Мамандар артық салмақтан арылу үшін қара шайды қалай ішу керегін айтты
Мамандар артық салмақтан арылу үшін қара шайды қалай ішу керегін айтты

Ғалымдар қара шайдың артық салмақтан арылуға көмектесетінін айтты. Шай асқазандағы микрофлоралар жұмысын жақсартады.

«Біз көк шайдың құрамындағы полифенолдың қара шайға қарағанда адам ағзасына қатты әсер ететінін бұрын да білетінбіз. Ол қан тініне еніп кетеді. Енді қара шайдың асқазан микрофлорасына әсер етіп отырып адамның денсаулығын жақсартып, артық салмақтан арылтанынын анықтадық», – дейді мамандар.

Ғалымдар тышқандарға арнайы зерттеу жүргізіп көрді. Олар тышқандарға алдын ала құнарлы тамақтар беріп семірткен. Кейіннен екі топқа бөліп бірінің тамағына көк шайды, екіншісіне қара шай қосып береді. Кейіннен тышқандардың салмағы түскені байқалған.

Мамандар шайдың жүрек жұмысын жақсартып, глюкозаларды қалпында ұстайтынын айтады.

Ғалымдардың айтуынша, қара шай ағзаға дұрыс әсер ету үшін оған қант пен тәтті қоспай ішу керек.

http://stan.kz

ДәуренДәурен
7 лет назад 4232
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11