Samsung телефонды 12 минутта қуаттаудың әдісін тапты
Samsung телефонды 12 минутта қуаттаудың әдісін тапты

Оңтүстіккореялық Samsung компаниясы смартфонды 12 минутта қуаттайтын арнайы графен элементін пайдаланатын аккумулятор құрастырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Financial Times-қа сілтеме жасап life.ru жазады. 

Samsung Advanced Institute of Technology-мен жұмыс істейтін бір топ ғалым графиттен алынатын көміртек элементін, яғни графен түйіршіктерін сәтті синтездеді. Нәтижесінде, қарапайым телефондағы литий-ионды батареядан гөрі жаңа қуаттаушы құрылғының көмегімен смартфонның бес есе тез қуатталатыны анықталған.

Хабарламада айтылғандай, «графен түйіршіктері» аккумулятордың қызмет ету мерзімін де ұзартатын көрінеді.

Samsung Advanced Institute of Technology инженерлерінің айтуынша, қуаттағыш құрылғы 5 °С -дан 60°С дейінгі температурада ешқандай кедергісіз жұмыс істейді.

Қазір компания АҚШ пен Оңтүстік Кореяда осы құрылғыны әзірлеу үшін патенттік өтініш берген.

ДәуренДәурен
7 лет назад 3009
0 комментариев
О блоге
0
1481306 32 55 536 11