Егер сіз жеке өміріңіз туралы әлеуметтік желіде жиі жазсаңыз…
Егер сіз жеке өміріңіз туралы әлеуметтік желіде жиі жазсаңыз…

Психологиясы мен денсаулығында айтарлықтай ауытқуы бар адамдар әлеуметтік желі арқылы жеке өмірі туралы ақпаратты жиі бөліседі. Өзіңіздің жеке қарым-қатынасыңызда болып жатқан жағдайларды әлеуметтік желіде жариялау дұрыс емес. Бұл ғылыммен дәлелденген.

Біз мұны дәл осылай немесе басқаша өз басымыздан өткергенбіз. Біз оны Facebook, Instagram, Snapchat және Twitter-ден көргенбіз. Өзінің жеке қарым-қатынасы жайында әлеуметтік желіде жазба жазатын досыңыз бар.  Бұл, шынымен, өзге адамдарды мезі етеді. Оларға екінші сыңарымен барған әр кездесу жайында хабар беру маңызды сияқты. Сіздің тіпті спорт залдағы жаңалықтары жайында бөлісетін досыңыз да бар. Сонымен қатар, қашанда өміріне риза болмайтын немесе керісінше өмірден рахат алатыны жайында парақшасына жазатын досыңыз тағы бар. Бұл да адамды жалықтырып жібереді. Бірақ, ең көп жалықтыратыны – қарым-қатынас жайлы жазбалар. Бәлкім бұл адамдар өздерінің ара-қатынасына сеніңкіремейтіндіктен, оларға үнемі оның шынайы екеніне көз жеткізіп тұру керек шығар? Әлеуметтік желіні қолданудың өз шекарасы бар.

Бәріңіз осы секілді жазбаларды көрдіңіздер. Сіздің жаңалық лентаңыз соларға толы. Бұл – олардың қол ұстасып тұрған, қыдырып жүрген немесе сағынышпен кофе ішіп отырып, бір-біріне ұзақ қарап тұрған суреттері. Онымен қоймай, суреттер мен жазбалардың жыныңа тиетіні – олар арнайы түсірілген. Олар суреттің шынайы және баурап аларлық болғанын қалайды. Бірақ, біз оған үлкен күш пен уақыттың кеткенін білеміз ғой.

Бұл “қойылым” жайында ойлаудың өзі қажытады. Сонымен қатар, махаббат хаттары, жазбалар. Егер сізге махаббат хатын жазу керек болса, неге сол адамның өзіне жазбасқа? Өзіңнің жеке жан айқайыңды бәріне жеткізудің қажеті жоқ. Сырт көзге ғана солай және ешқандай сезімнің жоқ екені көрініп тұрады. Сіз өзіңіздің жұбыңызға емес, көбіне лүпіл мен достарыңыздың реакциясына назар аударатыныңыз мұңайтады. Бұл жазбалардың сауатсыз жазылғаны мен Абай мен Мұқағали өлеңдерінің ұрланғаны одан бетер ашуландырады. Егер сіз жан дүниеңіздің айқайын жалпыға ортақ жерге салғыңыз келсе, онда мінсіз болыңыз. Біреудің сөзін ұрламаңыз. Өйткені бұл мұңға бөлеп, жанашырлық сезімін оятады.

Біз достық үшін сыйластық танытып, пікір қалдырып лүпіл басамыз. Біз мұндай адамдармен ара-қатынасымызды үзбеу үшін еріксіз лүпіл мен пікір арқылы оларды “асыраймыз”. Біз оларға олар үшін қуанышты екенімізді жазамыз. Алайда, жүрек түпкірінде бұл жазбаны тығып қоюды немесе мүлдем өшіріп тастауды қалаймыз. Әрине, бұл бізді шаршатқан достарымызға сезілмейді. Достықты сақтау үшін, олар біздің лүпілдеріміз бен пікірлерімізді күткендіктен ойын ойнауға тура келеді.

Ғылымның ғажайыптарының арқасында бізде жұптардың суреттері мен жазбаларын қабылдамайтынынмызды жеткізетін тың дүниелер бар. Ғылым бізге әлеуметтік желілердегі қарым-қатынастар үшін өзімізді кінәлі сезінбейтіндей мүмкіндік сыйлап отыр. Лондондағы Бурнель университетінің зерттеуіне сәйкес, мұндай адамдар нарциссизммен ауырады. Сонымен қатар, зерттеу мұндай адамдардың өз-өзіне сенімсіз екенін көрсетті. Олар лүпіл арқылы достарының келісімін алып, қарым-қатынасын нақтылау үшін осы іске барады.

“Олардың сыры интернет-достары ұнатпаса да, қолдау көрсететіндігінде болуы мүмкін”, – дейді дәрігер Тамара Маршал.

Міне! Енді сіздердің іш пыстырарлық суреттеріңіз арқылы жан дүниеңіздің ашық тұратыны туралы ғылыммен нақтыланған дәлелдеріңіз бар. Бұл суреттерді лентаңыздан көргенде, өзіңізді кінәлі сезінбесеңіз болады.

ДәуренДәурен
7 лет назад 3757
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11