Маусымдық аллергиясы бар науқастарға коронавирус қауіпті ме?
Маусымдық аллергиясы бар науқастарға коронавирус қауіпті ме?

Аллерголог дәрігер Арман Байділовтың айтуынша, егер тыныс жолдары қабынған болса, коронавирус түскен кезде вирустық процесс өте тез дамуы мүмкін. Жаздың сәні көк шөп. Бірақ, көк шыққанда, гүлдегенде, тіпті шаң-тозаң көтерілгенде түшкіріп, дем жетпей қалатын жандар да бар арамызда. Маусымдық аллергиямен қалай күресуге болады? Бұл сауалға аллерголог дәрігер Арман Байділов "Qazaqstan" ұлттық телеарнасындағы "Теледәрігер" бағдарламасында жауап берді.

Кез-келген созылмалы ауруларға шалдыққан науқастарға коронавирус басқа науқастарға қарағанда ауыр болады. Сондықтан осы пациенттердің категориясы міндетті түрде сақтық шараларын ұстану қажет. Өйткені, аллергияның кейбір түрлері, маусымдық аллергия астма ретінде өтуі мүмкін. Ол біріншіден тыныс жолдарына әсер етеді. Егер тыныс жолдары қабынған болса, коронавирус түскен кезде вирустық процесс өте тез дамуы мүмкін, - дейді ол. Аллерголог-иммунолог D витаминінің пайдасы мен күнделікті қабылдау нормасына қатысты ойын білдірді.

Ең алдымен біздің иммунитетіміз үшін ең маңызды витаминдердің бірі – D витамині. Қазір жаз айлары басталғанымен, біздің еліміз орналасқан географиялық жағдайға байланысты күн сәулелері керекті мөлшерде түспейді. Сондықтан D витамині тапшылығына шалдыққан науқастар бізде өте көп. D дәруменінің профилактикалық және емдік мөлшері болады. Алдымен пациент зертханада қан тапсырып, ағзасындғы D дәруменінің деңгейін анықтау қажет. Егер тапшылық болса, дәрігердің есептеуімен емдік мөлшерін қабылдайды. Егер қан тапсыруға мүмкіндік болмаса профилактикалық дозада қабылдайды. Жаңа туған балалар 6 айға дейін тәулігіне 1 тамшы, яғни, 500 халықаралық бірлік (500ед); 6 айдан 12 айға дейін 2 тамшы-1000 бірлік; 1 жастан асқан балалар тәулігіне 3 тамшы-1500 бірлік жыл мезгіліне қарамастан қабылдау қажет. Үлкен адамдардың бойында D дәруменінің мөлшері кем дегенде 30 нг (нанограмм) болуы қажет, бірақ ол төмен деп есептеледі. Ең жақсы деңгей 60-70 нг құрайды, - деді дәрігер.

Еске сала кетейік, аллергияның негізгі симптомдары - тыныс алудың қиындауы, ринорея (мұрынның бітуі), түшкіру, тамақтың құрғауы немесе қышуы, көздің қызаруы, мұрын қуысының зақымдалуы. Егер осы симптомдар қайталана берсе, бірден аллерголог дәрігерге қаралу қажет.

Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ 
 baq.kz 

ДәуренДәурен
3 ай бұрын 602
0 пікір
Блог туралы
0
705141 30 54 107 10