Aidyn Ken: Еуропадағы соңғы 2 жұмадағы болған кейбір геосаяси ой-толқулар
Aidyn Ken: Еуропадағы соңғы 2 жұмадағы болған кейбір геосаяси ой-толқулар
1. Көк отынның Еуропадағы фьючерстік бағалары күрт төмендеді. Желтоқсанның аяғында, Путиннің жолдауында, газдың болашақ бағасы мың куб метрге шаққанда 2300$ тұрса, кәзір 800$. Неге? Себебі Путиннің Еуропаны газмен шантажы басталысымен, соңғылары Азияға кетіп бара жатқан сұйық газ (СПГ) танкерлерін кері бұрып Еуропаға қарай жіберген. Американың баяғыдан бері айтып кеткелі тұрған сланцтық газ енді нарықта толығымен тауар мүшесі. Путиннің жақында ғана газ жөнінде мақтанып тұрған еді, енді не дер екен.
2. 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Путин мен Си Цзиньпиньнің видео кездесуі болды. Қытайдың басшысы Ресейдің НАТО-ға қойған талаптарын қолдап соған қосылды. Бұрын соңды болмаған оқиға. Себебі Қытай ешқашанда ашық түрде Ресейді қолдамаған. Дипломатиялық саясатты қолдана отырып басқа елдердің ұрыстарына ешқашан араласпайтын еді немесе БҰҰ-ның отырыстарында "воздержаться" кнопкасын басып тұратын. Мысалы Қырымды ешқашан Ресейдің жері деп те қолдамаған. Ал бұл жолы Қытайдың саясаты басқа. Белгілі саясаттанушылардың айтуынша бар пәле Тайваньда болып тұр. Бұл мемлекетті Қытай өзіне баяғыдан бері қосып алғысы келген. Ресейдің НАТО-ға қойған талабын қолдағаны бұл Ресейдің Америкамен қақтығысын өршіту саясаты секілді. Пионтковский мен М. Фейгин бұл жөнінде ашық айтып тұр: Америкамен Ресей соқтығысып қырылысып жатқан кезде не болса да Қытай жетістікке жетеді: егер Ресей жеңсе соның қолдауымен Тайвань аралын басып алу, ал егер Америка жеңсе, әлсіреп күйреген Ресейдің Қиыр Шығысы мен Сібір аумағы Қытайдың қолында дегені. Қалай болсада Қытайға Батыс елдерінің Ресеймен қақтығысы пайдалы.
Американың эксперттері де осы туралы айтып жатыр: олар екі жақта ұрыс пен соғысу қиын деп тұр, я Ресеймен, немесе Қытаймен уақытша болсада бірігіп жауды бір бірден шалып соғу. Дональд Трамп Ресеймен достасып, Қытайға қарсы шапқан еді. Оны білеміз. Ал Байден керісінше Ресеймен шаруаны бітіріп, сосын Қытаймен айналысу керек деген тұжырымда. Бұл саясат негізі дұрыс: ең алдымен әлсіз қарсыластан бастау керек. Осы тактиканы тарихтан білеміз.
Бір түсінгенім Қытай Орта Азияға көп көңіл беріп тұрған емес, себебі біріншіден түркі әлемінен жасқанып тұр, екіншіден біздің шөл даласына аса көп пайданы көріп тұрған емес. Ал Қиыр Шығыс пен Сібір қасында, адам аз, жері кең, шикізаты мол. Ұйғырлардың да проблемасы бар, түркі әлемі біріксе қиын болатынын түсініп тұр. Сол себептен біздің саясатымыз сол көрші түркі халықтарымен қарым қатынасты тез арада нығайту. Әсіресе әскери мен экономикалық сарада. Ресей Түркиядан қорқып тұр, оны біз көрдік. Ал егер АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапония сияқтылар Қытайға эмбарго секілді санкция салса немесе басқа шектеулерді енгізсе, онда Қытай батысқа қарай тауар экспортын тек Орта Азия мен Қазақстан арқылы жөнелтеді. Ресей арқылы жол тым ұзақ. Сол себептен Қытайға тәуелсіз бен тыныш Қазақстан керек.
3. Шуша декларациясы. Соңғы айда қазақстандықтардың айтуынша біздің ел НАТО-ға мүше ретінде кіру керек деп жатыр. Бауырларым, Қазақстанды НАТО ешқашан қабылдамайды да, ол туралы сөзді де көтермейді. Оған Ресей мен Қытай қарсы болатыны сөзсіз, ашық түрде бізді басып алады. Қандай амал бар? Қазақ айтқандай шешілмейтін мәселе жоқ, желініп қойсаңда, екі шығыс бар дегендей. Біріншіден НАТО-ға мүше болмай, бірақ партнер ретінде келісімге келу. НАТО-ның реформаларын енгізіп, бірге жаттығуымызға болады. Бір жаттығулар кәзірде өтіп жатыр. Соны өрбіту керек. НАТО-мен партнерлік саясаты кәзіргі Финляндия, Швейцария мен Швецияның саясаты мысал түрінде көруге болады. Осы үш мемлекет НАТО-ның мүшесі болмасада, әскери жүйесі соған лайық.
