Финляндия білім деңгейі бойынша неге әлемде 1-орында тұр?
Финляндия білім деңгейі бойынша неге әлемде 1-орында тұр?

Бес миллион халқы бар Финляндия білім деңгейі бойынша Жапония мен Кореяны басып озып, әлемде №1 орында тұр. Жекеменшік мектептер жоқ, барлық мектептер мемлекеттікі, үй тапсырмасы жоқ, тұрақты емтихандар жоқ, балаларды бағамен қорқытпайды, еркіндігі мол оқу-ағарту жүйесін құра білгендіктен бұл ел бәсекелік қабілеті бойынша әлемді мойындатуда.

ХХІ ғасырда білім беруді жалғыз Финляндия жүзеге асыруда, ал басқа елдер ХХ ғасырдағы білім беру жүйесін әлі ұстануда дейді білетіндер.

6 жасар баланы жазуға үйретіп, тапсырма беретін, бағамен шантаж жасап, сыныптар арасында жарыстырып, мұғалімдер мен мектептен мезі болғызатын білім беру жүйесі кеңестік дәуірдің мұрагері болған біздікі тәрізді бірнеше ғана елде бар дейді.

Біздің біліміміз тек жақсы атақ алу, бос ұран, шәкірттік орталық т.с.с жақсы ат берілген бос сөздер ғана секілді. Бос формализм.

Мектеп 12 жылдық деп айтылғанымен, 6 жасар балаларына арналған бағдарлама бұрыңғы 8 жастағы балалардікіне ұқсас.

Бізде білім берудің қазіргі заманғы қазақ балаларына сәйкес келетін бағдарламалары мен мазмұны болуы керек. Ол үшін балалармен бірге зерттеушілер, ғалымдар және ең жақсы мұғалімдер үстел айналасында жұмыс жасауы керек. Сонымен қатар, бүгінгі міндеттелген оқулықтармен алысқа бармаймыз!

6 жастағы балалар жай ғана ойнауы керек. Бір-біріне көмектесіп, әріп-цифрлармен ойнап, бірлесіп бір нәрсе жасауы керек. Сондай-ақ ертегі оқып, ол ертегіні айтып, әлемді танып -білуге, үй тігіп ойнауға, ата-ананы құрметтеуге, сәлем беру, сәлем алу т.с.с адамгершілік тәрбиесін алуға тиіс.

Олар мұражайға бару керек. Әке-шешесі, ата-бабалары туралы әңгімелесіп, өздерінің, кім екенін білуі қажет. Жақсы мен жаман әрекетті ажырата білуге үйретуіміз керек. Адам болуға үйретуіміз керек.

Ең бастысы, алдымен оқу деген не және оны үйренудің қаншалықты керемет екенін екенін түсінуі керек. Мұны түсінген бала арықарай барлығын өздігінен үйрене  береді.

Ең болмағанда, күн бойы бір-бірінің арқасына қарап отыра бермей, үстелдерін алшақтатып, бір-біріне қарама-қарсы отырып сөйлесуі керек. Осылайша адамдармен қатынасып үйренеді және бір-бірін құрметтеуге үйренеді. Бірлесіп еңбектенуді, бірлесіп жасауды үйренеді.

Суретте: Финляндияда орта мектеп оқушылары сыныпта сабақ оқып үйренуде.

Амантай Тойшыбайұлының жазбасы

Abai.kz

ДәуренДәурен
4 года назад 2007
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11