АҚШ-тың Жохал (Johal) есімді әлеуметтік желі белсендісі көпшілікті тәнті еткен кезекті тәжірибесін жасады. Жохал жасырын камера арқылы көшеде орындықтың бірінде ұйықтап жатқан үй-күйі жоқ, көшеде түнеп жүрген ересек кісі ұйықтап жатқан кезінде қасына 500 $ ақша қалдырып кетеді. Ұйқыдан тұрған соң ойда жоқта табылған олжаны көрген әлгі кісі ақшаны алып дереу жергілікті дүкеннен өзіне қажетті жастық пен жамылғы сатып әкеледі. Сол сәтте Жохал оның жанындағы орындыққа отырып, ұялы телефонмен сөйлесіп былай дейді: – Менің дәл қазір ақшам жоқ, ешкім маған қарызға ақша бермей жатыр. Қызымның ендігі жағдайы маған байланысты болып тұр, оған қажетті дәрі-дәрмек алып бере алмай отырмын. Қызымды емдеу үшін ақша керек. Қайдан тапсам болады екен? – деп күйзелген кейіп танытады. Мұны естіп отырған үй-күйсіз кісі: – Сіз осында отыра тұрыңыз, мен қазір келемін, - деп, қолындағы дүкеннен алған затын кері әкетеді. Біршама уақыттан кейін сатып алған жастығы мен жамылғысын дүкенге өткізіп ақшасын қайтарып алып, жігітке ұсынады. Оның бұл әрекетіне таң қалған Жохал: – Сіз мұны не үшін жасадыңыз? Ақша өзіңізге қажет емес пе? – деп сұрақ қояды. – Мен әр жерде жатып үйреніп қалғанмын. Осы уақытқа дейін жастықсыз, жамылғысыз жатып келдім. Менің жағдайымды қоя бер, бір мәнісі болар. Сен алдымен қызыңды емдет. Ақша менен гөрі саған аса қажет болып тұр ғой, - деп жауап береді ол. Мұндай жауапты естіген белсенді оған риза болып құшақтайды да оған тағы тағы 50