Қазақстанда неге азаматтық алу оңай?
Қазақстанда неге азаматтық алу оңай?

Қазақ халқының қонақжайлығын әлем халықтары мойындады. Келген қонақты дән риза қылып қайтару міндетімізге айналғандай. Әрине, бұл да дұрыс шығар. 

Алайда бұл қасиетіміздің жақсылығымен қатар зиянын да әлі күнге дейін көріп келеміз. Солардың бірі – ҚР азаматтығын алу. Бүгінгі күні еліміздің азаматтығын алу шетел азаматтары үшін оңайға түсіп отыр. Мысалы, АҚШ азаматтығын алу үшін сізге ең кемінде 10 жыл сол мемлекетте тұруыңыз шарт. Әрі Құрама Штаттар тарихы мен географиясынан емтихан тапсырасыз, ең маңыздысы - Библияны қолыңызға ұстап ант беруіңіз қажет екен. Ал Германия азамттығын алуыңыз үшін неміс жерінде ең кемі 6-8 жыл тұрып, неміс тілін В-1 деңгейінде меңгеруіңіз міндетті. Әрі өз отбасыңызды асырай алатыныңызды, өмір бойы қаржы тапшылығы болмағандығын дәлелдей алуыңыз керек. Бір қызығы Германияда қос азаматттық деген жоқ. Не өз еліңіздің азаматы боласыз, не таза Герман азаматы болып қалуыңыз керек.

Бізде қалай? 

1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған Азаматтық туралы заңда еліміздің территориясында 5 жыл тұру қажеттілігінен басқа міндеттер жайында сөз қозғалмаған. Біз елімізге келген шетел азамттарынан ұлттық тілімізді білуін талап етпейміз. Керісінше, өзіміз сол тілде сайрап сала береміз. Қынжылтатыны да осы, өз жерімізде тұрып өзге халықтың тілінде сөйлеуге міндеттіміз. Заңның 11-бабына сәйкес «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi» деп көрсетілгенімен, бұл заңның орындалып жатқаны шамалы.

Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан білікті мамандар қажеттілігі әлі де білінеді. Сол себепті, шетел мамандарына азаматтығымызды ешқандай қиындықсыз беру жайында заңға біраз өзгерістер енгіздік. Осы тұста тағы бір мәселе пайда болады. Жұмыс бабымен немесе өзге мақсатпен келген шетел азаматтары қазақ қыздарына үйлену арқылы еліміздің тарапынан біраз жеңілдіктер алуда. Осылайша елімізде тайраңдап жүргендер қаншама. Енді өзге елдермен салыстырып көрелік. Тағы да Германияда егер неміс азаматшасына үйленетін болсаңыз сізге тек 5 жылдан кейін ғана азаматттық беріледі. Демек, сіз отбасыңызды тастап ешқайда кете алмайсыз. Жапонияда үйленген соң азаматтық сізге кемінде 4 жылдан соң ғана беріледі екен. Енді ойланып отырсақ, біздің мемлекет азаматтығын шетке тегін таратып отырғандай көрінеді.

Кейбір заңгер мамандардың пікірінше азаматтық алу және шетел азаматына азаматтық беру үшін арнайы комиссия құрылғаны дұрыс дейді. Заңгер Гүлмира Қуатбекова бұл жөнінде «Қандай да бір статус алу үшін қажетті құжаттар тізімі бойынша әрбір аудан әртүрлі талап қояды. Біз оны практика жүзінде көрдік, білеміз. Сондықтан ықтияр хат бар, басқа да талаптар бойынша мемлекеттік комиссия құрылып, (ықтияр хат пен оралман куәлігін талап етпейтін – ред.) жеңілдік туралы шешім қабылдау қажет" деп өз ойын білдірген еді

Қорыта келе, халықтың бар байлығын шетке таратып, дәстүр, тіл және мәдениетімізді даму жолында аяқ асты еттік. Жарайды дамитын шығармыз, әлемдік аренадан ойып орынымызды алдық делік. Бірақ, сан ұлттан құралған көкірегінде ұлтқа деген сезімі жоқ халық ретінде қалып қалмасақ болғаны. Сол үшін ҚР Азаматтық туралы заңнамасына бірнеше өзгерістер қажет деп ойлаймын.

Назархан Уән

bugin.kz

ДәуренДәурен
5 лет назад 3115
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11