Қазақстанда басшысы ескертусіз жұмыстан шығарса, қызметкер не істей алады?
Қазақстанда басшысы ескертусіз жұмыстан шығарса, қызметкер не істей алады?

2020 жыл бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан үшін оңайға соқпады. Статистикалық деректерге сүйенсек, былтыр жұмыссыздық деңгейі 5%-ға өскен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 4,8%-ға тең еді. Карантин кезінде көп бизнес түрі жабылып, мыңдаған қызметкерлердің нәпақасыз қалғаны жасырын емес. Осы кезекте Stan.kz қызметкердің қандай құқығы бар, неге сүйене алады деген сауалға жауап іздеп көрді. Егер бастығы алдын ала ескертусіз жұмыстан шығарып жіберсе, қызметкер не істей алады? Жұмысшының заңды құқығы қандай? Біздің тілшісі салық қызметкері Олжас Отармен тілдесеп, қызметкер құқығы туралы сұрап білді. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Олжас Отардың айтуынша, басшысы алдын ала ескертусіз жұмыстан шығарып жіберсе, қызметкер сотқа арыздана алатынын айтады. Қызметкердің заңды құқығы туралы Олжас Отар былай дейді:  

"Басшы еш уақытта қызметкерді алдын ала ескертусіз жұмыстан шығара алмайды. Өйткені, жұмыстан шығару үшін негіз керек. Ол қызметкердің жеке өтініші немесе тәртіп бұзған болса тиісті тәртіптік іс бойынша материал. Ал, тәртіптік іс бойынша материалмен қызметкер міндетті түрде таныстырылуға жатады. Сондықтан сыртынан жұмыстан шығару мүмкін емес. Дегенмен, егер жоғарыда айтылғанның біреуі де жасалмай жұмыстан шығарылған болса, қызметшінің сотқа шағым келтіру құқығы бар және әдетте мұндай жағдайда жұмыс беруші сотта жеңіліп жатады", - дейді ол.

— Елімізде көп жағдайда басшының сөзіне қарсы келмей, өз құқығын алға тартудан қызметкер жасқанады. Бұл қаншалықты дұрыс? Басшы мен қызметкердің құқықтары жайлы ажыратып айтып берсеңіз.

— Басшының қызметкерден оның тиісті міндеттері бойынша жұмысты талап ету, оған баға беру, қызметкерді көтермелеуге немесе жаза қолдану құқығы бар. Сондай-ақ, тиісті тәртіпте жұмыстан босату құқығына да ие. Ал, қызметкердің құқықтарына еңбегі үшін ақы алуға, демалуға, жұмыс істеуге қажетті жағдайды талап етуге құқығы бар. Сондай-ақ, басшы екеуінің арасында қабылданған еңбек шартына сәйкес басшының жұмыскердің алдындағы міндеттерін орындауды талап етуге құқығы бар. Негізі бұл қызметкер мен басшының арасындағы мүдделестікке байланысты. Яғни, басшы тиісті қызметкердің еңбегіне зәру болса, қызметкер соғұрлым жоғары талап қойып, құқығын қамтамасыз ете алады, - дейді салық қызметкері.

Олжас Отардың сөзінше, егер қызметші жұмысқа зәру болса, онда соғұрлым басшының талабы жоғары болады.

"Жалданарда жұмыс берушінің талабы мен еңбек қатынастарының шарттары ұнамай ма, жалданба. Қарапайым тілмен айтқанда: "Төлейтін адам әнге де тапсырыс береді". Мұны дұрыс немесе бұрыс деп айтуға келмейді. Бұл өмірлік қағида", - дейді ол.

Жұмысшы мен бастық құқығы туралы өзге елдерде де бар мәселе. Қай елді алсаң да еңбек қатынастары екі жақты келісіммен орын алады дейді Олжас Отар.

"Келісімшартта басшы құқығы әрине әдетте жоғары тұрады. Себебі, жақсы менеджер табу қиын. Ұйымдағы штаттың өзін қарайтын болсаңыз, басшы мен қызметкерлердің сандық қатынасынан-ақ басшының орны ерекшеленіп тұр емес пе? Қызметкерлер саны көп, яғни олар жеке дара өзінің тікелей міндеттері аясында еңбектенеді. Ал, басшының жемісі тұтастай барлық қызметкерлердің жұмыс сапасына байланысты", - дейді ол. 

Олжас Отар ең бастысы екеуінің де азамат ретіндегі жеке басының қадірленуіне және қауіпсіздігін сақталуына құқығы барын алға тартады.

— Дегенмен Қазақстанда неге қызметкерлер өз құқығын алға тартудан қорқады? Әлде бұл бастыққа деген құрметтің, сыйластықтың бір түрі ма?

— Ешбір адам өз құқығын алға тартудан қорықпайды негізі, тек әрбір индивидтің өзінің шыдамының шегі бар. Ділдік ерекшелікке де байланысты. Біздің елде азаматтар, әсіресе қазақ ұлты үлкен шыдамдылықпен ерекшеленеді, көп жағдайға сабырлықпен қарайды. Бұл бірақ жасқаншақтық деген сөз емес. Көп жағдайда тентек басшыны сабырлығымен жеңіп алатындары да қаншама. Басшы да адам ғой, бетінен алып, төсіне шаппайтын қызметкерді ақыры мойындайтыны сөзсіз (әрине егер түк ұқпайтын, қолынан іс келмейтін қызметкер болмаса ғана), - дейді ол.

Олжас Отар бұны сыйластықтан гөрі, гармонияға келу деп түсіндіреді, яғни, тіл табысу деген дұрыс дейді. 

— Қандай жағдайда басшы қызметкерін жұмыстан шығара алмайды?

— Заңнамамен кепіл берілген жағдайларда шығара алмайды. Яғни, ауырып жатқан кезде, демалыс кезінде, іс-сапар кезінде. 

Ал адвокат-заңгер Альбина Бахтиярқызы жақында ғана осындай мәселемен сотқа арызданған тұлғаның ісін қарағанын айтады. Бұл жолы жұмыс беруші денсаулық жағдайымен жұмысқа келе алмаған жұмыскерді еш ескертусіз жұмыстан шағарып тастаған көрінеді. Егер осыған ұқсас жағдалар қайталанса, сотқа шағымдауға және жұмыста болмаған айлары үшін ақысын алуға құқылы екенін жеткізді. 

Мұндай жағдайларға қатысты Бахтиярқызының айтары бар. 

"Жұмыс беруші жүмыскерімен еңбек келісім шартын бұзғысы келсе, бір ай бұрын жазбаша түрде ескертуі керек. Егер бастық алдын ала ескертусіз бірден шығарған болса, сотқа дейінгі аамлдарды жасауа керек. Ол дегеніміз, шағыммен тиісі органдарға жүгіну. Сот кезінде еш негізсіз шығарып жіберді дегендері дәлелденсе, онда жұмыскердің осы уақытқа дейінгі жалақысы қайтарылады. Негізсіз шығарып жібрген уақытынан бастап төленеді", - дейді Аьбина Бахтиярқызы. 

stan.kz

ДәуренДәурен
4 года назад 2034
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11