Қытай және Орта Азияға қатысты шағын сараптамалар
Қытай және Орта Азияға қатысты шағын сараптамалар
 
 
Бірінші, өлкелік үкімет соңғы үш айдан бері "Шыңжаң мәселесі" бойынша жіті саяси бақылауды қолға алып жаңа саяси реформалар мен бірқатар ауыс-түйістерді іске асырып жатыр. Осы саяси науқан кезінде Шыңжаң өлкелік үкіметтің екі бірдей төраға орынбасары отставкаға кетті. Бұдан бөлек қосымша тергеуге алынған өлкелік үкіметтің партия кадрлары мен кейбір лауазымды тұлғалары тағы бар.
 
Екінші, өлкелік үкімет құрамындағы кадрлық тағайындаулар бұнымен тоқтап қалмайды, 2022 жылға дейін жалғасын табады және Чэнь Цюаньго-ның(陈全国) командасы толығымен биліктен ауысады. 2016 жылы өлке тізгінін қолына алған Чэнь туралы екі түрлі болжам бар: бірі, орталық билікке ауысып премьер министрдің орынбасары дәрежесіне дейін көтерілуі мүмкін; екіншісі, басқа провинцияларға басшы болып ауысуы мүмкін;
 
Үшінші, Шыңжаң өлкесіндегі ауыс-түйістер кезінде уақытша "жылымық" саяси кезең басталады. Бұл "жылымық" саяси кезеңде Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы белгілі деңгейде өз мүдделеріне шешілуге тырысады. Мысалы: шекара ашылады, бизнес-сауда қалпына келе бастайды, қандастар елге ағылады, тб. БІРАҚ, "жылымық" саяси кезең қысқа уақыт сүреді. Өлке билігін толықтай қолға алған саяси кландар орталық билікке жағыну үшін "Шыңжаң мәселесін" шешудің жаңа саяси концепциясын ұсынады. Бұл оқиға 2009 жылға ұқсайды. Ол жылдары өлке кланы Ван Лэцюань(王乐泉) отставкаға кетіп, Чжан Чуньсянь-нің(张春贤) уақытша "жылымық" саяси кезеңі басталып еді.
 
Төртінші, Орталық билік арасындағы саяси бақталастық өлкенің саяси әкімшілігіне де әсерін тигізбей қоймайды. Сол себепті, дәл қазіргі кадрлық тағайындаулардың арғы астарына және артындағы саяси кландарға көбірек мән берген жөн. Өлкенің саяси һәм экономикалық тізгінін қолға алған саяси кландар Қазақстанға да ықпалын жасайды.
 
Бесінші, жаңа кадрлық ауыс-түйістерден кейін Қытай үкіметі Орталық Азияға болған қызығушылығын арттыра түседі. Иранмен стратегиялық келсімге қол қойған қытай, Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Ресеймен саяси бәсекелестікке барады. Ресей қытайдың Орталық Азиядағы ықпал күшін азайту үшін аймақтағы ұлттық жаңғыруларға белгілі деңгейде мүмкіндік беруге мәжбүр қалады.
 
Осы мүмкіндіктер Қазақстан мен Өзбекстанға бек тиімді-дүр. Ресей шын мәнінде Орталық Азия елдерінде "екінші Украин", "екінші Қырм", "екінші Қарабақ" жасай алмайды, тиімсіз екенін уже түсінді. Ресей, қытай факторын негіз етіп аймақта жаңа саясат жүргізіп жатыр. Бұл бір жағы синофобия алда тағы қарқын алады деген сөз. Ресей үшін "жаңа саясат" дегеніміз не? Ол мүмкін Евразия Экономикалық Одағы болуы мүмкін. Атап айтқанда экономика түйіткілдерін алға тастап астарынан саяси мән табу.
 
Елдес ОРДА
11.06.2021
Хайдар Әлпи: Бізге Ресей емес, Қытай әлдеқайда қауіпті
 
Қазақстанның солтүстігін Ресей басып алмайды. Бұл ертегі! Ресейге ондай қажеттілік туып тұрған жоқ, Ресей Қырымды тартып алса, ол батыс Еуропаға, АҚШқа ерегесіп алғаны. НАТО-ны жылжытпас үшін жасаған бір амалы, тал қармауы, тыпырлауы! Ол саяси мақсаты бар шара.
 
