Nurat Ilyas: 911 ойыны
Nurat Ilyas: 911 ойыны
1) АҚШ-ның апаттық жағдайлардағы телефон қоңырау жүйесі 911. Голливуд фильмдерінде қиын жағдайға тап болғандардың барлығы 911-ге хабарласып жататынын жақсы білесіз. Сәйкестік дейсіз бе, әлде әдейі сол күнді таңдады ма, АҚШ « ислам террорымен» күресті 11.09.2001-де Ню-Йорктегі «егіз мұнараларға шабуыл жасалғаннан» кейін бастады. Шабуыл жасаған «Аль Каида» деп шешті және Ауғанстанға кіретінін мәлімдеді. 07.10.2001-ден бастап кірді. Кірді, Тәліпті тау-тасқа қуды. Қуыршақ үкімет құрды. 2011 дейін Бен Ладенді іздеумен болды. Соңында Пәкістанда «тауып өлтірдік» деді. АҚШ әскері 20 жыл бойы Ауғанстанда қалып соңында шығатынын мәлімдеді. 85 млрд доллар тұратын қаруын Талибанға тастап кетті. Кетіп бара жатып жарып, жойып кетуге де болатын еді. Не мақсатпен екені белгісіз қару-жарағының шаңын сүртіп, майлап беріп кетті. 14 сәуір 2021-де Джо Байден «АҚШ әскері Ауғанстаннан тура 20 жылдан кейін 11.09.2021-де шығады деп мәлімдеді. Бірақ 31 тамыз тастап шықты. Тәліптердің мұншалықты тез қимылына әлем шок болды. Ауғанның 34 аймағының 95 пайызға жуығын Талибан бір оқ шығармай-ақ басып алды. Ел астанасы Кабул де соның қатарында. Ауған билігі 300 мың әскермен беріле салды. Оның себебі- Тәліптер де қашып кеткен Ауған билігі де әмірді бір орталықтан алып отырғандай көрінді. Ал Кабул әуежайындағы ұшып бара жатқан ұшақтың нөмірі «1109» (4-ші сурет). 11 тамыз 2016 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида митингінде Хиллариге шүйлігіп «Аль Каида мен ИГИЛ-ді басқарушы, құрушы топтар арасында Хиллари Клинтон мен Барак Обама да бар екенін» ашық айтып қалды https://www.bbc.com/turkce/37049472 . Кейін ол жайында «қате айттым» деп деп кешірім де сұрамады. Шындықты айтқанына өкінбегендей. АҚШ-тың бір ерекшелігі елді кім басқарса ол басқарсын, сыртқы стратегиялық саясаты өзгермейді.
2) АҚШ әу баста Ауғанстанға кіргендегі мақсаты «террористер» емес, Ресей, Қытай және Иран сияқты өзінің жауы санайтын едердің ортасына орналасып алғысы келгенін бәріне белгілі еді. Картаны қараңыз. (1) Келді орналасты. Ауғанның Ваханг дәлізі арқылы (Исла́мское движе́ние Восто́чного Туркеста́на) СУАР-ға ықпал ете алмады. Хизбут Тахрир-Жалпы Орта Азия, ИДУ-Өзбекстан, ИВТ-Тәжікстан , Джамаа́т Табли́г –Қырғызстан тағы осыған ұқсас көптеген ұйымдар арқылы түрлі ойындар жүргізіледі деп күтілді. Болмады. Бірақ осы жоғарыда аты аталған ұйымдарды Орта Азия елдері енді бұрынғыдан да бетер қадағалап отыруға мәжбүр. Себебі ол ұйымдарға ақша түсіп, жан біте бастайды. Ең бірінші кезекте Тәжікстан мен Өзбекстан. Тәліптер Ауғанстандағы өзбек пен тәжікті осы ұйымдар арқылы Тәжікстан мен Өзбекстанға қолдануы мүмкін. Бірақ ол болашақта. Тәліптер қазір ешкімге тиіспейді. Олардың басты мақсаты өздерін әлемге мойындатып алу. 911 ойыны демекші Тәліптер Кабулда 11.09.2021 жылы өз үкіметін таныстырды. Оған ең алдымен Қытай, Ресей, Иран, Пәкістан сияқты елдер шақырылды. Ертең Ресей мен Қытай тәліпті мойындаса Орта Азия елдері де жәйлап мойындай бастайды. Ал Талибан құрамында қазақтар бар ма? Әбден мүмкін. Ауғандық өзбектер мен тәжіктер Талибан үкіметінде орын алды. Ассамблея саясатын жақсы игерген )
