өте тұрақты. Цатогендік саңырауқұлақтардан жұққан аурулар адамдар ішкі органдарының зақымдалуымен сипатталады және ауыр я болмаса ұзақ болып келеді. Олардың ішінде мынадай ауыр жұқпалы аурулар бар: кокцидиондомикоз, гистоплазмоз және басқа терең микоздар.

Вирустар — биологиялық агенттердің ең үлкен тобы, биосинтетикалық аппаратты қолданып, олардың тұқым беруге және дамуға қабілетті клеткалы құрылымы жоқ. Клеткадан тыс формадағы вирустардың көлемі 0,02-ден 0,4 мкм-ға дейін болуы мүмкін. Олардың көбі сыртқы ортадағы түрлі факторларға: құрғаққа, күн сәулесіне (әсіресе ультракүлгін сәулелерге), сондай-ақ +60°С астам температура мен дезинфекциялау құралдарының (формалин, хлорамин және басқалар) әсеріне тұрақсыз. Патогендік вирустар көптеген ауыр және қауіпті аурулардың себебі болып табылады, атап айтқанда: натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар.

Ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретін шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаларға шет мамандары колорадты картоп құртын, шегіртке және басқаларын жатқызады, оларды дәнді және техникалық дақылдар егісін құрту мақсатында пайдаланады.

Соңғы онжылдықта арнайы шет елдік әдебиетте биологиялық агенттерді ұрыста пайдалану мүмкіндіктері жиі және толық талқыланды.

16-кестеде адамның жұқпалы аурулары туралы мәліметтер берілген, олардың қоздырушылары шет мамандармен ықтимал биологиялық жою құралдары ретінде қарастырылған.

БҚ тобына жататын жоспарланған агент түрлерімен адамдарды зақымдау үшін келесі ауыр жұқпалы аурулардың қолайлы қоздырушы болып есептеледі: 

Құрт-кұмырсқалар—ауылшаруашылық дақылдарының мейлінше қауіпті жауы: а — көкқасқа шегіртке; ә — картоп құрты және оның тұқымы; б — гессен шыбыны және оның бидай сабағындағы тұқымы 

вирустардан—натуралды шешек, сары безгек, энцефалиттің көп түрлерінің қоздырушылары; бактерия класынан— түйнеме, туляремия, чума, бруцеллез, маңқа, мелиондоза және басқалар қоздырушысы; риккетсиядан — қу безгегі, бөртпе сүзек, Цуцугамуши безгегінің қоздырушысы; саңылауқұлақ қласынан—кокцидиондомикоза, гиспоплазмоза және басқа терең микоза қоздырушысы; бактериялық токсин ортасында — ботулин токсины мен стафилококк энтеротоксины.

Шет мамандармен потенциалды БҚ тобына жоспарланған биологиялық агенттер тізімі кезең-кезеңмен қарастырылып отырады. Соңғы жылдары БҚ тобына адамдарды зақымдау үшін тағы да белгіленіп және жан-жақты зерделенген тропикалық вирусты геморройды безгектер қоздырушылары енгізілді: Ласса, Аргентина, Эбола, Конго-Қрым және басқалар, ал кейбір ауру қоздырушылары жойылды, оларда қарсы қазіргі уақытта жеткілікті түрде тиімді және жалпы қолданылатын күралдар жасалынған. Әсіресе мьшандай фактыға көп назар бөлінеді: егер 20 жыл бұрын БҚ тобын бактерия мен саңырауқұлаққа қатысты аурулар қоздырушылары құрастырса, қазір көбінесе вирустар құрастырады. Соңғы онжылдықта биотехнология саласындағы генді инженерияның дамуына микроорганизмдер қасиеттерін модификациялар бойынша зерттеу жұмыстарына кең жол ашылды.

Генетикалық ақпаратты қолдана отырып, микроорганизмдердің штамптарын ашуға нақты мүмкіндік пайда болды, олардың өзгерген генге қарсы кұрылым мен ерекше қасиеттері бар: артқан вирулентік, сыртқы факторлар мен дәрі препараттары әсеріне тұрақтылық. Сонымен қатар, шетте даярланган микроинкапсолді биоагенттер әдістері биологиялық аэрозольдың мейлінше ұзақ бөлшектерінің аэробиологиялық тұрактылығын арттыруға және олардың дем алу органдарына терең еніп кетуіне мүмкіндік тұрғызады, ал одан зақымдаудың дәрежесі өседі.

Бұл БҚ ретінде инкапсольді генетикалық материалдары пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға вирусты жұқпалы нуклеидті кышқылдар жатады, олар адам (жануар) тін клеткаларына түсіп, вирус бөлшектерін жинақтап, жұқпалы ауруларды туғызады.

Жануарларды зақымдау үшін БҚ ретінде жануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар (түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар) немесе жапуарларды ғана зақымдайтын (ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы жөне басқа эпизоотикалық аурулар) қоздырушылары пайдалануы мүмкін.

Ауылшаруашылық дақылдарды зақымдау үшін бидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикулярнозасы, картоптың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктер бактериялық, вирустық және саңылаукұлақ аурулары қоздырушылары қолданылады.

Азық-түлік, мұнай өнімдерінің қорларын, кейбір әскери мүлік, қару-жарақ, оптикалық аспаптар, электрондық және басқа жабдықтар түрлерін бүлдіру үшін белгілі жағдайда қасақана бактериялар мен саңылауқұлақтарды пайдалануы мүмкін, олар, мысалы, мұнай өнімдерінің тез ыдырауын, әскери техника мен қару-жарақтың күрделі оптикалық және электрондық жабдыктарының уақытсыз істен шығуын және бұзылуын, метал өнімдерінің шұғыл таттануын, электр жүйелердің ұласқан жерлерінің тотығуын туғызады.

Көбінде биологиялық құралдар оларды сақтау және ұрыста қолдану кезінде сыртқы орта факторлары әсеріне жеткілікті тұрактылыққа ие бола алмайды. Сондықтан оларды "таза түрде" емес, арнайы дайындалған биологиялық рецептура құрамында пайдалану қажет.

Биологиялық рецептура дегеніміз — биологиялық агент пен түрлі препараттар қоспасы. Бұл қоспа биологиялық агентті сақтау және үрыста қолдану процесінде оның өмірлік және зақымдау қабілетін сақтау үшін мейлінше қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілген.

Биологиялық рецептураларда бір немесе бірнеше БҚ түрлері болуы мүмкін және олар сұйық немесе құрғақ (ұнтақ тәрізді) болады. Шетелдік басылымдардын хабарлары бойынша, БҚ тобына жататын кейбір агенттер негізінде АҚШ-та түрлі стандартты биологиялық рецептуралар (туляремия, қубезгек және басқалар) жасалды, олар полигон жағдайында өз еркімен келіскен адамдар арқылы жан-жақты тексерістен өтті.

(ықшамдалып алынды)

Дереккөздер[өңдеу]

  1.  Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
ДәуренДәурен
5 лет назад 3611
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11