600 грамм салмақпен дүние есігін ашқан шақалақтың таңғажайып оқиғасы (ВИДЕО)
600 грамм салмақпен дүние есігін ашқан шақалақтың таңғажайып оқиғасы (ВИДЕО)

Виктория мен Полдың 17 жастағы қызы бар. Алайда екеуі тағы бір сәби сүюді армандады. Дәрігерлер 37 жастағы әйелдің енді бала көтере алмайтынын айтқан. Алайда ерлі зайыптының бақытына орай Виктория дүниеге тағы бір сәбиді дүниеге әкелді. Жүктіліктің алтыншы айында миссис Брэдли уақытынан ерте босанып, дүниеге Франческа есімді қызды дүниеге әкелді. Оның салмағы небәрі 600 грамм болды. Медбикелер әйелге баласының қолы мен аяғының таңбасын сыйлады. Оған қарап әлемде мұндай кішкентай адам бола ма деген ойға қаласың. Кішкентай Франческаның алақаны ересек адамның тырнағының көлеміндей, ал аяғы кішкентай тыйындай болды. Виктория қызымен қоштасуға дайын болды. Алайда салмағы 600 граммға әрең жететін қыз аман қалды. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолынан келгенінше тырысып бақты. Франческаға қан құйылды, лазермен операция жасалды. Уақыт өте келе бүлдіршін әл жинап, томпақ сәбиге айналды. Дәрігерлер Франческаның тірі қалғанын ғажайыпқа балайды. Қазір ол басқа балалардай ойнап, ата-анасын қуантып жүр. 

qamshy.kz

ДәуренДәурен
8 жыл бұрын 3303
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11