Қали Жүніс моншасы жайлы не білеміз? (фото)
Қали Жүніс моншасы жайлы не білеміз? (фото)

Қали Жүніс моншасы - ХІХ ғасырдың шаруашылық-тұрмыстық сәулетінің жақсы сақталған ескерткіші. Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Монша 11 орын-жайдан тұрады және римдік терм және түрік хамамдары стилінің бірегей үйлесімі болып табылады. Сондай-ақ монша сәулетінде осындай ғимараттарды салудың жергілікті дәстүрлері көрініс табады. 

Тараз қаласының бай тұрғыны көпес Жүніс, лақап атты «Қали» Бұқара жібегін сату арқылы дәулетке кенеледі. Оның жеке керуен-сарайы болады. Замандастарының айтуынша Жүністің байлығы бірнеше сандық асыл тастармен бағаланған. Қалаға құрылысшылар – Ферғана мен Бұқараның шеберлері келгенін естіген Қали, оларды өзіне шақырып қала тұрғындарына алғыс ретінде қоғамдық монша салуды тапсырады. Құрылыс орнын өзі таңдап, бірінші кірпішті өзі қалайды.


Монша Орталық Азияның қоғамдық құрылысына тән үлгіде күйдірілген кірпіштен қаланған. Орын-жайлардың жабық қабырғалары күмбезді болып келеді. Бүгінгі күні 11 орын-жайдың орыны сақталған – он бірінші орын-жай қиратылған. Құрылыстың барлық бөлмелері өзара арықтық өткелдермен байланысқан.

Моншаның алаңы - 18х25 метр. Қабырға қалыңдығы 0,8 м, биіктігі 2,5 метрден 3 метрге дейін, күмбезге дейінгі орын-жай ұзындығы – 4-6-метрге дейін. Жарық түсіру үшін күмбездердің жоғарғы бөлігінде тікбұрышты саңылаулар жасалған. Ішкі жағында моншаның қабырғалары текшелермен, аркалармен, жазбалармен, фреска және мозаикалармен әшекейленген. Қасбетті сәндегенде алдыңғы кірпіш қалауы қолданылған, іші сыланған.


Монша ғимараты міндеттеріне қарай бөлінген 3 топтан тұрады. Ортақ қолдану кеңістігінде ауыз үй, вестибюль, демалатын бөлме, ортасында массаж софасы және бұрыштарда қуыстары бар жуынатын зал, қыздыруға арналған орын-жай, жуынуға арналған ыстық және суық су сақталатын үлкен резервуарға бұрылған қуыстары бар екі бөлме. Техникалық сектор ыстық және суық су сақталатын үлкен резервуардан; қабырғаға жапсырыла орналасқан су ысыту қазанынан, ауласда орналасқан құдық пен септиктен тұрады.


Қолданылуы шектелген сектор аулаға шығатын бөлек есігі бар кішігірім жуынатын орын-жайлардан тұратын оқшауланған блок. Монша еден астындағы жылуды жинайтын қалташалардың арналары арқылы қабырғаға жапсырыла орналасқан су ысыту қазаны есебінен қыздырылды.


1982 жылы Қали Жүніс моншасы республикалық маңызы бар ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілді және мемлекет қорғауына алынды. Осы жылы Жамбыл қайта қалпына келтіру шеберханасы алғаг қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Ежелгі Тараздың 2000-жылдық мерейтойына орай 2002 жылы «Казреставрация» РМКК мамандары толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Моншаның негізінде 2007 жылы «Ұлы Жібек жолының ежелгі қалалары» мұражайы құрылды.

culturemap.kz

ДәуренДәурен
8 лет назад 5073
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11