Сәбит Рысбаев: Мидың жылыстауы
Сәбит Рысбаев: Мидың жылыстауы
Ресейде Қазақстаннан 71-74 мың арасында студент оқиды екен. Бұл Ресейдегі сырттан келіп оқитын студенттердің 25%-ына тең. Қарап тұрсаң өте қорқынышты цифрлар. Ресейде бізден қарағанда айлық жоғары, мүмкіндіктер көбірек болғандықтан мықты студенттердің көбісі қайтпауы анық. Сонда біз жылына Ресейге неше мың дайын кадр дайындап береді екенбіз. Балабақшасы мен мектеп шығындарын Қазақстан үкіметі төлейді. Мектеп бітірген соң олардың көбі Ресейге кетіп қалады. Рахат оларға. Кеткенде де 2-3 пен оқығандар емес, сабағын жақсы оқығандары кетеді. Жылына біз қанша маманнан айрылып отырмыз.
Біз сияқты 576 000 ғана студенті бар ел үшін бір ғана елде сыртта оқитын 71 000 студент өте көп. 12% мектеп оқушылары Ресейге кетіп қалады екен. Бұны тоқтатпаса ақыры жақсылық әкелмейді. Ресей Батыс емес. Ол жақта да парақорлық, жемқорлық мәселелері бізді 10 орайды. Бітіріп келген студенттер де дені дұрыс елде оқымаған соң бізге жақсы нәрселер әкеледі деп ойламаймын. Оның үстіне адам қай тілде білім алса сол тілде ойланып, сол ел үшін уайымдайтын да болады.
ДәуренДәурен
4 года назад 2823
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11