Әлемдегі ең қонақжай елдер анықталды
Әлемдегі ең қонақжай елдер анықталды

Әлемдегі ең қонақжай ел – Шығыс Африкадағы Комор мемлекеті болып шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Қонақжай елді анықтау кезінде виза мәселесіне басты назар аударылған. Қанша мемлекеттің азаматтарына визасыз кіруге мүмкіндік бар, кіруге электронды рұқсат немесе келісімен виза рәсімдеу жағы қарастырылған-қарастырылмағаны, осы секілді тағы басқа сұрақтарға жауап ізделді.

Комор елі 103 позициядан құралған рейтингтің көшін бастаған. Бұл мемлекетте 198 елдің тұрғындары үшін жеңілдетілген тәртіп қарастырылған. Бұл елмен қоса рейтингтің басында Кот-д’Ивуар, Гвинея-Бисау, Мадагаскар, Мальдивы, Мавритания, Микронезия Федеративті Штаттары, Мозамбик, Самоа, Сейшел, Шығыс Тимор, Тоголез Республикасы, Тувалу және Уганда тұр.

Екінші орынға Кабо-Верде мен Доминика жайғасқан. Қос елде 197 мемлекеттің азаматтары үшін жеңілдетілген виза режимі енгізілген екен. Ең қонақжай елдердің үштігін Палау тұйықтапты. Бұл республиканың көрсеткіші – 196 мемлекет.

Төртінші сатыға Джибути орналасса, бесінші орын — Гаитиге бұйырған ( тиісінше 195 және 194 ел). Үздік ондыққа, сондай-ақ, Макао (ҚХР-дың арнайы ауданы), Сент-Винсент пен Гренадины, Камбоджа, Непал мен Эквадор кірген.

Ал Қазақстан аталған рейтингте 75-ші орынға жайғасқан.Елімізде 60 елдің азаматтары үшін жеңілдетілген виза режимі енгізілген екен.

Көршілес Ресей 83-ші орынға тұрақтапты. Бұл елге 42 мемлекеттің азаматтары жеңілдетілген тәртіппен кіре алады.

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 3731
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11