Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған науқастарға нұсқаулық? Коронавирус анықталып, симптомы жоқ болса не істеу керек?
Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырған науқастарға нұсқаулық? Коронавирус анықталып, симптомы жоқ болса не істеу керек?

Коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі анықталған науқас амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға алынып, үйінде (үй карантині) оқшауланады. Осыған орай денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі бойынша пациенттерге арналған жадынама жасапты. Өзгеріссіз ұсынайық:

Үй карантинінде жатқан адамға нұсқаулық:

– Үйден шықпау керек.

– Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүрту керек. Медициналық масканы нығыз жабыстыра тағып, екі сағат сайын ауыстырып отыру қажет.

– Тамақ ішер алдында, сонымен бірге дәретханадан кейін қолды сабындап жуып, спирттік негіздегі антисептикпен сүртуді ұмытпау керек. Қолды сүрту үшін мүмкіндігінше бір реттік майлықты пайдалану керек.

– Жеке пайдаланатын ыдыспен тамақ ішу керек.

– Денеде қызу немесе өзге де жайсыздықты сезінген жағдайда COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласқан немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақырған дұрыс.

Үй карантинінде болған жағдайда қашықтан мониторингтеуді қамтамасыз ету үшін мына шарттар орындалуы тиіс:

– Үй карантиніндегі адам смартфонына Smart Astana мобильдік қосымшасын орнатып, қосымшаға барлық рұқсатты (GPS, WIFI, Bluetooth) беру керек.

– «Мен карантиндемін» режимін қосып, үй карантині біткенше оны өшірмеуі керек.

– Телефон әрдайым өшпей, интернетке қосылып тұруы керек.

– Мобильдік қосымша әрдайым белсенді түрде немесе ұялы телефон бетіндегі режимде тұруы тиіс (қосымшаның істеп тұрғанын хабарландырулар немесе мәртебе виджетінен көріп отыруға болады).

– Үй карантині қызметін пайдалану кезінде қолданушы GPS, Bluetooth немесе WIFI режимін өшірмеуі тиіс.

Үй карантині қамтамасыз етілген отбасындағы адамдарға нұсқаулық:

– Бөгде адамдардың үйге кіруіне тыйым салынуы керек.

– Карантин бөлмесіне кірер кезде медициналық масканы нығыздап, мұрын мен ауызды жауып тұратындай кию керек. Егер медициалық маска кірлеп немесе дымқылданып кетсе оны жаңа маскаға ауыстыру қажет. Медициналық масканы шешкен кезде тиісті техниканы ұмытпай, алдыңғы бөлігін ұстамау керек.

– Отбасындағы адамдардың дене қызуын күніне 2 рет өлшеген жөн.

– Бөлмені күніне екі рет желдеткен дұрыс.

– Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек

– Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал.

– Дымқыл тазалықты күнделікті жүргізу керек

– Қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал.

– Отбасының әрбір мүшесі жеке тазалық үшін бөлек ыдысты пайдалануы тиіс.

– Жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, антисептикпен сүрту керек.

– Отбасындағы әрбір адамнан дене қызуы немесе жайсыздық байқалса COVID-19 бойынша колл-орталыққа хабарласу немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақыру қажет.

Коронавирус анықталып, симптомы жоқ болса не істеу керек?

Коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі оң болса, алайда аурудың ешқандай симптомы болмаса, үйден шықпай тұрғылықты жер бойынша емханаға бару керек немесе 3000-103 нөміріне хабарласу керек. Жедел жәрдем шақырудың керегі жоқ. Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Басқарма басшысының айтуынша, симптомсыз ауруларды ауруханаға жатқызу не үйіне қайтару шешімін емханадағы дәрігерлер шешеді.

"Егер сізде коронавирус анықтауға тапсырған тест оң нәтиже көрсетсе, бірақ симптомдары болмаса, жедел жәрдем шақырудың қажеті жоқ. Сізге емхана не болмаса кол-орталықтың 3000, 103 нөміріне хабарласу қажет. Сіздің ауруханаға жатқызу мәселеңіз емхана деңгейінде шешілетін болады. Осы жағдайды пайдалана отырып, халыққа жеке карантин шараларын қатаң сақтауға және мамандардың ұсынысын басты назарға алуға шақырамын", - деді ол Алматы телеарнасында өткен онлайн брифингте.

