Куаныш Едилханов: Кремлдің ғарыштағы жауапсыздығы туралы
Куаныш Едилханов: Кремлдің ғарыштағы жауапсыздығы туралы
Ресей спутникке қарсы қару сынаған, бұрыннан ұшып жүрген өздерінің ескі спутнигін атып түсірген. Сәтті өтті, ешкімге зияны тиген жоқ депті Шойгу. Шынымен де солай ма?
Жалпы бұл қаруды кезінде АҚШ та қолданып көріпті, ол да жерге жақын орбитадағы ескі спутнигін атып түсірген, ол бірнеше ірі бөлшектерге бөлініп, жерге құлап, атмосфераға енгеннен кейін жанып кеткен. Екі-үш жылдықта оны Қытай да сынап көрген, алайда оның бөлшектері космостық қоқысқа айналып, әуе кеңістігінде әлі де ұшып жүрген көрінеді.
Кешегі Ресейдің спутнигі де осындай космостық қоқысқа айналған. Атқан кезде ол мыңдаған ұсақ бөлшектерге бөлініп космосқа тарап кеткен. АҚШ бұған жауап ретінде, одақтастарымен келісе отырып, санкция салуы мүмкін екен. Мысалы ХКС станциясы секундына 8км жылдамдықпен жерді 90 минутта айналып шығады, онда астронавтар жұмыс жасап жатыр. Егер әлгі қоқыстың бір кішкентай бөлшегі ХКС корпусына тиетін болса онда катастрофа - ол корпусты тесіп өтіп разгерметизация жасайды, 8км жылдамдық оққа айналады, сондықтан олар әрбір 90 минут сайын станцияны тастап шығуға дайын отыруға мәжбүр көрінеді.
Мәселе мынада - қаруды сынамас бұрын, кім болса да, алдымен адамзат алдында жауапкершілікті сезінуі тиіс. Біреудің қару сынағанынан басқа адамзат баласы зардап шекпеуі керек. Авторитарлы елдерде ондай түсінік жоққа тән, олар қалайда артта қалып қоймау үшін бәріне даяр, артын жинап кету, қоқыс қалдырмау деген онда жоқ. Қару сынаған Ресейдің сол атқан спутнигі қайда, не болды дегенге беретін жауабы да жоқ, себебі оның салдарын бақылап отыратын құралдары жоқ, дамымаған. Шойгудың ешкімге зияны тиген жоқ дегені жәй айта салған әңгіме. Ал осыдан бірнеше жылдар бұрын сынақ жүргізген АҚШ сынақ алдында қатты дайындалған, әрбір бөлшектің атмосфераға еніп жанып кеткенін бақылап отырған, атқан кезде де оның ірі бөлшектерге бөлінуін жоспарлап сценарий дайындаған екен.
Енді санкцияға келейік. Ол тым қатаң болуы мүмкін деп болжанып отыр дейді. Мысалы енді Ресейге мүлдем ештеңе сатпау. Қосалқы бөлшектер, түрлі техника, екі мақсатта да пайдалану мүмкіндігі бар тауарларды мүлдем жолатпау, т.с.с. Оны кезінде көрерміз, әзірге белгілісі осы ғана.
ДәуренДәурен
2 жыл бұрын 1424
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11