Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің тағы бір әдісін ашты
Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің тағы бір әдісін ашты

Үлкен үйір мен әлеуметтік қатынастардың беріктігі приматтардың өмірін ұзартады екен. Эксетер университетінің ғалымдары Пуэрто-Рикода 21 жыл бойы мыңдаған макаканы зерттей келе осындай тоқтамға келді. Зерттеу Phys.org сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Lenta.ru. Зерттеу қорытындысы бойынша ғалымдар бұл адамдарға да қатысты деген тұжырым жасап отыр.  Әлеуметтік байланыс көрсеткіші ретінде ғалымдар туыстардың аз-көптігін алған. Әрбір туысқан алдағы жылда өлім қаупін 2,3 пайызға төмендетіп отырған.  Алайда бұл байланыс қартайған ұрғашы маймылдарда байқалмаған. Ғалымдардың пайымынша, бұл жас және кәрі маймылдардың әдеттеріне байланысты. Осылайша маймылдар әдетте үйірдегі белгілі бір орын үшін агрессия танытады, бұл өзгелердің оған қамқорлық білдіріп отыруы үшін қажет, мәселен, денесіндегі паразиттерді тазалап береді. Ал кәрі макакалар әлеуметтік байланыс орнатуда тым талғамшыл болып шықты. Осыдан туыстары көп болғанмен, олардың бәрін өзіне жолата бермейді.  Ғалымдар зерттеу арқылы ежелгі адамдар бір-бірімен қандай қатынаста болғанын анықтауға көмектеседі деген ойда. Әлеуметтік байланыстар ұзақ өмір сүруге септесетіндіктен алғашқы қауымдар пайда бола бастаған деген пікір бар. 

tengrinews.kz 

Ғалымдар тибет ұлтының үстіртте ұзақ өмір сүре алуының сырын ашты

Австралия және Қытай зерттеушілері бірлесе отырып, тибет ұлтының үстіртті жерде тіршілік етуге беймделгіш қасиетінің сырын ашқан. Бұл зерттеу нәтижесі АҚШ «Ғылым академиясының журналы» басылымында жарияланған болатын. Тибет ұлтының үстіртті жерде жасауға бейімділігін екі ел ғалымдары хан ұлтының генімен салыстыру арқылы тапқанын айтады. Бұл туралы «People.com» хабарлайды.

Ғылыми анықтау жұмысына Австралияның Квинсланд университеті мен Қытайдың Вынжоу медицина университетінің зерттеушілері қатысқан. Бұл реткі ғылыми жұмысы тибет ұлтына жүргізілген тарихтағы ең көлемді генетикалық зерттеу болып табылады. Олар 3000 тибет ұлты өкілінің генін жазық жерде жасайтын 2000 хан ұлтының геніне салыстыру арқылы, тибетті ерекшелеп тұратын 7 түрлі генді анықтаған.

Олар: MTHFR, RAP1A, NEK7, ADH7, FGF10, HLA-DQB1және HCAR2 гені. Мамандар осы гендердің тибеттердің үстіртті жерде жасауында маңызды рөлге ие деп тапқан. Мамандар осы гендерді анықтау арқылы бұлардың тұқым қуалағыштық қасиеттерінде ішкерілей зерттеуді қолға алыпты. Тибет үстірті әлемдегі ең биік үстірт саналады. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 4500 метрден асады. Бұл Алатаудың ең биік нүктесінен де асып түседі.

Кей жеріндегі ауаның тығыздығы жазық жердегі ауа тығыздығының 40 пайызына да жетпейді. Үстірттегі ультра күлгін сәулесі де жазық жердегіден 30 пайыз жоғары болады. «Адамзат өміріне үйлесімсіз жер» аталған Тибет үстіртінде жергілікті тибет ұлты ғасырлар бойы өмір сүріп келеді.

baq.kz

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 2931
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11