3) Талибан қайдан шықты, Олар кімдер Talibans ? Араб тіліндегі «талиб-шәкірт» сөзіне пуштунжа «ан» көпше түрі қосылып «Талибан-шәкірттер деген мағынаны білдіреді. Ұйым 1994 жылы Пәкістанда құрылды. Қаржы БАӘ және Сауд Арабиядан келіп тұрды. Оның артында Англия мен АҚШ тұр. Үндістаннның Дар уль-Улюм Деобанд (хинди दारुल उलूम देवबन्द, урду دارالعلوم دیوبند‎, «Білім мекені») медрессесіндегі шәкірттер құрған ұйым. Бір қызығы бұл ұйымдар Ауғандық пуштундардан гөрі Пәкістандық пуштун көп. Тәліптер Ауғанстанды 1996-2001 жылдар аралғында биледі. КСРО қалдырып кеткен қуыршақ президент Наджибулланы 1996 жылы 27 қыркүйекте дарға асты. Тарихын жазсақ ұзақ болып кетеді. Олардың жолы мен дүниетанымы. Тәліптер тура Орта Азия елдеріндегі муфтияттар ұстанатын Ханафи мазхабынан, Ханафи доктринасынан, оның ішінде Матрудилік көзқараста. Үндістандық Деобанди жолындағы -Таблиг Джамаат- основан в 1926 году в провинции Индии, Мевате, исламский богослов деобандийского направления, основатель Маулана Мухаммад Ильяс . Бір қызығы 1953 жылы Ливанда Набхани тарапынан құрылған Хизбут Тахрир де Деобанди мектебімен үндес. Орта Азиядағы сопылар да Ханафи мазхабынан. Зікір салулары да бірдей. Жария зікір және іштей зікір сала береді. Бізде де пацифист зікіршілер бар. ИДУ мен ИВТ да деобандилықтармен Абу Ханифа мазхабы бойынша жолығады.
Среди сотен тысяч религиозных образовательных учреждений в исламском мире сегодня имеются только два заведения, которым мусульмане доверяли больше всего: одно из них — Аль-Азхар в Каире, а другое — Дар уль-Улюм в Деобанде[2]. Ал енді осы екі мектептің де артында Англия тұр. Келтіретін дәлел мен мысал көп. ИГИЛ шиғаларды кәпірден де бетер жек көреді. Деобанди мектебі болса төзімділік танытады. Түркиядағы Нахшибандия жолындағы Кадирия тарикаты да осылармен үндес. Бірақ пацифист.
4) Ауғанстанды түсіну үшін Ауған халқы туралы: Жалпы халқы 38 млн шамасында. Пуштундар 15 млн. Ал Пәкістандағы пуштундар саны 45 млн. Тәжіктер 11 млн. Тәжікстандағы тәжікерден көп. Тәжікстанда 8 млн. Хазаралар 2,5 млн. Өзбектер 2 немесе 3 млн шамасында. Түркмендер 1 млн шамасында. Қазақтар белгісіз. Бұрын Стамбулда тұрғанымда Ауғаннан көшіп келген білімді, сенімді бір қазақ «ол жақта көп болса 7-8 үй ғана қалған деген. «Ары кетсе 100 адам болар» дейтін . Қазір біздегіледің ойбай ол жақта 50-100 мың дегені өтірік.
5) Тәліптердің билікке келгеніне Қытай мен Ресей қуанды. Біріншіден АҚШ аулаққа кетті. Иран мен Пәкістан жіті қадағалап отыр. Тәжік пен Өзбек сескеніп қалды. Себебін жоғарыда жаздым. Орта Азия мен Иран бір-біріне жоламсын деп Мәскеу Түркменістанды нейтралкіге (бейтарап саясат) салып тастаған. Жоғарыда айтқанымыздай Иранда моңғол-түркі текті Хазаралар бар. Бірақ тілін жоғалтқан. Парсы тілінде сөйлейді. Хазаражат жерінде тұрады. Ұтқан солар болды. Тәліптер Иранмен жақсы болу үшін хазараларға тиіспейді. Себебі Хазаралар-шиғалар. Шиға Иранның ресми діні. Яғни исламның шиға бағыты. Қытай Ираннан осы жылы көктемде 25 жылға 40 млрд долларға мұнай алатын болды. Ауғандағы тыныштық Иран мен Қытайға керек. Тәліптерге де ақша керек. Иран сыртқы саясатын шиға ықпалы арқылы жүргізеді. Ол Сирияда, Иракта, Иеменде көрінді. Орта Азия босқын алмайды. Ең алдымен Орта Азия өздері қаламайды және Мәскеу наразы. Тәліптерден Қазақстанға келер қауіп жоқ. Тәліптер сырттан алатын ұнның 67 пайызын бізден алып отырған. Тәліптер ұн сатып алу үшін ақша іздейді. Ақшаны Қытай береді.
