Әзірбайжан-Армения жанжалына қатысты сараптамалық материалдар топтамасы
Әзірбайжан-Армения жанжалына қатысты сараптамалық материалдар топтамасы
Өздеріңіз білетіндей, Әзірбайан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ үшін жүріп жатқан ауқымды әскери операцияның тоқтамағанына бір аптадай уақыт болып қалды. Біз бұл арада бүгінде күллі әлемнің назары ауып отырған Әзірбайжан мен Армения арасындағы әскери операцияларға қатысты әлеуметтік желіде жарияланған әрі барынша обьективті талдау жасалған материалдарды ұсынып отырмыз. 
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМ 1935-1941 ЖЫЛДАРДЫ ЕСКЕ ТҮСІРЕДІ
 
Дәл сол кезеңдегідей бүткіл империялар мен ұсақ мемлекеттер бір-бірімен қандайда бір келісім шарттармен уағдаласып "байланып" отырғанымен, ісжүзінде әртүрлі одақтар мен келісім шарттардың, ешқандай күрделі мәселелерді шеше алмайтын қауқарсыздығын көрсетіп отыр. Өйткені, дәл қазіргідей сол кезеңде де барлық елдердің ең басты ұстанымдары, "Мына келе жатқан сойқаннан барынша алыс болып, тек өз елінің аз шығын, мол үлеспен шығуын" ойлайды. Тек сондай мақсатпен ғана, туындаған мәселелерді шешуге атсалысқандай көрініп "имитациямен" айналысып жүрді. Барлық жекелеген мемлекеттер, әсіресе империялар "екі орындықта қатар отырып" мәселені шешкілері келді. Мұндай "имитациялардың" соңы не болғанын бәріміз тарихтан білеміз.
(Тарихқа көп детальді тоқтағым жоқ. Өйткені, сол кезеңдегі мемлекеттердің жеке-дара ұстанған саясаттарын зерттеген адам, менің ойымның дұрыстығын түсінеді)
 
Енді, қазіргі күнімізге келсек, империялар мен ұсақ мемлекеттердің сол кезеңдегі ұстанымдарына ұқсас әрекеттерді көреміз.
Сондықтан, қазіргі Қарабах мәселесіне тікелей, жанама мүдделері бар мемлекеттердің осы кезеңге қандай "жүктермен" жеткенін саралап көрсек.
 
Алдымен АҚШ-тан бастасақ.
 
Кезінде Армениядағы түсті революцияларды ұйымдастыру арқылы, бұл елдің әскери саяси өміріне дендеп еніп алған АҚШ бұл мәселеге араласса, осы отты үрлей отырып, тек өзінің осы жақтағы бәсекелестеріне қарсы қолданғысы келгенде ғана, сол бағытта іске кірісуі мүмкін. Әрине, АҚШ үшін Ресейдің айналасында тыныштық болмағаны жақсы. Әрі, Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжалды, Ресейдің ішіндегі екі ұлт өкілдері арасына "тасымалдай" алса, бұл ойыннан ең кемінде ұтқаны сол болмақ.
 
Бірақ, таразының екінші басына Әзірбайжан арқылы Түркияның мүддесі тұрғанын білгендіктен Армияндарды ашық қолдауды көздесе, әбден ойланып барып кірісері хақ. Өйткені, Түркияның қазіргі әскери күш-қуаты НАТО-дағы екінші ел. Әрі, араб елдеріндегі дүрбелеңге тікелей араласып, сол жақтағы НАТО-ға тиесілі басты ойыншыларының бірі. Сириядағы Ресей үстемдігіне қарсы ең ықпалды елдің бірегейі. Армияндар үшін, "жақын досы" болмасада Таяу Шығыста үстемдігі артып, Ресей, Иран мен Израил, Саудиттерге қарсы жалын күжірейтіп отырған Түркиямен ұрысқысы келмесі анық. Өйткені, Түркия Әзірбайжанды толық қолдайтынын ресми ашық жариялап отыр. Әрі, тарыздың осы басында БҰҰ-ның Таулы Карабахтың Әзірбайжанға тиесілі екендігі жайлы шешіміде тұр.
АҚШ-та президенттік сайлаудың жақындап қалып, АҚШ үшін "пайдасы күмәнді бұл ойынға" екі партияның да әзірге араласқысы келмейтінін ескерсек, АҚШ үкіметі қазір екі оттың ортасында отыр. Сондықтан, бұл дауды дәл қазір АҚШ шеше алмайды.
 
