IELTS тапсыру үшін қанша уақыт дайындалу керек?
IELTS тапсыру үшін қанша уақыт дайындалу керек?

Қазір шетелде оқығысы келетіндер көп. Ол үшін алдымен тіл білу керек. Ағылшынтілді еместердің тіл білу деңгейі халықаралық стандарттарға сәйкес IELTSемтиханының көмегімен анықталады. IELTS-қа қанша уақыт дайындалу керек? Емтиханды қайда тапсыру керек және оның құны қанша? Көпшілікті мазалайтын осы сауалдарға 7kun.kz  жауап іздеп көрді.

IELTS – ағылшынша International English Language Testing System, шетелде тұруға, білім алуға немесе ағылшынтілді ортада іс-тәжірибеден өтушілердің тіл меңгеру деңгейін тексеретін халықаралық емтихан. 1989 жылдан бастап IELTS бүкіл әлем бойынша ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын сапалы әрі сенімді сынақ болып қолданылып келеді.

Қазір әлемнің 6 000-нан астам ЖОО, институттары, мемлекеттік мекемелері мен іскери ұйымдары IELTS нәтижесі бойынша қабылдайды. Сынақты әлемнің 120 елінде тапсыруға болады. IELTS сертификаты Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия мемлекеттеріне жарамды. Қазақстан университеттеріне магистратураға тапсыратын абитуриенттерден де IELTS нәтижелері қабылданады. Тестілеу сертификаты 2 жылға жарамды.

Емтихан қалай өтеді?

ағылшынФото: futurelearn.com

IELTS тестілеудің екі түрі бар: academic – білімін шетелде жалғастырғысы келетіндерге, ал General Training шет елге көшуге немесе ұзақ уақыт тұрақтап қалушыларға арналған. Тестілеу 4 сатыдан тұрады: Listening, Reading, Writing, Speaking.

Listening тапсырмаларын орындау тыңдау арқылы жүзеге асырылады. Берілетін 40минуттың 30 минуты тыңдауға, ал 10 минут жауап парақшасына жауапты белгілеуге беріледі.

Reading  оқу бөлімі. 1 сағат ішінде берілген мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру керек. Әдетте оқу үшін 3 мәтін беріледі.

Writing – жазу cауаттылығын тексеретін бөлім.

Соңғы Speaking кезеңінде тест тапсырушы емтихан алушымен 11-14 минут аралығында сұхбат жүргізеді. Мамандар бұл кезеңді диктофонға түсіріп алуға кеңес береді. Емтихан нәтижесін апелляцияға беретін болсаңыз, дәйек ретінде диктофондағы аудионы тыңдату керек.

Қанша төлеу керек?

IELTS емтихандарын арнайы белгіленген уақытта арнайы орындарда тапсыру керек. Ол туралы ақпаратты оқуға түсейін деп жатқан еліңіздің елшілігіне барып анықтап алуға болады. IELTS емтиханын тапсыру ақылы түрде өтеді. 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап IELTS емтиханының құны Алматы мен Астана үшін 50 500 теңге. Қазақстанның өзге аймақтарында емтихан құны басқаша болуы мүмкін.

Қанша уақыт дайындалу керек?

Мамандардың айтуынша, IELTS тапсыру үшін әркім әр түрлі уақытта дайындалады. Орта есеппен алғанда, ағылшын тілін Intermediate деңгейінде меңгергендер 3-4 айдан бастап 1 жылға дейін дайындалса, жақсы нәтижеге қол жеткізе алады.

Дайындық кезеңінің нәтижелі болуы талапкердің қабылдау қарқынына да байланысты. 4 ай – үміткерге берілетін ең минималды уақыт өлшемі.

Қанша ұпай жинау керек?

IELTS ағылшын тіліФото: realstudy.ru

Қазақстандағы үміткерлердің 51%-ы IELTS емтиханын шетелде оқу үшін  тапсырады. Емтихан нәтижесі мен талаптары жоғарғы оқу орнына және талапкер таңдаған мамандыққа қатысты өзгеріп тұрады. Америка Құрама Штаттарында ең жоғарғы талап – 8,5 ұпай болса, Ұлыбританияда ең жоғарғы талап – 8,0 ұпай. Орта есеппен алғанда шетелдегі ЖОО 5,5-7,5 ұпай аралығын да қабылдай береді.

ДәуренДәурен
6 лет назад 4254
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11