Жылаудың үш түрі
Жылаудың үш түрі

Хәзіреті Әли (Алла оған разы болсын) жылаудың үш түрі болатындығын айтқан:

«Бірі Алла Тағаланың азабынан қорқып жылайды. Бірі Алла Тағаланың ашуынан қорқып жылайды. Енді бірі Жаратқаннан ажырап, жалғыз қалудан қорқып жылайды:

Құдай Тағаладан қорқып жыласа, күнәлардан тазарады.

Азабынан қорқып жыласа, айыптан тазарады.

Одан ажырап, жалғыз қалмайын деп жыласа, Жаратқанның разылығына ие болады.

Күнәдан тазарса, азаптан құтылады.

Айыптан тазарса, дәрежесі биіктеп, мәңгілік жәннатта рахатта болады.

Жаратқанның разылығына ие болса, оның жүзін көреді. Періштелер оны зиярат етеді. Алла Тағаланың алдында оның қадір-қасиеті өседі. Жаратқан оған мейірім назарын салады».

«Мунаббихат» кітабынан

ДәуренДәурен
8 лет назад 3491
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11