Алматы күнін тойлау аясында 16 қыркүйекте қала мейрамханаларының арасында "Үздік алма мәзірі" атты конкурстың нәтижелері белгілі болды. Қала күніне байланысты негізгі шаралар Тұңғыш Президент саябағында өткен болатын. Аспаздық конкурс та осында болды. Бұл конкурста дайындалған кей тағамдардың рецептісін назарларыңызға ұсынамыз.
Бас аспаз Александр Суворов руккола мен алмадан дайындалатын салаттың рецептісін ұсынды. "Абай" мейрамханасы ұсынған бұл салат конкурста "Үздік алма салаты" атағын жеңіп алды.
Салаттың бір порцияға қажетті азық-түліктер:
- 25 гр руккола;
- 20 гр кепкен қызанақ;
- даршын қосылған және су-вид технологиясымен дайындалған 120 гр алма;
- 15 гр пекорино ірімшігі;
- 100 мл жаңа сығылған алма шырыны;
- 40 гр бал;
- 5 гр зімбір тамыры.
Дайындалу жолы:
Рукколаны жуып, кептіру керек. Алма мен даршынды вакуумдау қажет және оны 80°C градус температурада 20 минут шамасында пісіреді. Содан соң мұзды суда суытады. Жаңа сығылған алма шырынына зімбір тамырын салып, жай отта 20-25 минут шамасында қайнатады. Содан соң оған бал қосып, тұздық секілді болғанша отта ұстайды. Содан кейін оны суыту керек. Алдымен алмалар, руккола, кепкен қызанақ салынады, содан соң үстіне тұздық құйылады. Салаттың бетіне пекорино ірімшігі себіледі.
"Prospero" шоколад шеберханасы алма джемінің рецептісін ұсынды.
Қажетті ингредиенттер:
- 1 кг алма; - 450 гр қант;
- дәміне қарай даршын, кардамон, жұпар жаңғағы, зімбір.
Дайындалу жолы:
Алманы бөліктерге бөліп, оған қант және дәмдеуіштерді қосамыз. Барлығын 30-40 минут қайнатамыз. 1 кг алмадан 300 гр джем шығады.
Алматы соул сусыны
Қажетті ингредиенттер:
- 90 мл алма кордиалы;
- 40 мл түймедақ шайы;
- 100 гр cremette ірімшігі;
- 400 мл кілегей (30 %);
- 100 мл ванильді шәрбат.
Алма палауы былай дайындалады:
Ет ноқатпен қуырылады және алмамен бұқтырылады. Тәтті күріш бөлек дайындалады: күріш сәбізбен қуырылып, содан соң шығыс тәттілерімен (өрік, мейіз, грек жаңғағы) бірге пісіріледі. Күріш 1 сағат, ет 1,5 сағат дайындалады. Алдымен ыдысқа күріш салынады, содан кейін ет, алма және бұрыш қойылады.
massaget.kz
Ақтоты Жапатова Фото: Андрей Зайцев