Ресейдің жайына келсек.
 
Ресейдің дң екі елмен әртүрлі одақтық, екі ел аралық келісім шарттармен "байланып" отырғанын білеміз. Арменияда Ресейдің әскери базалары барын белгілі. Бірақ, ол бұл мәселеде ешқандай маңызды емес. Өйткені, Ресей ол әскерін екінші бір одақтас еліне қарсы қоюы мүмкін емес. Әрі, Армения Ресейден саяси да, мәдени де алыстап кетіп, қатты алаңдатып отыр. Армениядағы орыс мектептерін түгел жауып тастағандығын, ал, Әзірбайжан ешқандай орыс мектептерін жаппағандығын ескерсек те жеткілікті. Ресей үшін Кавказда өзінің ықпалынан басқа тараптың ықпалы болмағаны керек. Сол үшінде Түріктер арқылы НАТО-ның ықпалы болғанын қаламайды. Бірақ, өзіне "арқасын беріп" отырған Армения үшін өзгемен ашық арпалысқысы да келіп отырған жоқ. Бұл мәселеге ресми Мәскеу "Қойыңдар. Келісімге келіңден" деуден әріге бара алмай отыр.
 
Бірақ, өз ойлары мен шешу жолдарын "астыртын" ресми емес саясаткерлері арқылы білдіріп жатыр. Олардың өзі де негізгі екі тарапқа бөлініп отыр.
 
Бір тарапы "Бізге осы соғыстың қатысы қанша? Өз экономикамыз құлдырап тұрғанда, өзгелер үшін шығындалған дұрыс емес" деген сарында болса,
екінші тарапы "Таулы Карабахты Ресейдің иелігіне берсе ғана тыныштық орнайды" деген ойларды жеткізуде.
 
Бірақ, екі тарапта бір мәселеде үндесіп отыр. Ол, СССР-дің кезінде мұндайға жол берілмейтін еді. Осыған кінәлі СССР-ді таратқандар деуде.
 
Сирия, Украйна, Белоруссиямен "алқынып" қалған Ресей үшін бұл ауыр соққы болып отыр. Араласпаса өңірдегі өз ықпалынан айрылады. Араласса бір тарапын қолдау керек болады. Өйтетін болса екінші тараптың қарсылығына қалмақ.
Осылай Ресей де екі оттың ортасында отыр.
 
Иранға да қысқаша тоқтала кетсек.
 
Иран үшін өзінің өңірдегі басты қарсыластарының бірі, сунниттердің көшбасшы елі Түркияның ықпалының бұдан әрі күшейіп, Иран шекарасын "қоршап" алғанын, Армения арқылы еропаға шығатын дәлізінің Әзірбайжанның бақылауына өткенін қаламайды. Сондықтан, барынша Арменияға көмектескісі келіп бағуда. Бірақ, бұл жерде Иранның кеңірдегінде тұрған бір мәселе бар. Ол қазірдің өзінде наразылықтарын білдіріп отырған Ирандағы 10-20 млн әзірбайжан ұлтының өкілдерінің ықпалы. Олардың наразылығы қайда апаруы мүмкін екенін Иран үкіметіде сезіп отыр.
Осылай Иран да екі оттың ортасында қалып отыр.
 
Саудия сияқты т.б өз көзқарастарын білдіріп қойған елдерге көп тоқталғым жоқ. Өйткені, олардың өз көзқарастарын білдіргендері болмаса, бұл мәселені шешуге ешқандай ықпалдары да, соншалық беделдері де жоқ. Тек, Саудия, Катар сияқты елдер Әзірбайжанды мұнайлы бәсекелесі, әрі, сунниттермен шииттер елі болғандығы үшін ғана Арменияға қаржылай көмектесулері мүмкін. Бірақ, ол кезде өздеріне қарсы бүткіл мұсылмандарды қарсы қоюы да мүмкін.
Осылай бұл елде "ойланатын" жағдайда отыр.
 
Ал, енді өзінің көзқарасын ашық білдіріп отырған Түркияға келсек.
 
Түріктер мен Әзірбайжанның арасында "Бір ұлтпыз, екі мемлекетпіз" деген ұран пайда болып, Әзірбайжанның саяси, әскери, мәдени интиграциясы Түркияға қарай ойысқанына да бірәз жылдар болып қалды. Оның нәтижесіде жаман емес. Әрине, доспыз-бауырмыз деген бәріне жақсы жауап. Дегенмен, Түркияға бұл не береді?
 