Ал, Қазақстанның солтүстігін не мақсатта алуы мүмкін? Халқы сыймай жатыр ма? Ресей адамға толып, жер жетпей жатыр ма? Немесе Қазақтармен әлдебір саяси текетірес күйінде ме? Не үшін қазақпен жауласуы керек? ---- Еш негіз жоқ!
Ресейдің кейбір оттаған шовинист, империяшыл құтырықтарының бытпырағында еш дәлел-дәйек жоқ екені баршаға белгілі, оның Ресей үшін нақты бір қажеттілігі де көрініп тұрған жоқ, сондықтан оны Ресей халқы да, Ресей билігі де қолдамайтыны анық! Ресейдің миын ара шағып алған жоқ! Дегенмен, қу билігі соларды сәл сайратып қойып, қазақтарды үрейде ұстағысы келуі мүмкін.
 
Тек солтүстіктің кейбір орыстары өздері бәле шығаруы мүмкін, кейбір сепаратистер құтыруы мүмкін, "қазаққа бағынбаймыз" деп, онда да Ресей оларды қолдай қоймайды. Өйткені Ресейге қажетсіз бас ауру қажет емес екенін бізден жақсы түсінеді, Қырымды алғаны үшін әлі "таяқ жеп" келеді. Кезінде Путин Қазақстанға келгенде қазақстандық орыстар Қазақтардың қысым жасап жатқанын айтып, орыс тілі күйреп жатқанын айтып Путинге шағымданған. Сонда Путин оларға: "Ендеше Ресейге көшіп келіңдер, өз отандарың, тұрмыс жәрдем ақшасын береміз, үй береміз" деген болатын.
 
Сондықтан Солтүстікке қазақтарды көшіру соншалықты әкетіп бара жатқан актуалды, шешуші мәнге ие мәселе емес. Иә, әлдекім солтүстікке көшсе қолдау керек. Мемлекет те лайықты көмектесу керек. Әсіресе жұмыс іздегендерге түрлі шарт-жағдай жасап, көшуге ынталандыру керек, бірақ құрғақ зарлаудың мәні жоқ.
 
Одан да Қытаймен шекара жаққа, Шығыс Қазақстан, Талдықорған өңірлерінің қытай жақ жиектеріндегі жасыл шұрайлы аймақтарға "жер жетпей жатыр", "үй жетпей жатыр", "жұмыс жетпей жатыр" деген қазақтарды көшіру керек!
Өйткені қытай Қытайға сыймай бара жатқанын әлем біледі. (Мысалы, 2016 жылы Қытайда 18 миллион бала туылған. Дәл бір
 
Қазақстанның адамы бір жылда туылған.) Олар Шекараның ар жағында бықып жүргенін Қытайға барып көргендер біледі. Қытай тым көп болғандықтан жері салыстырмалы түрде өте тар, адамдары кең кеңдікке қарай кеңейгісі келіп тұрады! Сондай психология олардың мемлекеті күшейіп, экономикасы жақсарған сайын тіпті де күшейе түседі. Олар айналасына сұқтана қарап тұр! Өздерін күшті, мықты, көп сезінуде! Сәл мүмкіндік болса кез келген елге қарай лап қойғалы тұр! Қаптаған Қытайды тосу деген жиегі жырылған Су қоймасын тосудан әлде неше есе қиын!
 
Қытайдың ақылдылары батысқа кетуге тырысады, баласын батыстан оқытуға барын салады! Ал ақшалы, бірақ ақылсыздауы айналасындағы елдерге барып, мүмкін болса сонда өмір сүруге пейілді! Қытайдың ақшалылары Қытайдың экологиялық улы ауасын иіскегісі келмейді, құнарсыз азық-түлігін жегісі келмейді! Қытайда азық-түлік мол болғанымен, көп сандысы өте сапасыз.
 