Камалжан Надыров коронавирус жұқтырғаны расталған науқастарды емдеуге жатқызу және бақылау алгоритміне жеке тоқталды:

Амбулаториялық жағдайдағы бақылауды МСАК мобильді бригадалары келесі алгоритмге сәйкес жүргізеді:

  • күн сайын екі рет телефонмен хабарласу;
  • жалпы жай-күйін, дене қызуын бағалау, сырқаттану бойынша шағымдарын (жөтелу, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, тершеңдік, диарея, бөртпе, миалгия және тағы басқа) анықтау, сатурация (мүмкін болғанда);
  • қажет болған жағдайда бейне-консультация жүргізу, 3 күнде 1 реттен жиі емес.

Аурудың симптомсыз түрі бар адамдарды медициналық бақылау оқшаулаудың 10-шы күнінде ПТР тексеруімен немесе ПТР-тексеруінсіз 14-ші күнінде мұрын-жұтқыншақтан алынған жағындының бір рет теріс нәтижесінен кейін босатылады.

Бақылау кезеңінде клиникалық симптомдарының (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы, ентігу) дамуы кезінде науқас жұқпалы аурулар стационарына жіберіледі.

Емдеуге жатқызуға COVID-19 диагнозы расталған, егер олардың температурасы 3 күн ішінде 38,5°С болса, сатурация (қанның оттегімен қанығуы) 95 пайыздан аз болса, екі өкпесінде де 25 пайыздан астам өзгерістері таралған пневмония белгілері бар (КТ нәтижелері болған жағдайда) пациенттер жатады.

Бұдан басқа, стационарға созылмалы ауыр аурулары бар, 65 жастан асқан пациенттерді және гемодиализ ем-шарасын қажет ететін, иммундық тапшылық жағдайлары бар және т.б. науқасты жібереді.

COVID-19 вирусы анықталған жатақханада, адамдар көп қоныстанған пәтерде тұратын немесе 65 жастан асқан/тәуекел тобына кіретін адамдар да ауруханаға жатқызылуы тиіс.

Коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандар телемедицина арқылы емделеді

Елордада коронавирустың симптомсыз тасымалдаушылары телемедицина арқылы ем алады.

Елордада коронавирустың симптомсыз тасымалдаушылары телемедицина арқылы ем алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов парақшасында жазды.

«Эпидемиологиялық жағдай мен өтініш білдірушілер санының артуын ескере отырып, коронавирустың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық шұғыл әрекет ету штабында бірқатар мәселелер қаралды. Бірінші. Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар үшін қосымша 400 провизорлық орын ашылды. Оның ішінде, стационарлар базасында инфаркт, инсульт, қант диабеті бар (КВИ-ға күдігі бар) адамдарға арналған жеке орындар анықталды. Бұған дейін пневмония мен ОРВИ бар емделушілер үшін жеке корпустар ашылған болатын. Оларды коронавирусқа қосымша тексереді. Бұл инфекцияны ертерек анықтауға мүмкіндік берді», – деді Алтай Көлгінов.

Екіншіден, оның айтуынша, қалалық және жеке меншік емханалардың бас дәрігерлерімен, стационарлардың, талдау-орталықтарының басшыларымен және қаланың бас санитарлық дәрігерімен онлайн-кездесуден кейін коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін телемедицинаға көшу туралы шешім қабылданды. Медицина қызметкерлері бейнеқоңыраулар және басқа да байланыс арналары арқылы тұрғындардың денсаулық жағдайын қадағалайды, коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларына барлық мәселелер бойынша кеңес береді. Науқастарда симптомдар пайда болған жағдайда олар ауруханаға жатқызылады.

Үшіншіден, шетелден ұшып келген әуежолаушыларды оқшаулау тәжірибесі жалғасады. «Рамада Плаза» қонақ үйінде медстационарға жабдықталған нөмірлер дайындалды. 22 наурыздан бастап қалаға кіру және шығу жабылды, қалалық штаб барлық әуежолаушыларын тексеру туралы шешім қабылдады. Бұл қалаға инфекция жұқтырғандарды жібермеуге мүмкіндік берді.

«Төртіншіден ұйымдар қызметкерлерді қашықтан жұмыс жасау режиміне барынша көшіруі қажет. Қызметі рұқсат етілген ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын бақылауы керек. Covid-19 жұқтырғандардың жартысы әртүрлі ұжымдар. Күн сайын әкімдіктің мобильді тобы полиция қызметкерлерімен, санитарлық дәрігерлермен, волонтерлермен бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр. Тәртіпбұзушылық болған жағдайда нысандар жабылады. Бесіншіден, қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы қажет. Маска киіп (әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде), мүмкіндігінше адам көп жиналатын орындарға бармай, антисептик пайдаланып, ара қашықтық сақтаған жөн», – деді қала басшысы.

ДәуренДәурен
4 жыл бұрын 2507
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11