Америкалық Metropolitan Transportation Authority (MTA) транспорттық компаниясы болашақтың метросын көрсетті.
Арнайы роликте жарнама трансляциясы үшін цифрлық экрандар орнатылғаннан кейін Нью-Йорк автобус аялдамаларының, станцияларының және метро вагондарының қандай болатыны көрсетілген.
Ролик МТА-ның YouTube-каналында жарияланған.
Жоба қаланың транспорттық жүйесін жаңартуға арналған бағдарламаның бір бөлігі. Пойыздарда, станция платформаларында, теміржол маңында 50 мыңға жуық дисплейлер пайда болады.
Экрандар жарнамадан бөлек, транспорттың келу уақыттарын да көрсетеді.