Екіншіден, естеріңізде болса Әзірбайжан мен Арменияның 44 күндік соғыстың нәтижесінде, Шуша қаласында Түркия мен Әзірбайжан бәріне белгілі екі жақты келісім-шартқа қол қойды. Оның басты тұжырымы: бірін бірі кез келген уақытта қорғау. Егер Әзірбайжанға қарсы соғыс ашса, Түркиямен соғыс ашқанмен бірдей деген сөз. АҚШ пен НАТО бұл Шуша декларациясын мақұлдады. Бұл келісімге Ресей аңғармағандай болып еді, демек бүкіл теледидар каналдарында осы келісімді талқылап шықты. Ал Иран болса тіпті сол Шуша декларациясына өз наразылығын ашық түрде айтты. Себебі Түркия НАТО-ның мүшесі, ал Иранның солтүстік-батыс аймақтарында Оңтүстік Әзірбайжан автономиясы орналасқан. Сол сияқты біздің ел Түркиямен сондай декларацияға келісімге келу керек. Болашақта бұндай келісім Тұран одағына айналатынына сөзсіз. Бұндай екі жақты келісімдер негізі НАТО-ның шығысқа қарай жылжу саясатына да ұқсамайды. Ашық түрде Ресей мен Қытай ештеңе айта алмайды. Бара бара соған өзбектер, қырғыздар мен түрікмендер де қосылатыны сөзсіз.
4. Путиннің НАТОмен кездесуі 12 қаңтарда болады. Қандай келісімге келетіні белгісіз. Демек, Байден Ресеймен келісімге келмейтінін жазда ғана айтып кеткен. Егер НАТО мен Байден Путиннің талабына келіссе, онда НАТО құриды деген сөз. Оған ешкім бармайды да сол себептен Ресейдің талаптарына келіспейді. Оны Путиннің өзі де түсініп тұр. Путин не болсада бар мүмкіндігін алуға тырысады.
Өз пікірім Байден Украина мен Грузияны НАТО-ға мүше қыламыз, бірақ шекара бойында алыс дистанциялық баллистикалық зымырандарын қоймаймыз деген келісімге келер деп ойлаймын. Бұндай келісім НАТО-ға үлкен жетістік себебі Украинаның Беларуссияға әсері мол, болашақта соңғылары Лукашенко кетсе тез арада НАТО-мен араласып кетеді. Сосын деген Украина мен Грузияның мүше болуы Қара Теңізді бақылап қадағалап тұру деген сөз. Грузияның артында Кавказ ашылады, Ресейдің оңтүстік автономия мемлеккеттері де бар, Әзірбайжан да бар. Тіпті Арменияның НАТО-ға кіріп кетуі туралы ойлар шығып жатыр. Ал Каспийге жетсе болғаны, арғы жағында біз түркі елдері бармыз.
Бірақ Путин өз әскерін Украина шекарасынан әкетпейтін секілді. Сол 100-150 мың әскері Украинаның қасында әрдайым тұрады. Егер болашақта тағы да майдан болса, блицкригті іске асырып басып алады, болмаса сол Украина мен Еуропаны әрдайым қорқытып отыру саясаты. Еуропа мен Украина амалсыздан шекараны күзету мақсатында әрдайым көп қаржыны сол жаққа жұмсайды деген сөз. Ресейдің екі басты мақсаты бұл: Украинаны күйретіп шығыс пен оңтүстік жерлерін басып алу, теңізге шығатын жерін тартып алу. Екіншіден Украинаның экономикасы дамыса, хал ақуалы жақсарса Ресейге ол үлкен зардап: өз халқы іштен революция жасау мүмкін.
Кәзір Украинада Зеленскийдің рейтингісі өте төмен. Ол рас. Зеленскийдің әлсіз саясаты украиналықтарға ұнамайды. Болашақтағы сайлауды жеңе алмайтын секілді. Не болсада Зеленский қанша дегенмен ең алдымен - актер. Саясаткер емес, ғалым емес, әскери кадр емес, экономист емес. Зеленскийдің харизмасы жоқ деп Гордонның өзі айтып кеткен емеспе. Зеленский соғысты аша алмайды, соғыстан қаша алмайды да. Қырым мен шығыс облыстарын қайтара алмайтынын өзі мойындап тұр.
Не болсада бұл ел кәзір қиыншылықтарды зардап шегуде. Батыс елдері Украина үшін Ресеймен соғыспайтыны күмәнсіз. Сол себептен Еуропа мен АҚШ Зеленскийге қысым беруі мүмкін: донбасс пен луганскті қайтарып аламыз, бірақ Қырымды Ресейге бере сал дегені. Бұл енді Ресейдің жеңгені дегенді білдіреді, оған келмес деп ойлаймын.
 
ДәуренДәурен
2 жыл бұрын 1904
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11