Ердоған басқарғалы Түркия елінде, өздерінің генінде жатқан империялық амбициялары да ояна бастады. Өйткені, кез-келген дамушы елге ең бірінші қажеттілік - энергия көздеріне деген сұраныс. Екінші, өз өңіріне ықпал ете аларлық әскери қуат.
 
Түркия НАТО-ның құрамында жүріп, ең қуатты екінші орындағы әскер жасақтай алды. Әскери техникалар өндірісін жолға қойып, бұл салада да біршама дербестікке қол жеткізді. Яғыни, Түріктер империяға керек екінші қажеттілікті орындай алды. Бірақ, біріншісін (энергияға қажеттілік) орындай алмай отыр. Мұнай мен газға тәуелді ел - ешқашан дербес империялық саясат ұстана алмайды. Сондықтан, Ердоған Сириядағы мұнайлы аймақтарынан "өз үлесін" алғысы келіп ауыз салып көріп еді, бұл оңай шаруа болмай шығып, оншалық пайдасын көре алмады. Еуропа мен АҚШ-қа еріп араб елдеріндегі дүрбелеңге араласып, соңында миллиондаған босқындарды "арқалап", ол жақтан ешқандай үлес тиместен, бар қиындығымен жалғыз қалды. Еуропаға қарай ағылған босқындарды өзінде ұстауға көніп, еуропаға "арабтардың қаптауынан" құтқарып қалғанымен, олардан ешқандай уәде етілген көмектері болмады.
Сенген АҚШ-ы күрдтерді қолдап кетіп және қиын жағдайға қалдырды.
Бір сөзбен айтсақ, "арабтарды демократияландыру" науқаны, түріктерге "Бірге тумақ бар, бірге өлмек жоқ" дегенді жете түсіндірді. Ердоғанның бұлқан-талқан болып, бірәз уақыттан бері өздерінен басқа ешқандай империяларға жақпайтын, дербес саясат ұстана бастағаны сондықтан деп ойлаймын. (Босфор бұғазын айналып өтетін канал жобасы, Ресеймен біріккен "Оңтүстік ағым" газ жобалары т.т)
Мұнайлы Әзірбайжан мен өндірісі дамыған Түркия тандемі, екі жаққада жан-жақты тиімді. Әрі, Кавказға ықпалын күшейте отырып, Ресейді де өзімен санастырып отыруға жақсы "құрал".
Мәселенің екінші жағы бар. Түркияда Ердоған билігіне қарсы, бәсекелес топтардың күшейіп бара жатқан үрдісін тоқтатуға, әрі өзінің беделін күшейту үшін, Ердоған командасына қазір үлкен бір "Ерлік іс" керек болып тұр. (Мысалы, Ыстамбұл меріне таласта екі рет жеңіліп қалған жақтастарының беделіне өте үлкен соққы болып тұр.)
Бұдан былайғы жерде әлемдік геосаясатта өзінің ықпалды, жаңа ойыншы екенін көрсету үшін, бұл Карабах мәселесінде толық жеңіспен аяқтау, Түріктер үшін бұл "Не бел кетеді, не белбеу кететін" кезең болмақ. Өйткені, бұл ойын тікелей Түркияның ықпалымен басталған ойын екенін бәрі біліп отыр. Түркияның қаншалықты империя бола алатынын осы кезең айқындап береді. Олардың аянбасы хақ.
Қазір Түркия да осындай он оттың ортасында отыр.
 
Енді ең басты тараптың бірі Әзірбайжанға келсек.
 
Бұл соғыс Әзірбайжан үшін отыз жыл бұрын кеткен 15-20% жерлерін қайтарып алу үшін керек. Сонша жыл жүргізілген келісімдер ешқандай нәтиже берген жоқ.
 
Сондықтан, "Карабах аумағын толық тастап шықсын" деген нақты талап қана қойып отыр. Әрі, жоғарыда келтірген елдердің бар жағдайын бағамдап, ең тиімді кезеңді таңдап отыр.
 
Армениямен салыстырғанда, Әзірбайжан мұнай саудасының арқасында экономикасын көтеріп, әскери қуатын біршама жаңартып алған ел. Соғысу үшін үлкен қаржы керек екендігі белгілі. Бұл тұрғыда Армениямен салыстырғанда, әрі тұрақты көмегін беруге әзір Түркия тұрғанда, Әзірбайжан елінің бәсі өте жоғары. Халқының саны жағынан да бес есе, әскери саласы екі есе қуатты.
 
