Франция үкіметі көлік қалдықтарымен күресу мақсатында халыққа қызмет көрсететін жаңа қоғамдық көлік, яғни, су таксиін енгізуді көздеп отыр.
Өзіміз үйренген көліктей емес, су таксиі толқын мен күн энергиясы есебінен жұмыс істейді. Қайық іспетті әр такси қалың әрі мықты әйнектен жасалады. Бұл такси-қайық шағын болғандықтан қарапайым қайыққа қарағанда 40%-ға тез жүреді. Такси көліктері арнайы станцияларда қуатталады. Онда су мен күннен алынған энергия тоқ көзіне айналып отырады. Көліктің қуаты 80–100 км жол жүруге жетеді.
Жаңа қоғамдық көлік seabubbles («теңіз көпіршіктері») деп аталады. Оны ойлап тапқан Ален Теболт мырза желкенді спорттан 2 мәрте әлемдік рекорд жаңартқан спортшы. Оған жобаны жүзеге асыру үшін 26 жыл уақыт кеткен екен. Парижде су таксиі осы жылдың маусым айынан бастап қызмет көрсететін болады.
Дереккөз: massaget.kz