Қазақстанның Қытай шекарасы жағында халықтың тым сиректігі осы ел болашағы үшін өте қауіпті құбылыс. Қытай бірдеңе болып, бір күні лап қойса қарсы тұратын бізде мандыған әскер де жоқ, керемет қаруымыз да шамалы, иен жатқан жерге тіпті не айтарыңды білмей қалуың да мүмкін! Күшпен қытайды тойтарамын деген бос сөз, бұл Қабанбай, Бөгенбей заманы емес!!
 
 
Сондықтан Қазақ билігі ойланып іс көргені дұрыс. Қазақтар да кешке дейін Ресейліктердің аузын аңдып, Ресейдің бір қотыр саяси салдақасы бірдеңе айтып қалса, соған жатта кеп ашуланып, тап бір солардан бар бәле төніп келе жатқандай аласұрудың қажеті жоқ! Иә,
 
Ресей тарихта қазақтардың жүрегіне ауыр жара салды, халқымызды аяусыз қырды! Бірақ енді бұл кек алатын заман емес, Ресейді жау көруден қазақтардың ұтары да шамалы! Суыққанды сергек ойланған дұрыс.
 
Қытайлар да қазақтар туралы өз ішінде не бір сұмдық сөздерді айтып жатыр! Олардың кейбіреунің өзара әңгімесі Жириновскийлерді жолда қалдырады! Бірақ олардың тілі Қазақстанға түсінксіз болғандықтан, оған ешкім мән бере алмайды. Оны қойып ағайын деген Өзбек, Қырғыз, Түріктердің ішінде де біз туралы жаман пікірдегі кісілер бар. Сондықтан бір ұлтты оның сөзі бойынша бағалауға болмайды, қайта нақты жағдайы бойынша, нақты ниеті бойынша бағалау керек! Ресейдің ниеті қандай? Қытайдың ниеті қандай?  Міне, осы секілді.
 
Қытай қалай Тынық Мұхитқа кеңейіп, талай мемлекеттің жағалау шекрасын өзіне сызып алғаны мәлім! Қытай Үндістанмен жерге таласып келеді, бір таулар үшін Қытай Тәжікстанның жерін иелене бастағаны шындық! Әрине, елімізге олар кіре қойған жоқ, беті аулақ, бірақ еліміз экономикасында ықпалы артып барады. Қытайға үміттене қарайтын, қытайға ентелеген кісілер елімізде көп. Билік те қытайшыл секілді ұқсап тұрады. Бұл қауіпті жағдай! Мысалы, Қытайды кезінде Көшпелілер талай рет басып алған, жаулап алған. Бірақ солардың бәрі Қытай болып кетті! Қытайдың көп болатын себебі, бұл ұлт талай халықты, елді, жерді өзіне қосып қана емес, өзіне айналдырып жібере алатын иммунитетке ие! Тіпті жауынгер Көктүріктерге Білге қаған "Табығашшыл болып кеттіңдер" деп ашуланғаны белгілі. Қазір де қытай бұрынғы империялық дәмесін еш тастаған жоқ. Қытайдағы Ұйғыр, Қазақ, Қырғыз, Тибет, Моңғол секілді аз халықтарға дәл қазір қытай ету үшін зұлымдық жасап жатыр!
 
Демек, кейін ұрпағымыз "Ай, қап!" деп қалмас үшін, қазірден бастап шекараның бергі жағында халықтық қалқан жасау керек! Халық, адам ең үлкен қалқан. Елді қорғайтын нәрсе дамыған экономика, ғылым-техника, жаңа әскери қару-жарақ, әрине, бірақ ең бастысы жауынгер ұйымшыл халық! Ал, ешкім жоқ, су иен ағып жатыр, шөп иен өсіп тұр, адамдар жерін тастап бірнеше ірі қалаға қарай жұмыс іздеп кеткен, тіпті көшіп кеткен, мұндай жағдайда ар жағында аңдып отырған қытайлар биік ғимараттардан сұқтана қарап, тәбеті ашылып, ентелей түсетіні анық!! Ал елді мекендерде адам көп болса, қалыпты тіршілік қызып жатса, қытайлар қалайда именеді!
ДәуренДәурен
3 года назад 1366
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11