Бірақ, қорғаныстағы әскермен күресу үшін, шабуылдаушы әскердің саны кемінде үш есе көп болуы керек екендігін ескерсек, әп-сәттік жеңіс үшін бұл қуаты жеткіліксіз.
 
Сондықтан, өзінің экономикалық қуаттылығына сеніп, қарсыласын әбден титықтатып, әлсіретіп барып жеңу тактикасына көшкендей.
 
Арменияның қазіргі жағдайы.
 
Арменияның халқының саны мен әскери қуаты жоғарыда салыстырмалы түрде айтылып қойғандықтан, қандай саяси жағдайда отырғанына тоқталсақ.
 
Дәл қазіргі жағдайында Армения жанама болсада Ресейден басқа ешкімге керегі болмай отыр. Бірақ, Ресеймен де арақатынастары ортадан төмен деңгейде. БҰҰ-ның шешімін алға тартып сөйлеген елдермен ашу-араздыққа барып, кейбір елдерден тіпті елшіліктерінде жауып, дипломатиялық қатынастарын үзіп жатыр(Израйл, Украйна, Грузия т.б). Бұл әрекеттері "Кім бізбен болмаса, сол біздің дұшпанымыз" деген ұстанымға келеді. Бұл қаншалықты дұрыс ұстаным екенін уақыт көрсетер.
 
Өзінің қазіргі ахуалын түсініп, тікелей бетпе-бет соғыста алысқа бармасын сезгендіктен, әлемдік қауымдастыққа тек өздерін жапа шегуші ретінде көрсеткісі келіп, Әзірбайжанның өзге елдердегі елшіліктерінің алдында қарсылық акцияларын өткізуде. Әзірге бұл әрекеттерінің оң нәтижесі көрініп тұрған жоқ.
 
Жалпы халықтық әскерге шақырылуды халқы қызу қолдап жатқанымен, сонша әскерді, жұмысшы халықты соғыс жағдайында асырауда оңайға соқпайды. Сондықтан, ең бірінші кезекте қаржылай көмек іздейтіні белгілі. Ондай көмек беретін тарапты әзірге көріп тұрғанымыз жоқ.
 
Кейбір ақпарат көздері "Бұл мұсылмандар мен хрестияндардың соғысы" деген дәреже беруге ұмтылып жатқанымен, ол насихатты қолдаушылардың қатары өте сирек болып тұр.
Бір сөзбен айтсақ, Армения өзінің бүгінгі күйіне өзін-өзі айдап түсіріп отыр.
 
ҚОРТЫНДЫ:
 
Соңғы күндері екі тарап та өз талаптарын жариялады.
Армения: Таулы Карабах тәуелсіз, дербес мемлекет болуы керек деп, алғашқы райынан қайтқанын байқатса,
Әзірбайжан: Армения өздерінің заңсыз окупациялаған Таулы Карабахты толық тастап шығулары керек деп отыр.
Ары қарай "жабық есіктердің" арғы жағында, империялар арасында қандай келісімдер болары белгісіз. Бірақ, өз халқының қолдауынан айрылмас үшін, екі елдің басшылары да соңына дейін өз талаптарында тұрып бағатыны белгілі.
 
Қазақстанға қайтпек керек?
 
Өз ойым, біздерге қазыр аптығып отқа қарай жүгірудің қажеті жоқ. Біреудің сөзін сөйлеймін деп, екіншінің, оның артында тұратын күштердің қарсылығына ұшыраудың қажеті жоқ. Әрі, біздердің қолымыздан келері "достастыру миссиясы" бұл жерде екі тарапқа да керек болып тұрған жоқ. Сұранбаған жерге барып сөзіңді шығындағанша, әрі, мәселені шешуге жетерлік өзіңнің ықпалың болмағандықтан, өзгелер секілді "Қойыңдар. Келісіңдер." деп достыққа шақырғаннан басқа шара жоқ.
 
Бәз-бір топтар "Анаған болысу керек, бөйту керек" деп ұрандатқанмен, мұндай сөздер тек ұранға ғана жақсы. Ал, мемлекетіміздің сыртқы саясаты мен мемлекеттік тұтастығымызға қауіп.
 
