ЭКСТРИМ: Тас пен көкке оранған тастанды ауыл (фото)
ЭКСТРИМ: Тас пен көкке оранған тастанды ауыл (фото)

Қараусыз қалған қала немесе ауыл туристік орталыққа айналады деп ойлайсыз ба? Әрине, жоқ!

ЭКСТРИМ: Тас пен көкке оранған тастанды ауыл

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бірақ, бұл заңдылық бірнеше онжылдық бұрын балықшылар тастап кеткен қытайлық ауылға әсер етпепті. Бұрын ол ауылдағы таспен қаланған үйлер ешқандай қызығушылық тудырмаған болса, қазіргі уақытта танымал туристік орынға айналып отыр.

Өткен ғасырдың ортасында құрылған Қытайдың Хоутоу Ван ауылы (Houtouwan), Янцзы өзенінің сағасындағы Шенгси (Shengsi) архипелаг аралдарының бірінде орналасқан. Бұл жерде 2 мыңнан аса тұрғындар өмір сүріп, балық аулаумен айналысқан және катерлер мен қайықтары кемежай ретінде қызмет етіп, жанданған порт болған. Сондай-ақ, елдің әр нүктелеріне теңіз өнімдерін жөнелту бойынша ең негізгі ауыстырып тиеу базасы болыпты. Бірақ, бұл жерге де дағдарыс жетіп, балық аулау кәсібі құлдырап кеткендіктен көптеген адамдар ауылды мәңгілікке тастап кеткен. Тек кейбіреулері ғана біраз уақыт болып, алайда, порт жабылған кезде олар да үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған екен. Содан бері бұл ауыл тастандыға айналды. Содан, бірнеше жылдар бойы тас үйлердің қасбеті өзгеріп, оларды табиғаттың өзі ерекше сұлулыққа айналдырды. Жағымсыз болып тұрған жалғыз нәрсе – терезелердің орнындағы қара тесіктер. Ал басқа жерінің бәрін өсімдік басып, нағыз тропика болған. Сондай-ақ, тастанды Хоутоу Ван ауылында орналасқан Гуки аралы – Shengsi архипелагындағы 400 аралдың бірі.

Ауасы ылғалды және тұрақты, жыл бойы температура + 16 градусты көрсетіп тұрады. Бұл жағдай, әсіресе, мәңгілік шырмауық өсімдіктерінің тез өсуіне қолайлы болады екен. Ал осы өсімдіктердің көбеюінен барлық балықшылардың үйі саяхаттап жүрген экотуристердің ғана емес, жергілікті тұрғындардың назарын аударатын жасыл арт-нысандарға айналып отыр. Сонымен қатар, кейбір отбасылар әлі күнге дейін өз үйлеріне барып тұратыны және туристерге қызмет көрсету ісін кәсіпке айналдырғаны белгілі болып отыр. Бұл аралға Instagram-ға жүктейтін әуесқойлар ғана емес, кәсіби фотографтар, тіпті, балықшылар да көптеп барады екен. Өйткені, барлық адам көшіп кеткесін балық та көбейіп кеткен. Міне, бұл да табиғаттың тылсым күшімен ғажайып күйге енген тастанды ауыл.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы, ERNUR.KZ

ДәуренДәурен
4 года назад 2485
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11