Көшіп барсаңыз, сізге ақша төлейтін 14 жер
Көшіп барсаңыз, сізге ақша төлейтін 14 жер

Шетелге көшіп барғаныңыз үшін көп ақша алғыңыз келе ме? Жер бетінде билік көшіп келген тұрғындарға ақша төлейтін қалалар мен шағын елді мекендер бар. Ал себебін білгіңіз келсе, материалға зер салыңыз.

Бұл туралы stan.kz порталы how-to-make.net басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады.

АҚШ, Мичиган штаты, Детройт қаласы

“Батыстың Парижі”, “АҚШ-тың көлік астанасы”. Бүгінде халқы аз қала бұл атақтарынан ХХ ғасырда айырылып қалған еді. Қазіргі таңда осы атын қайтару үшін барын салып жатыр. Жергілікті билік аталған қалада тұрып, жұмыс істейтін мамандарға арналған Challenge Detroit атты бағдарлама ұсынып отыр. Аталған бағдарлама қатысушыларына 2,5 мың доллар төлейді.

АҚШ, Аляска

Суық ауа райы мен қалың қарды жақсы көрсеңіз, Аляскаға барғаныңыз жөн. Билік құрған арнайы қор осы жерге көшіп келгендерге ақша төлеп жатыр. Бір ғана шарт – Аляскада кемінде бір жыл тұру.

Канада, Саскачеван провинциясы

Канадия провинциясы оқуды жаңа бітірген студенттерге тамаша мүмкіндік ұсынып отыр. Жас энтузиастар 7 жыл бойы Канадада тұратын болса, оларға 20 мың канада долларын төлемек.

АҚШ, Ниагара сарқырамасы

Аталған сарқыраманың әлемдегі ең әдемі жерлердің бірі екенін жақсы білесіз. Билік екі жыл жергілікті кәсіпорындарда жұмыс істейтін студенттерге 7 мың АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетпек.

Испания, Астурия, Понга

Испанияның солтүстік-шығысында орналасқан бұл қорық көне жерлердің бірі. Осында келуші жас тұрғындарға жергілікті билік 3 мың еуро ұсынып отыр. Мұнымен қатар, әр жаңа туған бала үшін 3 мың еуро төленбек. Аталған аймақтың ауасы таза.

Нидерланды, Утрехт

Нидерланды әлемге гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарды жетік меңгеруімен танымал. Олар бір қалада барлық тұрғындар мың доллар алған жағдайда, олардың өмірлерінің қалай өрбитіні туралы әлеуметтік зерттеу жүргізіп жатыр.

АҚШ, Небраска, Кертис

Әрқайсымыз жергілікті биліктің тұрғындар үшін ешнәрсе жасамайтынын айтып шағымданған шығармыз. Американың Кертис қалашығының билігі қаланы дамытуға арналған идея ұсынушыларға тегін жер телімін бермек.

Коннектикут, Нью-Хейвен

Нью-Хейвен – қалаға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарлама. Осы жерден бірінші рет үй сатып алсаңыз, сізге 10 мың доллар көлемінде қарыз ақша береді. Егер сол үйде бес жыл бойы тұрсаңыз, несиеңіз толықтай жабылады. Мұнымен қатар, үйіңізге жарықпен қамтамасыз ететін құрылғылар сатып алу үшін 30 мың доллар көлемінде қарыз ақша ала аласыз. Ал егер бұл үйде 10 жыл бойы тұрсаңыз, ақшаны қайтармасаңыз да болады.

Мэриленд, Балтимор

Бұл – Америкадағы атышулы қалалардың бірі. Сол себепті, мұнда келіп үй сатып аламын деушілерге 5 мың доллар көлемінде көмек ақша беріледі. Егер бұл жеткіліксіз болса, ескі үй сатып алып, соманы екі есе ұлғайтуыңызға болады.

Канзас штатының үлкен бөлігі

Канзас көшіп келушілердің барлығына ақша төлеуге дайын. Мысалы, Линкольн қаласында 3 500 адам тұрады. Келушілерге әдетте жер телімі тегін беріледі. Егер Линкольн қаласы тым үлкен болса, 600 тұрғыны бар Маркеттке көшіп баруыңызға болады. Мұнымен қатар, 5 жылға табыс салығынан босатып, 15 мың доллар көлеміндегі оқуыңыздың ақшасын жауып бере алады.

Манитоба, Пайпстоун

Канаданың Пайпстоун қаласында жер телімін тегін бермейді. Бірақ, олар үйіңізді бір жыл бойы салсаңыз, сізге жеңілдіктер ұсынбақ. Мұнымен қатар, жеке бизнесін бастаушыларға қала 32 мың канада доллары көлемінде ақша ұсынып отыр.

Тасмания, Матсайкер аралы

АҚШ пен Канада көңіліңізден шықпаса, Тасманияға қалай қарайсыз? Матсайкер аралында жұмыс пен тұрғылықты орындар беріледі. Қажет болса, метереологиялық құрылғылар тегін беріліп, арал жағасында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие боласыз. Әрине, қаладан жырақта тұруға келіссеңіз.

Жапония, Мисима

Сіз жалғызсыз ба? Олай болса, Мисимаға барыңыз. Бірақ, мұны алып қаламен шатастырмаңыз. Ауыл үш кішігірім аралдың маңында орналасқан. Ол жерде 400 адам тұрады. Көпшілігі зейнеткерлер. Мисима келушілерге 100 мың йен және ай сайын төлемақы ұсынады. Бұл жерде үш жатын бөлмесі бар үйді 23 мың йенге жалдап тұруыңызға болады. Мұнымен қатар, олар сізге сиыр береді. Тегін!

Тынық мұхитының оңтүстік жағалауы, Питкэрн аралы

Егер шулы ортадан жырақта өмір сүргіңіз келсе, Питкэрн аралына барыңыз. Бұл жерде небәрі 50 адам тұра алады. Сол себепті, әр келушіге жер телімі тегін беріледі. 2015 жылдан бері ол жерге бір ғана адам көшіп барған екен. Бәлкім бар мәселе аптасына үш рет қана жұмыс істейтін бір ғана дүкеннің болуында шығар. Егер сізге жағалауда тұрған ұнаса, сол жерге екінші адам болып көшіп баруыңызға болады.

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 3562
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11