Керек болса әлеуметтік көмек берерміз, соғыс зардабын жоюға көмектесерміз. Бірақ, өзгелердің жылдар бойғы "жинап жаққан отына" барып түсе алмаймыз.
 
Бұл соғыстың кінәлісін іздесек, өз басым тек осы күнге дейін басқарып келген басшыларын ғана кінәлай аламын. Өйткені, екі ұлтты бір дастарханнан ас іше алмайтындай жаулыққа жеткізген, дәл сол ел басқарған басшылары.
Ал енді, "Бір туғанбыз, өйтейік-бөйтейік" деушілерге айтарым, БІРГЕ ТУМАҚ БОЛҒАНЫМЕН, БІРГЕ ӨЛМЕК ЖОҚ.
БІЗДЕР ҮШІН ӨЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ МҮДДЕСІ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ ТҰРУ КЕРЕК.
 
Рустем Ашетаев
ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ - ДАУЛЫ ҚАРАБАҚ...
 
Әзірбайжан үшін бұл азат ету соғысы. Басқыншыларды қуып шығып, тарихи жерін қайтарып алу үшін жанталас.
Қазір соғыс қимылдары өте қызық тактикада болып жатыр. Екі тараптан да артиллериялық соққы алмасу тоқтар емес. Әзірбайжан барынша БПЛА-ларды қолданып жатыр. Үш түрлі дрондар маңызды рөл атқарып тұр. Барлаушы, камикадзе және соққы жасаушы дрондар. Барлаушы және камикадзе дрондары Израильдікі болса, соққы жасаушы дрондар Түркиядан алған. Үшеуі де өздерін ұрыс жағдайында өте тиімді көрсеткен құралдар. Түркияның соққы жасау дрондары Ливия мен Сирияда қарсыласты қан қақсатса, Израиль дрондары ХАМАС-қа қарсы операцияларда қателік жіберген емес. Әзірбайжан дрондармен нақты нысандарды жою үстінде. Басқару пунктері, әскери техникалар, әскери көлік колонналары, ПВО мен артиллерия орналасқан мекендерді, жаяу әскер топтасқан ошақтарды. Шынайылық үшін видеосын да жариялап жатыр. Оның үстіне соңғы үш күнде АН-2 ұшақтарын ұшқышсыз етіп жасап(қалай жасағанын білмедім), армян ПВО-ларын анықтау үшін қолдануда. ПВО ұшақты атқан сәтте, дрондар ПВО-ға қарсы соққы жасауда.
 
Армениялық тарап оқтын-оқтын ұшақтар мен тікұшақтарды құлатқанын мәлімдеуде. Дей-тұра мүлде видео я фото дәлел ұсынбайды. Екі тараптан да ақпараттық соғыстың күштілігінен, жалған мәліметтер қарша борауда. Әсіресе Ереван дезинформацияны көп қолданып, артынша фейк ақпараттары анықталып жатыр. Біраз жарылған танк, БМП, БТР-лардың 2014-2015 жылғы ДАИШ(ИГИЛ) қарсы соғыc уақытындағы кадрлар екені анықталып жатыр.
 
Қазір жаяу әскерді соғысқа барынша қолданып жатқан жоқ. Екі тарап та психологиялық соққы жасау үшін барын салуда. Мысалы Әзірбайжан бүгін Ханкелдіні(Степанакерт) атқылады. Ал Армения жақын маңдағы ауылдарға соққы берді. Осындай шабуылдар арқылы ашулы жаяу әскер ұрысқа кіріссе, қоршауға алуға тырысатын сынды. Бірақ ол тактикадан түк шығар емес.
Бакуге қарағанда Ереван қазір терлеп-тепшіп отыр-ау. Бакуді Түркия ашық қолдауда. "Қандай қару керек, соның бәрін береміз" дейді. Израиль ұшақтары әзірбайжандарға соңғы үлгідегі атыс құралдары мен зымырандарды жеткізуде.
 
