Эстетикалық тұрғыдан ойлай білесіз бе?
Эстетикалық тұрғыдан ойлай білесіз бе?

Ғылыми жұмыспен айналысушыларға арналған

Америкалық көрнекті өнер теорияшысы Т.Манро «Эстетикадағы ғылым үшін» (Munro Th.Toward Science in Aesthetics, N.Y; 1956) кітабында ғылымдағы эссешілдікке қарсы шығады. Шындығында да ғылым – ақиқаттар жиынтығы, деректер қоймасы, идеялар арсеналы мен заңдар жинақтамасы емес. Ғылым – қоғамдық тәжірибеге бағындырылған білімдер жүйесі. 

Ғылыми жүйенің басты ерекшеліктері:

1. Ақпараттық толыққандылық: ғылыми пайымдар нақтылы-жалпылама. 

Ұшақ қанатымен ауаны тірек ете және оның қарсылығын еңсере отырып ұшады. Ғылымның ауасы – деректер, ал оның қанаттары – ой-пікір. Деректерге сүйене және оларды еңсере отырып, яғни оларды түсірілген (алынған) 15 қалпында сақтау – жер бауырлаған эмпирика (деректерді жай ғана баяндау) мен бос абстракцияларға қарсы тұратын нақтылы-жалпылама ой-пікірлерге осылайша ғана қол жеткізіледі. 

2.Теориялық: нақты материалды қорыту және «алып тастау» Г.Гадамер: «Заманауи теория – біздерге тәжірибені жинақтауға және сол тәжірибені меңгеруге мүмкіндік тудыратын конструктивті құрал... Бір теория келесісін алмастырып, әрқайсысы әу бастан-ақ біршама, әлдебір озығы табылғанша ғана маңызды бола алатынын белгілі... Теориялық білімнің өзі нақтыға саналы түрде ие болу тұрғысынан мақсат ретінде емес, құрал ретінде  қарастырылады» деп жазды (Философия әлемі, I-том; 1991, 581-бет). 

Теория болмысты түсінуді мақсат етеді. Теорияның танып-білушіге байланысты сауалдары: не және қалай бар? Ол неге осылайша бар? Теория мәнге және оның  жүзеге асу шарттарына ұмтылады; мәнмен байланысты және оның болмысының жасырын мәнін табуға бағыт алады. Теория пәннің және оның болмысының контексті саласына шегінен шығады.

3. Бағыныштылық қатары: түсінік, категория, эстетика қағидалары бір-бірімен өзара байланысты. 

4. Иерархиялық: Жалпыламалығы кемдеу ұғымдар жалпылығы көбірек ұғымдарға бағынады, жалпылығы кемдеу категориялар – жалпылығы молыраққа, категориялар – қағидаларға, жалпылығы кемдеу қағидалар – жалпылығы молыраққа, ал соңғылары – осы ғылымның іргелі парадигмаларына, гипотезалары мен аксиомаларға бағынады. 

5. Тәртіптілік: жүйенің элементтері ұйымдастырылған, бұл олардың  қарапайым сомасына қисындаспайды.

6. Бірлік (монизм): жүйе жалғыз негіз – жинақталған білімді ұйымдастыру жолымен құрылып, аталмыш ғылымның пәніне кіретін барлық құбылыстарды бір қағидатпен түсіндіруге мүмкіндік береді. Белгілі химиялық элементтерді олардың атомдық салмақтарының өсу тәртібімен орналастырып, Менделеев химияны жаңа деңгейге көтерген және ашылмаған элементтерді олардың қасиеттерін периодикалық жүйедегі орнын білудің арқасында ғана  сипаттауға мүмкіндік берген периодикалық жүйені жасады.

 Жүйенің керемет қасиеті: ол жаңа білімді оның өзінен алуға мүмкіндік береді. Монизм – ғылыми жүйенің басты белгісі. Мәдениетте көптеген бақылаулар мен теориялық идеялар жинақталған. Алайда, көркем мәдениеттің дамуын қамтитын әмбебап тұжырымдамалар көп емес: Аристотель жүйесі және Гегель жүйесі. Эстетикалық жүйенің біртұтас негізі екі жағдайда да   өнер мен болмыстың өзара қарым-қатынасы. 

7. Ең аз мөлшердегі жеткіліктілік: бастапқы қалыптың ең аз мөлшері идеялардың өрістеуіне ықпал ететіні соншалық, олар өз жиынтығында деректер мен құбылыстардың барынша көп мөлшерін қамтиды. А.Эйнштейн ғылымның осы ерекшелігі туралы «Бастапқы гипотезалар барынша абстрактылы, өмірлік тәжірибеден алыс болып шығады. Алайда, біз: гипотеза мен аксиомалардың ең аз мөлшерінен бастай отырып, 16 логикалық дедукция арқылы тәжірибелік деректердің барынша көп мөлшерін қамтитын игілікті ғылыми мақсатқа жақындаймыз (Зелиг, 1964; 60-бет). Бұл қағидат ғылыми жүйеге логикалық көркемдік пен сұлулық береді. Ғылыми жүйенің көркемдігі – оның жемістілігі мен дұрыстығының бір белгісі.  

8. Негізді алшақтық: жаңа деректерді қабылдауға, теориялық тұрғыдан қорытуға дайын болу. Эстетика адамзаттың көркемдік даму тәжірибесін қорытады. Ол шексіз, сондықтан да эстетиканың абсолюттік аяқталғандыққа ұмтылатын жабық жүйесі өз негізінде бейкемел (гегельдік орасан зор эстетикалық жүйенің кемшілігі де осында болды). «Ақтаңдақтарды» толтыруға қабілетті, әрбір көркемдік жаңалықпен бірге дамитын эстетикалық жүйе ғана өміршең әрі жемісті. 

9. Тәуелсіздік: эстетика, оның қағидалары (ережелері) идеологияға емес, жоғарыда аталған талаптарға бағынатын және белгілі тұтастықты құрайтын, яғни эстетика – адамзаттың көркем және эстетикалық тәжірибесі туралы білім жүйесі болып келетін ғылым. Эстетика көркем қызметке, ал ол адамдарға әсер етеді. Сондықтан да эстетикаға идеология жиі «басып кіреді» де көсемдер, партиялар, мемлекеттік құрылымдар мүддесінен туындайтын идеяларды қалыптастырады. Олардан тәуелсіз болу – ғылымилықтың міндетті шарты. Ең қиын деген кездердің өзінде М.Бахтин, А.Лосев, Ю.Лотман, П.Флоренскийлердің еңбектері, атап айтқанда, ғылымилығына кепіл болған және қоғамда өз өмірінің жайсыздығына көніп өмір кешуге, ал кейде жеке басын тәуекелге тіге отырып, тіпті тоталитарлық деген қоғамнан да азат болу мүмкін екенін көрсеткен. 

Сонымен, эстетика ғылым ретінде – белгілі бір қоғамдық тәжірибе көрінісінде шынайылықтың эстетикалық қасиеттерін және оның әсемдік заңдылықтары арқылы игерілуін, көркем шығармашылықтың, әлеуметтік  болмыс пен өнердің қызмет жасау, оны қабылдау және түсіну ерекшеліктерін зерделейтін заңдар жүйесі. 

Аман Серікұлы

bugin.kz

ДәуренДәурен
5 жыл бұрын 2671
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11