Ирандағы қазақ баласы 600 мың оқушыдан озып, президентпен кездесті
Ирандағы қазақ баласы 600 мың оқушыдан озып, президентпен кездесті

Иранның солтүстігінде орналасқан Гүлістан облысының Бәндәр-Түркаман қаласындағы «Тизһушан» (Зерек балалар) мектебінің биылғы түлегі Ерфан Көрпе ел президенті Ибраһим Раисидің қолынан үздік көрсеткіші үшін алғыс хат алды. 

Бұл туралы Instagram желісіндегі dara_qazaqstan парақшасына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы хабарлайды.

dara_qazaqstan парақшасының хабарлауынша, Иранда жыл сайын ЖОО-ға түсуге конкурс өтеді. Биыл 600 мың бала қатысыпты. Солардың ішінде Ерфан Көрпе 3-орын алған. Үздік ондыққа, жүзікке және мыңдыққа іліккен балалар парсы елінде ерекше бағаланады екен.

Ерфан Көрпе бүгінде Тегеран университетінің медицина және жаңа технологиялар факультетіне оқуға түскен.

Алғаш рет Гүлістан облысынан және қазақ қауымы арасынан осындай көрсеткіш көрсеткен баланы «Һамйаран» қазақ қауымы облыстық деңгейде бір құттықтаса, Тегеран университетінде мемлекеттік деңгейде ел басшысы Ибраһим Раиси мырза екінші рет құттықтады деп жазады newsroom.kz порталы.

Айта кететін жайт, Иранда конкурс сала-салаға бөлінеді екен: қолданбалы ілім, математика, гуманитарлық ғылым, өнер және тіл.
Жалпы талапкерлер саны 1 367 931 адам болған. Оның ішінде қолданбалы ілімге 600 000 бала тапсырған. Соның арасынан Ерфан топ жарды.

ДәуренДәурен
3 года назад 1499
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11