Ал Ереванда не жаңалық? ОДКБ-ға өтініш айтайын десе, соғыс әлемде ешкім мойындамаған Қарабақта өтіп жатыр. Ол ресми Әзірбайжанның жері. Мәскеу ашық қолдау білдіретін сыңай танытпады. Еуропа мен АҚШ "атыспай, дос болыңдардан" ары аспады. Иран әскери қару жіберуге талпынып еді, Иранның ішіндегі әзірбайжандар көтеріліп, қару тиелген көліктерді өртеп жіберді. Қарсылық акциялар жасады. Ал Иранда 20 млннан астам әзірбайжан бар. Ол оңай күш емес. Былтыр толқудан құлай жаздаған Иран, 20 млн әзірбайжан бас көтерсе, не боларын бір Алла біледі. Ресейдің Арменияда екі бірдей базасы бар, дей-тұра оны қолдануды Мәскеу терең ойланары анық. Әзірбайжанға қарсы әрекет етсе, Түркия Сирияда Мәскеуге қарсы үлкен ойын бастап жіберуі ғажап емес. Ақпандағы айқас Кремльдің әлі есінде. Байрактар Башар әскері мен Вагнердің бұтын бұт, қолын қол етіп шашқан сәтті айтамын.
 
Түркияның қазір қолы біраз шешілді. Грекиямен жағалаудағы қақтығыстарын шешудің алдында тұр. Келер аптада НАТО басшысы Анкара мен Афинаға қатар кіріп, осы мәселені Ердоған екеуі дөнер жеп отырып реттеп тастамақ. Ливиямен теңіз шекарасын келіскенін мәлімдеді. Енді Баку жаққа назарды аударып, толық кіріссе кедергі жоқ.
 
Асхат Қасенғали
 
Таулы Қарабақ аймағында қақтығыс болып жатқанын бәріңізге мәлім. Осы шиеленіс туралы ақпарат таратып жүрген әріптестеріме айтар базынам бар. Әсіресе, өздерін тәуелсіз санап жүрген журналистер мүлт кетіп жатыр.
 
Біріншіден, Таулы Қарабақ – Әзербайжанның жері. Тарихи да, ресми де. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің бәрі Таулы Қарабақты Әзербайжан территориясы санайды. Қазақстанның да ұстанымы осындай. Оны Нұрсұлтан Назарбаев та талай мәрте Еуразиялық экономикалық одақтың жиындарында айтты. Яғни, бүкіл әлем әзербайжан бауырларымыздың мемлекетінің тұтастығын қалайды.
 
Екіншіден, «Нагорный Карабах республикасы» деген мемлекет жоқ. Олар өздерінің тәуелсіздігін жариялағанымен, ешкім оны мойындамаған. БҰҰ-ға мүше бірде-бір ел таныған емес. Тіпті, Армения да.
 
Үшіншіден, қазір соғыс болып жатқан аймақты, яғни Таулы Қарабақтың айналасындағы территорияны Армения кезінде басып алған. Әзербайжандарды қырып, қалғанын қуып жіберген. Білуімше, ұрыс осы өңірді босату бойынша жүріп жатыр.
 
Төртіншіден, Қарабақ атауының өзі түркілік атау. «Қара» және «бақ» деген сөзден шыққаны түсінікті. Яғни, тарихи тұрғыдан бұл аймақ түгел түркіге тиесілі болған. Ондағы мәселе кейін Кеңес үкіметі тұсында Әзербайжанның Түркиямен бірігіп кетпесі үшін жасалған зымиян саясаттың салдары.
 
Бесінші, Түркия дегеннен шығады. Картаға үңілсеңіз, Әзербайжанның территориясы екіге бөлініп жатқанын көресіз. Негізгі бөлігі қарт Каспийдің жағалауында, Нахчыван бастаған екіншісі Түркиямен шекаралас жатыр. Ортада қай ел жатыр деп ойлайсыз? Бірден тауып көріңізші? Әлбетте, Армения.
Бұл да Кеңес үкіметінің сасық саясаты.
Оған не себеп? Себебі әзербайжандар да, түріктер де «біз бір халық, екі мемлекетпіз» деп айтады. Яғни, олардың бауырластығы өте терең. Тілі де, мәдениеті де бір-біріне қатты ұқсайды. Бакуге барғанда түрікше сөйлеп жүрсеңіз, бәрі түсінеді.
 
Әрине, бауырлас мемлекеттің аумағында соғыс болмағанын бәріміз қалаймыз. Екі тарап та атысты тоқтатып, келіссөздер үстеліне отырып, мәселені ақылмен шешсе деген тілегіміз бар. Алайда Таулы Қарабақтың Әзербайжан территориясы екенін ұмытпау керек. Қалай дегенмен, қазақтар әрдайым әзербайжан бауырларымен бірге!
 
ДәуренДәурен
4 жыл бұрын 2431
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11