Мамандар смартфонды қалай дұрыс қуаттау керегін айтты
Мамандар смартфонды қалай дұрыс қуаттау керегін айтты

Мамандар смартфонның аккумуляорын қалай пайдалану керектігін айтты. Смартфонның қуатын 100 пайызға жеткізу зиян болып шықты.

Адамдар әдетте смартфондарын түнгі уақытта қуаттағышқа қояды, бірақ, бұл аккумуляторға зиянын тигізеді. Ол 100 пайыз толғанда блоктар сөнеді. Сосын, құрылғы бірте-бірте қуатын жоғалта бастап, қайтадан қуатталады.

Ондай жағдайда аккумулятор кернеу режимін іске қосады. Соның салдарынан батарея ескіреді. Смартфонды қуаттауға 1,5-2 сағат жеткілікті. Сондықтан оны жұмыс істеп болғаннан кейін немесе дейін істеген жөн.

Аккумуляторды пайдаланудың негізгі ережесі – оны суықтан қорғап, құрылғының қызып кетуін болдырмау керек. Бұл аккумулятордың ғана емес смартфонның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мамандар телефонды 100 пайызға жеткізіп, толық қуаттамауға кеңес берді.
Оның ең оңтайлы қуаты – 40 -80 пайыз аралығында.

ДәуренДәурен
7 жыл бұрын 3115
0 пікір
Блог туралы
0
1481306 32 55 536 11