Биологтардың халықаралық командасы Аустралия жағалауында өліп қалды деп саналған көзі жоқ балықты тапты, - деп жазады New Atlas. Теңіз балығының көзі жоқ, ал аузы денесінің төменгі жағында орналасқан. Сирек кездесетін балық Джервис шығанағында тереңдігі төрт шақырым жерден табылған. Айта кетейік, осындай ерекше балық cоңғы рет 1873 жылы табылған екен. Мамандар бұл жануардың нақты қандай балық түріне жататынын айта алмай отыр, себебі, бұл балық әлі зерттелген жоқ. Бірақ, кейбір биологтар балықтың бұл түрі өте қараңғы жерде өмір сүргендіктен көзі жоқ екенін айтып отыр.