МАРҚҰМ АТА-АНАДАН КЕШІРІМ ҚАЛАЙ СҰРАЛАДЫ?
МАРҚҰМ АТА-АНАДАН КЕШІРІМ ҚАЛАЙ СҰРАЛАДЫ?

Анаңыз алдында перзенттік парызыңызды дұрыс өтей алмадым деп сезінсеңіз, ең әуелі Алла Тағалаға шынайы тәубе еткен дұрыс. Мұнан соң, қате-күнәсінің кешірілуі үшін  анаңызға арнап дұға жасаңыз және анаңыздың атынан садақа беріңіз. Сонымен бірге, анаңыздың туыстарымен ара-қатынасыңызды түзеңіз. Өйткені, бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Алла елшісі! Ата-анам бақилық болған соң оларға менің жасайтын тағы да бір жақсылығым бар ма? - деп сұрағанда Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә, бар. Ата-анаңа дұға ету, олардың ақысына истиғфар айту, оларға берген уәдені орындау, екеуінің ағайын-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу және дос-жарандарына жақсылық жасап тұру[1]», - деген екен.+

Қорыта айтқанда, адам баласы ата-анасына бақилық болған соң да кешірім сұрауына және жақсылық жасауына мүмкіндігі бар. Дейтұрғанмен, ата-ананың көңіліне қаяу түсіру үлкен күнә және дұға-тілегінің қабыл болмауының басты себептерінің бірі екенін ұмытпаған жөн.

ДәуренДәурен
8 лет назад 3833
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11