Ғалымдар барлық атом стансасы бір мезетте жарылғанда Жер бетінде не болатынын анықтады
Ғалымдар барлық атом стансасы бір мезетте жарылғанда Жер бетінде не болатынын анықтады

Жер бетінде ядролық шабуыл немесе табиғи апат салдарынан барлық атом электр стансасы бір мезетте жарылса, ғаламшар 156 жыл бойы елсіз мекенге айналады екен. Бұл туралы британияық ғалымдардың Journal of Physics Special Topics басылымында жарияланған мақаласында айтылған, деп хабарлайды РИА Новости басылымына сілтеп Stan.kz.

БҰҰ мен МАГАТЭ-нің соңғы деректеріне сүйенсек, атом электр стансалары электр энергияның жалпы санының 11%-ын өндіреді.

Осы уақытта Жер бетінде шамамен 430 стационарлық АЭС пен 200-ге жуық қалқымалы реактор бар. БҰҰ климатологтарының болжамынша, қазіргі жүзжылдықтың ортасына қарай реакторлар саны екі еселеніп, 898-ге жететін көрінеді.

Ғалымдар Чернобыль АЭС пен “Фукусимадағы” апаттардан кейін жиналған деректер негізінде барлық ядролық реактор бір мезетте жарылса, атмосфераға қанша радионуклид бөлінетінін және ғаламшардың адамзат үшін қанша уақыт қауіпті болатынын есептеді.

Аталған зерттеу жұмысында анықталғандай, цезий-137 мен басқа да изотоптардың ауаға таралуынан Жер беті адамзатқа, телехикаяда айтылғандай,  бес жыл емес, бір жарым ғасыр бойы қауіп туғызады. Ядролық реактор жарылғаннан кейін алғашқы жылдары радиация деңгейі қалыпты нормадан 35 есеге жоғары болады. Тек шамамен 50 жылдан кейін ғана радиациялық фон шартты қауіпсіз мәнге дейін төмендейді екен.

Британиялық ғалымдар шынайы өмірде мұндай апат болуы мүмкін емес екенін атап өтті – қазіргі ядролық реакторлардың дені бірнеше қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған

ДәуренДәурен
7 лет назад 3140
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11