6) Тәліптер Пәкістанға Хайбер (7 сурет) дәлізімен бұрын КСРО кезінде де шығып тұрды, қазір де Тәліптердің әлеммен жалғасатын тұсы осы Хайбер дәлізі. Олардың ендігі үміті Қытаймен Ваханг (3 сурет) коридоры арқылы жақындасу. Қытайдың өз геосаясаты бар. Ана жақта Тайвань мен үнді-тынық мұхит аймағы НАТО әскерімен қоршалса Ауған арқылы Иран-Парсы шығанағына шығамын деп ойлайды. Және ол Қытайдың «Бір жол, бір бағыт» саясатының мақсаты. Ауған халқының саны Пәкістаннан келетін пуштундар арқылы арта түсуі мүмкін. Везиристанымен қосып Пушутунустан үлкен бір аймақ ел. Өзінше бір мәдениет. Пәкістан мен Инидия арасында Кашмир аймағы мәселесі бар. Оның да тарихын жазу ұзақ. Азат Кашмир Пәкістан жағында, Жамну Кашмир Үндістан жағында. (2) Пәкістан тәліптерді кейін осы жанжалда қолдануы мүмкін.
7) Талибаннның артында сөзсіз Пәкістан тұр. Пәкістан ағылшынның бұрынғы отары және қазір де әмірін екі етпейді. Бірақ қазір Пәктар екі фронтта жұмыс істей бастады. Ақшаны көп төккен ортаға Қытай шықты. Талибанның әскери басшылары, кеңесшілері Пәкістанның арнайы қызметінен келгендер. Англия/АҚШ келісімі бойынша Пәкістан белгілі бер жерге дейін Пекинмен іс жүргізе тұрады. Ар жағы бұлыңғыр. Бұлыңғыр дейтін себебеміз Кабулге ең соңғы қалған 5 мың АҚШ әскерін әкетуге келген ұшақтар бұрынғы ИГИЛ әскерін әкеліп түсріп кеткенге көрінеді. (шетел сарапшыларынан) Таяу Шығыста 5000 мың долларға соғысып жүргендер 5500 берсе неге тәліптер жағында соғыспасқа. Тағы бір хабар бойынша тәліптер наркобизнесті жаңадан басқаша жолдармен қолға алады. Жолдар өзбек-тәжік бағыттында. Ары қарай Еуропаға жол.
8. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 қыркүйек күні Тәжікстанға барады. ОДКБ жиыны өтеді. ОДКБ-ға мүше Орта Азия президенттері, Белорусь, Ресей, Армения басшылары жиналады. Күн тәртібінде Ауғанстан-тәліптер. Тәліптердің жүгермек бала екенін айтып Ресей Орта Азияны тағы өзіне тартады. Ертеңіне 17 күні Душанбеге Қытай, Үндістан, Иран басшылары келеді. ШОС-тың 20 жылдығын тойлайды. Сол жиында Иран ШОС-қа толыққанды мүшелікке өтеді. Ауғанстан. Хазара жайын тағы бір рет көз алдыңызға елестете беріңіз. Ал АҚШ пен Англияның келесі жүрісі белгісіз. Бір қармақ тастап кеткендей.
9) Ал Орта Азия екі елдің ықпал аймағына қалды. Бұрынғы КСРО құрамында болғандар Ресейдің. Ауғанстан Пәкістан арқылы Қытайдың. Ресей Орта Азияда билігін жоғалтпас үшін болашақта «шәкірттермен» келісіп бірдеңе жарып, өзі көмек ұсынуы мүмкін.
May be an image of map және text that says 'Tajikistan Wakhan Tract China Pakistan Occupied Kashmir Afghanistan Aksai Chin Jammu & Kashmir Pakistan India'
May be an image of text that says 'Kcell 4G < 74 % 22:06 Bbl 13.09.2021, 19:01 Bce SAIR FORCE 109 62AW M'
ДәуренДәурен
3 года назад 1874
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11