Ең құпия мүше көкбауыр екенін білесіз бе?
Ең құпия мүше көкбауыр екенін білесіз бе?

Көкбауыр – адам ағзасындағы құпиясы ашылмаған мүшелердің бірі. Екінші атауы – талақ. Салмағы 100-150 грамм. Бір қызығы, ішастар қуысында орналасатын көкбауырсыз адам өмір сүре береді. 

Кейде бұл мүшені ота арқылы алып тастаса, қызметін бауыр жалғастырады. Бауыр мен талақ бір-біріне ұқсайды. Кейбір адамдар көкбауырсыз дүниеге келеді. Бұған қарап, көкбауырдың ағза үшін қажеті жоқ екен деген пікір болмауы тиіс.

Себебі, көкбауыр – лимфоциттерді өндіреді және иммундық жүйенің бір бөлігі саналады. Қан тамырларда айналып жүретін қанның бір бөлігі көкталақта болады. Бактерия мен бөтен денелерді сүзгіден өткізеді. Әрі қан қорын сақтайды.

Егер баланың көкбауырын ота арқылы алып тастаса, өсе келе бактериалды инфекциялық ауруларға жиі шалдығады. Адам көкбауыры ауырғанын сезіне бермейді. Сондықтан алғашқы кезеңдерінде диагностика жасау қиын.

Көкбауырдағы кесел – жиі кездесетін және ауыр инфекциялық, созылмалы жүрек қан-тамыр, ағзадағы өзге қабыну ауруларында тексеру кезінде қосымша анықталып жатады.

Ер адамдарға қарағанда әйелдер мұндай ауруларға көп шалдығады. Мамандар мұны нәзік жандыларда гормоналды ахуалдың жиі өзгеретінімен түсіндіреді.

Сондай-ақ, әйелдерде іштегі бұлшықеттер әлсіз болғандықтан, көкталақ ішке қарай жылжиды. Көкбауырды сақтамаса, қауіпті аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Қызметі бұзылғанда, көлемі ұлғаяды. Не болмаса іріңді жарадан ет өседі, ісікке айналады.

Егер көкбауыр сау болса – қанның құрамы, бұлшықет пен терінің өңі жақсарады. Мұндай кезде әйел заты целлюлитке ұшырамайды.

Айкүл Керімбайқызы

muslim.kz 

ДәуренДәурен
8 жыл бұрын 7266
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11